Ата-жұрты бұқара
Өз қолыңда болмаса,
Қанша жақсы болса да,
Қайратты туған ер ғаріп.
Асан Қайғы туралы
Асан Қайғы — XIV–XV ғасырларда өмір сүрген жырау, ойшыл, Әз Жәнібек ханның кеңесшісі. Халық аңыздарында ел жайлы қоныс — Жерұйықты іздеген дана ретінде есте қалған. Оның толғаулары ел бірлігі мен тағдыры туралы терең ойларға толы.
Билер мен жыраулар: басқа тұлғалар не деген
- Хан — халықтың қазығы.
- Шағырмақ бұлт — жай тастар, әділ жігіт — ел бастар. Шешен жігіт — жол бастар, батыр жігіт — қол бастар.
- Жалғандай ойлап тұрсаң бірлік керек, Бірлікті ойлаған соң тірлік керек. Ағайынға ала көз бола қалсаң, Аузыңнан несібеңді біреу жемек.
- Өркенім өссін десең, кекшіл болма — кесапаты тиер еліңе; елім өссін десең, өршіл болма — өскеніңді өшірерсің.
- Атадан жақсы ұл туса, Елінің оңы болады. Атадан жаман ұл туса, Көшінің соңы болады.
- Ауылда адам бар болса — ауыл ада болмайды, Ел иесі бар болса — елі ала алмайды.
- Ел аман болсын, ылайым, Тілегім берді бәрін де, Разымын, құдайым.
- Мен ағайынды екеумін: біреуі — өзім, екіншісі — халқым.
Басқа тұлғалардың қанатты сөздері
Майқы би
Асан Қайғы
Шалкиіз Тіленшіұлы
Доспамбет жырау
Төле би Әлібекұлы
Қазыбек би Келдібекұлы
Әйтеке би Байбекұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Ақтамберді Сарыұлы
Сырым Датұлы
Шал ақын Құлекеұлы
Дулат Бабатайұлы
Махамбет Өтемісұлы
Шернияз Жарылғасынұлы
Сүйінбай Аронұлы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы