Ынсап, ұят, адалдық, тұрақтылық,
Адамдыққа ұласар көрік қылық.
Жүсіпбек Аймауытұлы туралы
Жүсіпбек Аймауытұлы — қазақ жазушысы, драматург, аудармашы, педагог әрі Алаш зиялыларының бірі. «Ақбілек», «Қартқожа» романдарын, пьесалар мен психология, тәрбие жайлы еңбектер жазды. 1931 жылы қуғын-сүргін кезінде атылды.
Жүсіпбек Аймауытұлы: басқа нақыл сөздері
- Оқу, білім — жанған шырақ, ойласаң, Үйренерсің, іздеп көрсең, қоймасаң. Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал, Пайда аларсың, қаужанарсың, тоймасаң.
- Жалынды сөз — жалынды жүректен шығады.
- Туған ауылын, жерін сүймеген адам ұлтшыл да бола алмайды.
- Қазағым, қақтықпа, қамалма! Ел болар қамыңды амалда! … Ұйымдас, ұрандас, жағалас! Сен де мін бабаңның тағына!
- Ұраным, қорғаным, сен Алаш! Жолыңа құрмалдық мал мен бас! Өнер тап, өрге шап, қару ат, Аллалап алға бас, ал Алаш!
Ағартушылар мен Алаш зиялылары: басқа тұлғалар не деген
- Біздің халқымыздың шығыстық үлгілерден гөрі, үнді-герман эпосына жақындау бай ауыз әдебиеті бар.
- Халық мектептері үшін ең керектісі — мұғалім. Тамаша жақсы педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, әбден мұқият түрде жүргізілетін инспектор бақылауы да мұғалімге тең келе алмайды.
- Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат, Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат. Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік Ер табылса жарайды, қылса сұхбат.
- Ей, көп халық, көп халық — көп те болса, шөп халық.
- Ұлтына, жұртына қызмет ету — білімнен емес, мінезден.
- Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы — тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады, өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады.
- Кемшіліксіз халық жоқ.
- Сүйемін туған тілді — анам тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім! Шыр етіп жерге түскен минутымнан Құлағыма сіңірген таныс үнін.
Басқа тұлғалардың қанатты сөздері
Майқы би
Асан Қайғы
Шалкиіз Тіленшіұлы
Доспамбет жырау
Төле би Әлібекұлы
Қазыбек би Келдібекұлы
Әйтеке би Байбекұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Ақтамберді Сарыұлы
Сырым Датұлы
Шал ақын Құлекеұлы
Дулат Бабатайұлы
Махамбет Өтемісұлы
Шернияз Жарылғасынұлы
Сүйінбай Аронұлы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы