Қазақ халқы қарапайым, бірақ біз қарапайымдылықтың өзінен де көп жақсылық табамыз.
Ыбырай Алтынсарин туралы
Ыбырай Алтынсарин — қазақтың ағартушысы, педагогы, жазушысы. Қазақ даласында алғашқы мектептер мен училищелер ашып, ана тілінде оқулықтар мен хрестоматия құрастырған. Балаларға арналған әңгімелері мен өлеңдері арқылы еңбекке, білімге, адамгершілікке баулыған.
Ыбырай Алтынсарин: басқа нақыл сөздері
- Мал, дәулеттің байлығы — Бір жұтасаң, жоқ болар. Оқымыстың байлығы — Еш жұтамақ жоқ болар.
- Береке кеткен елдерде Күн қысқарса керек-ті.
- Азған елдің түбіне тақсыр жетер...
- Имансыз еткен жақсылықтың пайдасы жоқ. Мәселен, біреу намаз оқыса да, ол намаздың керектігіне көңілі сенбесе, әлбетте ол намаз болып табылмайды.
- Еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі өзгеше болады.
- Қазақтарға — осы дарынды, ақыл-есі мол халыққа — кешікпей рухани және қоғамдық даму жолына түсетін дұрыс бағыт беру, қалай дегенмен де аса қажет болып отыр.
- Қазақ халқы азбаған халық, оның талабы біреу салып берген тар шеңбердің қыспағына сыя алмайды; оның ой-пікірі еркін; оның келешегі үшін оған тек сана-сезім жағынан жалпы білім мен пайдалы өнерді үйрену керек болып отыр.
- Менің ойымша, көңілдің хошы, бақыт дегеннің бәрі де ата-бабаның өмір сүрген және жерленген жерінде, туған ошағыңның басында жақсырақ, ал қайғы дегеннің қандайы да, тіпті, ажалдың өзі де сол жерде жеңіл болатын сияқты...
Ағартушылар мен Алаш зиялылары: басқа тұлғалар не деген
- Қазақ халқы — ең бір бейбіт халықтардың бірі.
- Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек, Әр нәрсеге өзіндей баға бермек. Таразы да, қазы да өз бойыңда, Наданның сүйенгені — көппен дүрмек.
- Қазаққа сыншылық керек.
- Жұрт ісін түс көрмей, ояу жүріп іздеу — мақсат.
- Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады.
- Қазақта жазылмайтын бір ауру бар — Келмейді мінін айтсаң жаратқысы.
- Оқу, білім — жанған шырақ, ойласаң, Үйренерсің, іздеп көрсең, қоймасаң. Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал, Пайда аларсың, қаужанарсың, тоймасаң.
- Лайық ел болуға ісің бар ма, Намыс, ғылым, ынтымақ, күшің бар ма.
Басқа тұлғалардың қанатты сөздері
Майқы би
Асан Қайғы
Шалкиіз Тіленшіұлы
Доспамбет жырау
Төле би Әлібекұлы
Қазыбек би Келдібекұлы
Әйтеке би Байбекұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Ақтамберді Сарыұлы
Сырым Датұлы
Шал ақын Құлекеұлы
Дулат Бабатайұлы
Махамбет Өтемісұлы
Шернияз Жарылғасынұлы
Сүйінбай Аронұлы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы