Күн көреді әкесіз де анасыз,
Өмір сүрер әйелсіз де баласыз.
Ал Отансыз — нағыз сорлы панасыз!
Мұқағали Мақатаев туралы
Мұқағали Мақатаев — XX ғасырдағы қазақ поэзиясының көрнекті ақыны. Отан, туған жер, махаббат пен адам тағдыры туралы лирикасымен халық жүрегіне жол тапты. «Райымбек! Райымбек!» поэмасының авторы, Данте мен Шекспир шығармаларын қазақ тіліне аударды.
Мұқағали Мақатаев: басқа нақыл сөздері
- Қазаққа мақтансын деп жер бермеген, Жерінің кеңдігіндей сабыр берген.
- Оңай сөз ғой «Отанды сүйем» деген, Іс тынбайды «жанамын, күйем» менен... Өгей әке емес қой Отан деген, Отанды мен Атамдай иемденем.
- Екі Отан жоқ. Жалғыз Отан — мекенің!
- Отанды сүймеуің де күйік екен, Отанды сүйгенің де күйік екен...
- Қарыздармыз біз Отанға, барымызды берерміз, Қарыздармыз біз Отанға, қарыздар боп өлерміз.
- Ал екінші бақытым — тілім менің, Тас жүректі тіліммен тілімдедім. Кей-кейде дүниеден түңілсем де, Қасиетті тілімнен түңілмедім...
- Доссызбын деп айта алман халқым барда. Саясында хақым бар салқындауға. Қарғамаса болғаны халқым мені, Айналмаса болғаны нарқым дауға...
XX ғасыр ғалымдары мен жазушылары: басқа тұлғалар не деген
- Ел болам десең, бесігіңді түзе.
- Бұл кездегі басты ауру — өз халқына өзі сенбеу. Өз халқымыздың момындығына, енжарлығына сүйеніп, үнемі өтірік айту.
- Отбасының өнегесі — Отан өнегесі.
- Қазақ халқы жиырмасыншы ғасырдың бүкіл өне бойында өзге халықтар түсінде көрсе шошып оянардай қасіретті оқиғаларды бастан кешірді. Мен өз халқымның көнбеске көніп, шыдамасқа шыдай алатын қайратына қайран қаламын!
- Ана тіліміздің мәртебесін көтеру — басқа тілдердің жолын кесіп, бағын байлау емес. «Өзің өлме — өзгені де өлтірме» деген сөз.
- Нағыз қазақ — қазақ емес, нағыз қазақ — домбыра.
- Кешіре біл ағайынды суысқан, Ел бақытты, — сен жымисаң, Туысқан!
- Қазақтың жерін кең қылып берген тағдыр соған байланысты сорын да аз қылып бермеген.
Басқа тұлғалардың қанатты сөздері
Майқы би
Асан Қайғы
Шалкиіз Тіленшіұлы
Доспамбет жырау
Төле би Әлібекұлы
Қазыбек би Келдібекұлы
Әйтеке би Байбекұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Ақтамберді Сарыұлы
Сырым Датұлы
Шал ақын Құлекеұлы
Дулат Бабатайұлы
Махамбет Өтемісұлы
Шернияз Жарылғасынұлы
Сүйінбай Аронұлы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы