Еліңнің қамын же — сана,
Есіліп кеңес айт — сана.
Бұқар жырау Қалқаманұлы туралы
Бұқар жырау — XVIII ғасырдағы қазақ жырауы, Абылай ханның ақылшысы әрі кеңесшісі. Толғауларында ел бірлігі, хан мен халық арасындағы қарым-қатынас, жоңғар шапқыншылығына қарсы күрес жырланады. Қазақ жыраулық поэзиясының көрнекті өкілі саналады.
Бұқар жырау Қалқаманұлы: басқа нақыл сөздері
- Екі жақсы дос болмас — сірне үстінде хаты бар, Ежелгі дұшпан ел болмас — көңілінде кір, даты бар.
- Ауылда адам бар болса — ауыл ада болмайды, Ел иесі бар болса — елі ала алмайды.
- Ел бастау қиын емес, Қонатын жерден көл табылады. Қол бастау қиын емес, Шабатын жерден ел табылады.
- Ер жігітке жарасар Қолына алған найзасы, Би жігітке жарасар Халқына тиген пайдасы.
- Тар пейілді кеңімес, Кең пейілді кемімес...
Билер мен жыраулар: басқа тұлғалар не деген
- Хан әділ болса — халық ынтымақты болады.
- Ата-жұрты бұқара Өз қолыңда болмаса, Қанша жақсы болса да, Қайратты туған ер ғаріп.
- Есендікте малыңды бер де, батыр жи, басыңа қиын-қыстау іс түссе, дұшпанның қолы жете алмас.
- Қоғалы көлдер, қом сулар — Қонысқа қонған өкінбес, Арыстандай екі бұтын алшайтып Арғымақ мінген өкінбес...
- Аларды біліп, бермегеннен без, Ел-жұрты қашып, ермегеннен без. Үйіне қонақ қонбағаннан без, Көптің айтқанына болмағаннан без!
- Ермен бірге ел азады, Тағындағы хан азады, Бабындағы би азады.
- Бүркіт бол, заманыңыз түлкі болса, Бай болар кедей жігіт мүлкі болса. Жақсылардың белгісі сол емес пе, Қара қылды қақ жарған әділ болса!
- Татулық болар береке, Қылмасын жұрт келеке, Араз болсаң алты ауыз Еліңе кірген әреке.
Басқа тұлғалардың қанатты сөздері
Майқы би
Асан Қайғы
Шалкиіз Тіленшіұлы
Доспамбет жырау
Төле би Әлібекұлы
Қазыбек би Келдібекұлы
Әйтеке би Байбекұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Ақтамберді Сарыұлы
Сырым Датұлы
Шал ақын Құлекеұлы
Дулат Бабатайұлы
Махамбет Өтемісұлы
Шернияз Жарылғасынұлы
Сүйінбай Аронұлы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы