Ұлтына, жұртына қызмет ету — білімнен емес, мінезден.
Әлихан Бөкейханов туралы
Әлихан Бөкейханов — қазақ қоғам қайраткері, ғалым, публицист, Алаш партиясының көсемі және Алашорда үкіметінің төрағасы. «Қазақ» газетінің ұйымдастырушыларының бірі болып, қазақ жері мен ел болашағы туралы көп мақала жазды. 1937 жылы қуғын-сүргін кезінде атылды.
Әлихан Бөкейханов: басқа нақыл сөздері
- Жұрт ісін түс көрмей, ояу жүріп іздеу — мақсат.
- Жалпақ жұрттың көкірегінде жақсылық болмаса — жұрт жұрт болып тіршілік құра алмақ емес.
- Жұрт пайдасына таза жолмен тура бастайтын ер табылса, қазақ халқы соңынан ерер еді.
- Елдің тұрмысын, тілін, мінезін білмеген кісі көш басын да алып жүре алмайды.
- Әкім халықтың көбіне сүйенсе, күшті болады.
- Ел берекесінің кетуінің түпкі себебі — қазақта бірліктің жоқтығы.
- Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса — халықтық мақсат сонда орындалады.
Ағартушылар мен Алаш зиялылары: басқа тұлғалар не деген
- Қазақ жырын еуропалық рапсодияға ұқсатуға болады.
- Мал, дәулеттің байлығы — Бір жұтасаң, жоқ болар. Оқымыстың байлығы — Еш жұтамақ жоқ болар.
- Керек іс бозбалаға — талаптылық, Әртүрлі өнер, мінез, жақсы қылық.
- Ұры, қары, қу, сұмның жан жолдасы, Қазақ қайтіп ел болар, қарағым-ау.
- Тілдің міндеті — ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түйін түйгенінше айтуға жарау.
- Қазақтың халық пайдасы деген іске шегініп тұратыны жаман.
- Туған ауылын, жерін сүймеген адам ұлтшыл да бола алмайды.
- Ана тілі қайнаған қанның, қиналған жанның, толғантқан көңілдің, лүпілдеген жүректің сығындысы, онда дәм де, мән де болу керек.
Басқа тұлғалардың қанатты сөздері
Майқы би
Асан Қайғы
Шалкиіз Тіленшіұлы
Доспамбет жырау
Төле би Әлібекұлы
Қазыбек би Келдібекұлы
Әйтеке би Байбекұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Ақтамберді Сарыұлы
Сырым Датұлы
Шал ақын Құлекеұлы
Дулат Бабатайұлы
Махамбет Өтемісұлы
Шернияз Жарылғасынұлы
Сүйінбай Аронұлы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы