Біздің халқымыздың шығыстық үлгілерден гөрі, үнді-герман эпосына жақындау бай ауыз әдебиеті бар.
Шоқан Уәлиханов туралы
Шоқан Уәлиханов — қазақтың алғашқы ғалымы, тарихшы, этнограф, географ әрі саяхатшы. Орта Азия мен Шығыс Түркістан халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеп, Қашғарияға сапар жасаған. Қазақ ауыз әдебиеті мен салт-дәстүрін ғылыми тұрғыдан алғаш зерттегендердің бірі.
Шоқан Уәлиханов: басқа нақыл сөздері
- Қазақ халқы — ең бір бейбіт халықтардың бірі.
- Қазақ жырын еуропалық рапсодияға ұқсатуға болады.
- Өлеңдер, әпсаналар, мақалдар мен мәтелдер далалық тіршілікті қазақ халқының өмірін жырдай ғып жарқыратып көрсету мақсатымен арнайы жазылған кез келген кітаптан артық ғажап етіп көрсете алады.
- Қазақтардың ұлттық әуендерінің табиғатынан, сөз жоқ, ұланғайыр ұлы даланың, желмен жарысқан жүйрік һәм сұлу тұлпарлардың, таңғажайып көркем әйелдердің әсері сезіледі.
- Қазақ поэзиясы — соны, жалықтырмайды және отырықшы халықтарға тән сан алуан жасанды тәртіп-ережелерден мүлдем ада.
- Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін, ең алдымен, азаттық пен білім керек.
- Қазақтар өз дауларын әдетте сырттан шақыртылған билерге, мүлдем бейтаныс адамдарға шешкізгенді ұнатады.
Ағартушылар мен Алаш зиялылары: басқа тұлғалар не деген
- Мал, дәулеттің байлығы — Бір жұтасаң, жоқ болар. Оқымыстың байлығы — Еш жұтамақ жоқ болар.
- Керек іс бозбалаға — талаптылық, Әртүрлі өнер, мінез, жақсы қылық.
- Ұры, қары, қу, сұмның жан жолдасы, Қазақ қайтіп ел болар, қарағым-ау.
- Жалпақ жұрттың көкірегінде жақсылық болмаса — жұрт жұрт болып тіршілік құра алмақ емес.
- Тілдің міндеті — ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түйін түйгенінше айтуға жарау.
- Қазақтың халық пайдасы деген іске шегініп тұратыны жаман.
- Туған ауылын, жерін сүймеген адам ұлтшыл да бола алмайды.
- Ана тілі қайнаған қанның, қиналған жанның, толғантқан көңілдің, лүпілдеген жүректің сығындысы, онда дәм де, мән де болу керек.
Басқа тұлғалардың қанатты сөздері
Майқы би
Асан Қайғы
Шалкиіз Тіленшіұлы
Доспамбет жырау
Төле би Әлібекұлы
Қазыбек би Келдібекұлы
Әйтеке би Байбекұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Ақтамберді Сарыұлы
Сырым Датұлы
Шал ақын Құлекеұлы
Дулат Бабатайұлы
Махамбет Өтемісұлы
Шернияз Жарылғасынұлы
Сүйінбай Аронұлы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы