Үш жүзге біздің қазақ бөлінеді,
Осылай шежіреден көрінеді.
Міржақып Дулатұлы туралы
Міржақып Дулатұлы — қазақ ақыны, жазушы, публицист әрі Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері. 1909 жылы жарық көрген «Оян, қазақ!» жинағымен халықты оқуға, бірлікке шақырды, «Бақытсыз Жамал» романын жазды. Қуғын-сүргін құрбаны болып, 1935 жылы лагерьде қайтыс болды.
Міржақып Дулатұлы: басқа нақыл сөздері
- Қазақта жазылмайтын бір ауру бар — Келмейді мінін айтсаң жаратқысы.
- Кемшіліксіз халық жоқ.
- Қазақтың халық пайдасы деген іске шегініп тұратыны жаман.
- Мақсатым — халық түзетпек.
- Күн көреміз қайда барып, Алашым, Білгіштерің хал мүшкілін қарасын. Сүйегі жоқ, тіске жұмсақ болған соң, Әркім жейді біздің қазақ баласын.
- Бірлік жоқ ала ауыз біз халықпыз ғой, Қатардан сол себепті қалыппыз ғой.
- Өзің білгеніңді халқыңа үйрет.
- Ұл-қыз демей баланы оқыт, қазақ.
- Пайда жоқ өз халқыңа қызмет етпей.
- Ел шауып, кісі өлтірген боп па батыр?
Ағартушылар мен Алаш зиялылары: басқа тұлғалар не деген
- Қазақ жырын еуропалық рапсодияға ұқсатуға болады.
- Мал, дәулеттің байлығы — Бір жұтасаң, жоқ болар. Оқымыстың байлығы — Еш жұтамақ жоқ болар.
- Керек іс бозбалаға — талаптылық, Әртүрлі өнер, мінез, жақсы қылық.
- Ұры, қары, қу, сұмның жан жолдасы, Қазақ қайтіп ел болар, қарағым-ау.
- Жалпақ жұрттың көкірегінде жақсылық болмаса — жұрт жұрт болып тіршілік құра алмақ емес.
- Тілдің міндеті — ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түйін түйгенінше айтуға жарау.
- Туған ауылын, жерін сүймеген адам ұлтшыл да бола алмайды.
- Ана тілі қайнаған қанның, қиналған жанның, толғантқан көңілдің, лүпілдеген жүректің сығындысы, онда дәм де, мән де болу керек.
Басқа тұлғалардың қанатты сөздері
Майқы би
Асан Қайғы
Шалкиіз Тіленшіұлы
Доспамбет жырау
Төле би Әлібекұлы
Қазыбек би Келдібекұлы
Әйтеке би Байбекұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Ақтамберді Сарыұлы
Сырым Датұлы
Шал ақын Құлекеұлы
Дулат Бабатайұлы
Махамбет Өтемісұлы
Шернияз Жарылғасынұлы
Сүйінбай Аронұлы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы