Алтауы ала қасқыр, алтауы қара қасқыр,
Біріккен он екісі қара басқыр.
Жиылып бір тырнаны бәрі жеген,
Көрейік ол тырнаны жақындастыр.
Бір сирағы тырнаның, ей, жамағат,
Үйге тіреу болғандай алты қанат.
Сол үйдің үлкендігі сондай екен,
Артылар алты нарға қаттап қабат.
Ол нарды кіші десең, ей, жарандар,
Бір үлкен бәйтеректің басын шалар.
Бітіпті сол бәйтерек құба жонға,
Түбінен ерте ұшқан бір тұрымтай,
Басына кешке қонар әрең зорға.
Демеңіз күнді қысқа тағы нашар,
Семіз бар таңдағанға көңіл ашар.
Әреңмен кешке барып бұзаулайды,
Болғанда таң мезгілі қашқан қашар.
Шешуін көру
Шешуі: Алты ала қасқыр – алты ай қыс, алты қара қасқыр – алты ай жаз, бір тырна – бір жыл, бір сирағы – жарты жыл, алты нар – алты ай, бәйтерек – бір ай, тұрымтай – туған ай, қашар – шыққан күн
Мезгіл, уақыт туралы жұмбақтар
- Базардан бір текемет алдым сатып…
- Келеді үлкен алып аузын ашып…
- Руымыз Әнжан…
- Түбі мықты жаралған сегіз баты�…
- Бір жансыз жолбарыс бар екі тілді…
- Басына биік таудың бітеді раң…