Алпыс екі мәуелі шынар ағаш,
Ағашқа біткен бұтақ жалғас-жалғас.
Және де екі тесік бір мешітте,
Қаланған кірпіші бар іргесінде.
Бір әйнек шыны да емес, темір де емес,
Жасауы сынып кетсе, қолдан келмес.
Жұмбағым тез ойланып тауып берші,
Сен дағы жігіт едің өзім теңдес.
Шешуін көру
Шешуі: Адамның жаратылысы
Адам және оның дене мүшелері туралы жұмбақтар
- Бір «әліп» мұнарадай көзім көрген…
- Бір таудың алпыс сегіз саласы ба�…
- Ағады алпыс екі бұлақ бір қайнардан…
- Меккеде бір ағаш бар түбі жуан…
- Бір таудың айналасы жеті тесік…
- Қос әйнек шыны да емес, темір де емес…