Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қазақ жұмбақтары шешуімен

Қазақ халқының жұмбақтары шешуімен: табиғат, жан-жануар, үй бұйымдары, адам туралы. Әр жұмбақтың жеке беті бар — алдымен өзіңіз ойланып, сосын шешуін ашыңыз. Барлығы: 2 264. 14-бет, барлығы 23 бет.

  1. Бастайды көп жыланды бір көк жылан, / Бір нәрсе жыландармен соғыс қылған. / Көк жылан бір нәрсеге көнек болып, / Тауысып барлығын да тыныш қылған.
  2. Сүйрей, сүйрей сүйреткімді жоғалттым.
  3. Пісіп алса, ілінбейді, / Қайта тартса, ешнәрсе ілінбейді.
  4. Ін қазып тұмсығымен жып-жып еткен, / Арқаны жүреді артта қалмай ерткен. / Жыбырлап істегені тез өнеді, / Іс қылып алғыс алар талай көптен.
  5. Екі басты жалмауыз, / Кейіп аузын ашады. / Алдына түскен нәрселер / Өзінен-өзі қашады.
  6. Бір әйеки құс екі қанатының / Ұшында екі көзі бар, / Анжал-манжалды өзі алып жей алмайды.
  7. Тіс деген жоқ, ерні өткір, / Қазықтаулы көмейі. / Қан шығармай өмірде бір, / Өлтіреді, жемейді.
  8. Бар екен бір жансыз зат сиыр тұмсық, / Матаның күнде жейді басын қыршып. / Матаның жеген сайын басын қыршып, / Артынан түбіт тұрар қыл-қыбыршық.
  9. Бір нәрсе өзі жансыз жоқ қой жаны, / Бір тарау ортасында байлағаны. / Өзі жансыз жандының себебімен, / Қалады жерге түсіп шайнағаны.
  10. Бір нәрсе үш аяқты сүйір тұмсық, / Жейді екен бір жайынның басын қыршып. / Жесе де ол жайынның тояры жоқ, / Қарасаң ішін ашып, шөп пен қылшық.
  11. Қолымда бір құсым бар екі басты, / Аяғын басқан кезде нәрсе қашты. / Аузын аждаһадай ашқан кезде, / Өлектеп атып тастар ішкен асты.
  12. Жарқылдаған қос қылыш, / Қолға тисе, жоқ тыныш.
  13. Сызылған жолға түседі, / Бойына шақ қып пішеді.
  14. Екі темір бірігіп, / Кесіп, пішіп береді. / Екеуі бірге жүрмесе, / Жоқ қой бізге керегі.
  15. Бір шұқырда мың шұқыр.
  16. Мылжа басты, / Мың көзді.
  17. Адамға сонша пайдалы, / Басында сансыз көзі бар.
  18. Бір атым бар өзі өте шабан, / Бірден артық мінбейді оны адам, / Қамшылап күні бойы тебінсем де / Япыр-ай жылжымайды төрт-бес қадам.
  19. Қыл-қыбыр да жүн қыбыр, / Жұла берсе, жарасар. / Екі мұртын қайырып, / Ұра берсе, жарасар.
  20. Қылмаң-қылмаң етеді, / Қаға берсең, жарасар. / Екі жағын жапырып, / Ұра берсең, жарасар.
  21. Жүріп келем, жүріп келем, / Екі етекті қусырып ұрып келем.
  22. Қосақтап серпе бердім, / Соңынан жорта бердім.
  23. Жыңғыл тақтым жұртыңа, / Жылпылдап бұтыңа. / Әне-міне дегенше, / Өте шықтым сыртыңа.
  24. Өзен бойын өрледім, / Су таба алмай шөлдедім. / Оң қолымдағы найзаны / Олай-бұлай сермедім.
  25. Ұзын-ұзын жолдар бар, / Үйрек қонар көлдер бар. / Ат үстінде шоқиып, / Отыратын күндер бар.
  26. Сиыр сойдым жұртыма, / Сымпылдаттым бұтыма.
  27. Мамық, шуаш иісті, / Шыр айналып жіп болар. / Тоқыса, жылылығы күшті / Ағашқа құйындап оралар.
  28. Шым шиедей қотыр.
  29. Бір нәрсе өзі түкті шұбар ала, / Сипаты бек асып тұр, көрсең, жаңа. / Ішінде шығар жері қиын екен, / Егер де қолға түссе, болар пана.
  30. Бір нәрсе менен биік, / Кейде менен аласа. / Мұндай қызық дүниеде, / Көріп пе едің тамаша.
  31. Атамдікі – шошақ, / Апамдікі – жалпақ.
  32. Төрттен қосқан басы бар, / Маңдайында шашы бар. / Өзің көрген баяғы, / Салпылдайды сабағы.
  33. Дөп-дөңгелек басы бар, / Маңдайында шашы бар. / Өзің көрген баяғы, / Сапылдайды сабағы.
  34. Ашамайды арта салдым, / Айыл жібін тарта салдым.
  35. Жансызға бітеді екен құйрық қанат, / Адамнан қалмаймын деп етер талап. / Ішінде қанатының екі жіп бар, / Не нәрсе бұл айтқаным, тезірек тап.
  36. Үшеуі салпы, / Бірі таңқы.
  37. Алды ұзын, арты қысқа, / Беттері өзіне сай әрбір тұста, / Суықта да, жылыда да пана болар, / Таппасаң, басыңдағыны қолыңа ұста.
  38. Басы жоқ, құсқа біткен екі қанат, / Адамнан қалмаймын деп қылдым талап. / Ішінде қанатының екі жіп бар, / Не нәрсе бұл айтқаным, тезірек тап.
  39. Керегесі тыртық, уығы қысқа, / Керек болған үй екен біздің тұсқа. / Отарға мал айдасам, жолға шықсам, / Үйімді тігіп жүрем жазда, қыста.
  40. Шылдыр-шылдыр жүгенім, / Сұлу қара құнаным. / Көлеңкесі көсіктей, / Ауырлығы асықтай.
  41. Сылдыр-сылдыр кісенім, / Сылдырлайды кісенім, / Құлағында құлпы жоқ, / Құдіретті кісенім.
  42. Сұлу-сұлу құнаным, / Сылдырлаған жүгенім, / Аяз күнде мінбеген, / Аяғы жерге тимеген.
  43. Құйын, құйындікі түйін.
  44. Биік таудың басында қара лашық, / Түңлік жабық болғанмен есік ашық, / Қайда жүрсең қажетің соған түсіп, / Құтылмассың керексіз деп одан қашып.
  45. Бір жануар бар екен өзі сұсты, / Себеппен ортасында сызық түсті. / Бір жігітті тұрады буындырып, / Дүниеде көрмедім ондай күшті.
  46. Жайсам, жамшыдай, / Жапсам, қамшыдай.
  47. Күрке ғой көрсең алыстан, / Астында адам қорғалар. / Ұстасаң бір тал қамыстан, / Төбеден суы сорғалар.
  48. Япырмай, отау көрдім есігі жоқ, / Өзінің күн түсетін тесігі жоқ. / Көтерген шаңырақты жалғыз бақан, / Уығының байлауы бар, шешуі жоқ.
  49. Талтаймашқа мен талтайдым, / Талтаймаш маған талтайды.
  50. Таңертең тұрдым, / Айырыма міндім.
  51. Күндіз толады, / Түнде солады.
  52. Азанда тұрдым, / Екі сайды қудым.
  53. Ерте тұрдым, / Екі айыр жолға түстім.
  54. Тұла бойы тыста, / Екі қолы іште.
  55. Қара үй, / Қара үйдің ішінде ақ үй, / Ақ үйдің ішінде бес бала, / Бесеуінің қолында бес айна.
  56. Үлкен үй, / Үлкен үйдің ішінде кіші үй, / Қоян сүйегі.
  57. Барады, барады, / Аузын ашып қалады.
  58. Аузы аңқайып қалады, / Босағада тұрады.
  59. Сырты қара, іші қызыл, / Сұғып алсаң, жып-жылы.
  60. Шалқасынан салдым, / Малып-малып алдым.
  61. Ерте тұрдым, керек қылдым, / Қажетімді өтеп алып, / Босағаға тастадым.
  62. Он екі тесігі бар, жалғыз тілі, / Жып-жылтыр, сыртында жоқ тіпті міні. / Көтерер адамзатты қиналмай-ақ, / Жоқ екен күштілікке ешбір кемі. / Сап алар аузын буып қапшығына, / Өзінде дайын екен арқан жібі.
  63. Ағайынды төрт кісі / Бір қалпақты киеді. / Төрт кісіні төрт жерден / Төрт ғашығы сүйеді.
  64. Күні бойы сен оны / Екі аяқтап аласың. / Жатар кезде өзіңнен / Аулақтатып қашасың.
  65. Қалада бір нәрсе бар, он сайы бар, / Жігітке пайда болар бір жайы бар.
  66. Бес ін, / Бес іннің аузы бір ін.
  67. Көсеуді бесеуге сұқтым.
  68. Жүндіге жүнсіз кіреді.
  69. Дөңгелек айналасы, төртеу көзі, / Сөйлейтін ешбір хабар жоқ-ты сөзі. / Нәрсені қашық тұрған жақындатып, / Жібермей ұстап тұрар мықтап өзі.
  70. Жырығыңа жұмалағым.
  71. Жүнсіз қолым жүнді жеңге кірді.
  72. Не нәрсе жұдырықтай дөп-дөңгелек, / Ішінде бөлмесі бар бөлек-бөлек. / Бөлмесіне көп түлік еркін сияр, / Қабаттап айдап тықсаң ептеңкіреп.
  73. Бір нәрсе қолға жұмсақ былқылдайды, / Аузында екі тісі жылтылдайды. / Салуға өзге нәрсе бұйрығы жоқ, / Арнап салған нәрсеге жыртылмайды.
  74. Кірт етіп кіріп кетті, / Сырт етіп шығып кетті.
  75. Өздігінен бата алмас, / Адам өмірімен қатарлас. / Ол болмаса пендеңіз, / Тіршілік өмір жасамас.
  76. Артында құйрығы бар, / Төреден бұйрығы бар.
  77. Қара бием қалт етті, / Қабырғасы жалт етті.
  78. Алдын ойпар, / Жанын жайпар.
  79. Жалғанда бір нәрсе бар боз құнандай, / Өзінің ұзындығы оқ жыландай. / Жапырып шөпті бұзып кетеді екен, / Өзінен кейінгіге жол қылғандай.
  80. Жаһанда бір айдаһар иір тілді, / Серуендеп сахараға серуен құрды. / Нақақтан өз басына пайдасы жоқ, / Алдына бет келгеннің бәрін қырды.
  81. Ұзын-ұзын із кетті, / Ұзын бойлы қыз кетті, / Қабырғасы қалт етті, / Омыртқасы жалт етті.
  82. Өзі бүкір, / Бүтін қырды таусады. / Қырдан қайтып, / Үйде бір жыл жатады.
  83. Көк өгізім көл жапырып бара жатыр.
  84. Тісі көп, аузы жоқ.
  85. Басы жоқ, екі беті, тісі бар, / Қақ бөлер бөренені күші бар.
  86. Елу аяқты, / Екі қолды. / Салады елу аяқпен / Жалғыз жолды.
  87. Бас аяғы теп-тегіс боп біткен, / Селкілдесе, денесі дір-дір еткен. / Өзіне қандай жуан кез келсе де, / Күшімен қақ айырып бөліп кеткен.
  88. Қаңылтыр қара мейіз, мыстан шеге, / Келбеті бұл жұмбақтың келер неге?
  89. Тізіле өскен тісі бар, / Көп істеген ісі бар.
  90. Жетпіс аяқ бауырында, / Екі қолы жауырында, / Тындырады істі ол, / Жеңілін де, ауырын да.
  91. Бір итім бар қабаған, / Маңдайына темір жамаған.
  92. Тоғайға барса, ауылға қараған, / Ауылға қайтса, тоғайға қараған.
  93. Жансыз жарады, / Жанды ұрады.
  94. Кішкене ғана келіншек, / Төбесінде түйіншек.
  95. Тістегені түспейді, / Отқа салсаң, піспейді.
  96. Ыстықты да ұстайды, / Суықты да ұстайды. / Егер бұйрық болмаса, / Еш нәрсені қыспайды.
  97. Болғанда жалпақ табан, жалғыз тісі, / Қолында адамзаттың барлық күші. / Үстінен бірер қабат жүріп кетсе, / Нәрсенің астындағы кірер түсі.
  98. Үй артында бүкір терек, / Күресуге кісі керек.
  99. Тәует бауыр, / Бота тірсек.
  100. Үй артында жауыр бұқа.

Ауыз әдебиеті