Ағаң келсе — ардақтап атын байлағандай, қонағың келсе — құрметтеп, көңілін жайлағандай тындырымды іс атқарғанға не жетсін!
Әйтеке би Байбекұлы туралы
Әйтеке би — XVII ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген Кіші жүздің әйгілі биі, шешені. Тәуке хан тұсында Төле би, Қазыбек бимен бірге «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасауға қатысқан. Әділ билігі мен ұтқыр сөздері арқылы халық жадында сақталған.
Әйтеке би Байбекұлы: басқа нақыл сөздері
- Бүркіт бол, заманыңыз түлкі болса, Бай болар кедей жігіт мүлкі болса. Жақсылардың белгісі сол емес пе, Қара қылды қақ жарған әділ болса!
- Атадан жақсы ұл туса, Елінің оңы болады. Атадан жаман ұл туса, Көшінің соңы болады.
- Ел болмас елдің төбесіне ту тұрақ болмас, Ел болмас елдің төресіне тәж тұрақталмас.
Билер мен жыраулар: басқа тұлғалар не деген
- Хан — халықтың қазығы.
- Шағырмақ бұлт — жай тастар, әділ жігіт — ел бастар. Шешен жігіт — жол бастар, батыр жігіт — қол бастар.
- Жалғандай ойлап тұрсаң бірлік керек, Бірлікті ойлаған соң тірлік керек. Ағайынға ала көз бола қалсаң, Аузыңнан несібеңді біреу жемек.
- Өркенім өссін десең, кекшіл болма — кесапаты тиер еліңе; елім өссін десең, өршіл болма — өскеніңді өшірерсің.
- Ауылда адам бар болса — ауыл ада болмайды, Ел иесі бар болса — елі ала алмайды.
- Ел аман болсын, ылайым, Тілегім берді бәрін де, Разымын, құдайым.
- Мен ағайынды екеумін: біреуі — өзім, екіншісі — халқым.
- Қона берсе, жерің тозар, Шаба берсе, елің азар, Жасай берсе, ерің азар, Ерің азған кезінде — елің азар.
Басқа тұлғалардың қанатты сөздері
Майқы би
Асан Қайғы
Шалкиіз Тіленшіұлы
Доспамбет жырау
Төле би Әлібекұлы
Қазыбек би Келдібекұлы
Әйтеке би Байбекұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Ақтамберді Сарыұлы
Сырым Датұлы
Шал ақын Құлекеұлы
Дулат Бабатайұлы
Махамбет Өтемісұлы
Шернияз Жарылғасынұлы
Сүйінбай Аронұлы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы