Қарғадан қарға туар қарқылдаған,
Жаманнан жақсы туар жарқылдаған.
Дегендер «мен жақсымын» толып жатыр,
Пайдасы өз басынан артылмаған.
Сүйінбай Аронұлы туралы
Сүйінбай Аронұлы — Жетісу өңірінің әйгілі ақыны, айтыскер жырау. Қатағанмен айтысы қазақ айтыс өнерінің үздік үлгілерінің бірі саналады. Жамбыл Жабаев оны өзінің ұстазы деп білген.
Сүйінбай Аронұлы: басқа нақыл сөздері
- Ақымақ жігіт белгісі — аз күнгі баққа алқынар.
- Біз — қайық, бұл дүние — түпсіз терең.
- Ер жігіт — ел-жұртының панасындай, Жақсы әйел әммә жұрттың панасындай. Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ, Көреді бәрі де оны баласындай.
- Кетпеңдер өне бойы дүние қуып...
- Жаманның көкірегі — көр, көзі — соқыр...
- Қолдағыға қанағат-шүкір қылмасаң, Болады бар да — арманда, жоқ та — арманда.
Билер мен жыраулар: басқа тұлғалар не деген
- Жетесіз жігіт — ел қадірін білмес, некесіз әйел — ер қадірін білмес.
- Айдын сулар, аймақ көл — Тасыса дөңбек келтірер. Көп өтірік, жаман сөз — Басыңа бәле келтірер.
- Бейбіт елде — сән бөлек, бүлінген елде — дау бөлек. Тұсау — ат сақтайды, ат — ер сақтайды, ер — жер сақтайды.
- Басына іс түскен пақырға қастық қылма, қайғысы көшер басыңа. Бүгін сағы сынды деп, жақыныңды басынба!
- Ел болмас елдің төбесіне ту тұрақ болмас, Ел болмас елдің төресіне тәж тұрақталмас.
- Ел бастау қиын емес, Қонатын жерден көл табылады. Қол бастау қиын емес, Шабатын жерден ел табылады.
- Ағайының көп болса — ұлы шерік қолмен тең, Білімді туған жақсылар — аз да болса көппен тең.
- Халық — көл, Хан — құс.
Басқа тұлғалардың қанатты сөздері
Майқы би
Асан Қайғы
Шалкиіз Тіленшіұлы
Доспамбет жырау
Төле би Әлібекұлы
Қазыбек би Келдібекұлы
Әйтеке би Байбекұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Ақтамберді Сарыұлы
Сырым Датұлы
Шал ақын Құлекеұлы
Дулат Бабатайұлы
Махамбет Өтемісұлы
Шернияз Жарылғасынұлы
Сүйінбай Аронұлы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы