Елең етер намысқа қызып жігіт аз,
Бұл не ғажап — жұрт керең боп қалған ба?
Мен не болсам — болайын саған садақа,
Сүйікті жұртым, қақпанға түсіп алданба.
Міржақып Дулатұлы туралы
Міржақып Дулатұлы — қазақ ақыны, жазушы, публицист әрі Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері. 1909 жылы жарық көрген «Оян, қазақ!» жинағымен халықты оқуға, бірлікке шақырды, «Бақытсыз Жамал» романын жазды. Қуғын-сүргін құрбаны болып, 1935 жылы лагерьде қайтыс болды.
Міржақып Дулатұлы: басқа нақыл сөздері
- Халық пайдасын ақылмен істер болар.
- Қызығып қызарғанға кеткендер көп, Шен алып дәрежеге жеткендей боп. Ойлайды өз пайдасын, халқын сатып, Қазақты ең керексіз еткендей ғып.
- Тұманға кірді біздің қазақ, Арты — жар, алды — тұйық, бұл не ғажап?
- Зиялы қауым халықтың қамын ойлауға міндетті.
- Қазағым, көрмегенің әлі алдыңда, Боларсың көне берсең мұнан жаман.
- Көздің жасын құрғатар жігіт қайда, Таршылықта қазақ тұр біздің жылап. Жүріп, жастар, араға жақындастыр, Біздің халық өнерден жатыр жырақ.
- Бола берме, жазған қазақ, жасқаншақ!
- Халық тағдыры — қарта ойыны емес.
- Ұлт әскері — ұлт қорғаны.
- Сот түзелмей — халық түзелмейді.
- Адассам — халқыммен бірге адастым, сәулелі жарық жолға ұмтылсам — ұлтыммен қосылып ұмтылып бағамын.
Ағартушылар мен Алаш зиялылары: басқа тұлғалар не деген
- Қазақ халқы — ең бір бейбіт халықтардың бірі.
- Құдай маған көмек етсе және дәрменім жетсе, мен азды-көпті қазақ халқына ғана пайдалы бола аламын, ал басқа ұлттарға, халықтарға, әрине, түк пайдам болмайды.
- Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек, Әр нәрсеге өзіндей баға бермек. Таразы да, қазы да өз бойыңда, Наданның сүйенгені — көппен дүрмек.
- Қазаққа сыншылық керек.
- Жұрт ісін түс көрмей, ояу жүріп іздеу — мақсат.
- Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады.
- Оқу, білім — жанған шырақ, ойласаң, Үйренерсің, іздеп көрсең, қоймасаң. Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал, Пайда аларсың, қаужанарсың, тоймасаң.
- Лайық ел болуға ісің бар ма, Намыс, ғылым, ынтымақ, күшің бар ма.
Басқа тұлғалардың қанатты сөздері
Майқы би
Асан Қайғы
Шалкиіз Тіленшіұлы
Доспамбет жырау
Төле би Әлібекұлы
Қазыбек би Келдібекұлы
Әйтеке би Байбекұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Ақтамберді Сарыұлы
Сырым Датұлы
Шал ақын Құлекеұлы
Дулат Бабатайұлы
Махамбет Өтемісұлы
Шернияз Жарылғасынұлы
Сүйінбай Аронұлы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы