Алаштың байлығынан не пайда — қайыры оның болмаса.
Махамбет Өтемісұлы туралы
Махамбет Өтемісұлы — қазақтың батыр ақыны, күйші. Исатай Тайманұлымен бірге 1836–1838 жылдары Бөкей ордасындағы ұлт-азаттық көтерілісті басқарған. Жалынды өлеңдері ерлік пен ел азаттығы рухын паш етеді.
Махамбет Өтемісұлы: басқа нақыл сөздері
- Еділ үшін егестік... Жайық үшін жандастық, Қиғаш үшін қырылдық.
- Жатып қалған тайлағы Жардай атан болған жер.
- Ел үшін қылыш сермедік.
- Тоқсан тарау су ақса, Дария болар сағасы.
- Туған ұлдан не пайда — қолына найза алмаса, ата жолын қумаса.
- Ханнан қырық туғанша, қарадан біреу тусайшы, атаның кегін алсайшы!
Билер мен жыраулар: басқа тұлғалар не деген
- Хан әділ болса — халық ынтымақты болады.
- Ата-жұрты бұқара Өз қолыңда болмаса, Қанша жақсы болса да, Қайратты туған ер ғаріп.
- Есендікте малыңды бер де, батыр жи, басыңа қиын-қыстау іс түссе, дұшпанның қолы жете алмас.
- Қоғалы көлдер, қом сулар — Қонысқа қонған өкінбес, Арыстандай екі бұтын алшайтып Арғымақ мінген өкінбес...
- Аларды біліп, бермегеннен без, Ел-жұрты қашып, ермегеннен без. Үйіне қонақ қонбағаннан без, Көптің айтқанына болмағаннан без!
- Ермен бірге ел азады, Тағындағы хан азады, Бабындағы би азады.
- Бүркіт бол, заманыңыз түлкі болса, Бай болар кедей жігіт мүлкі болса. Жақсылардың белгісі сол емес пе, Қара қылды қақ жарған әділ болса!
- Екі жақсы дос болмас — сірне үстінде хаты бар, Ежелгі дұшпан ел болмас — көңілінде кір, даты бар.
Басқа тұлғалардың қанатты сөздері
Майқы би
Асан Қайғы
Шалкиіз Тіленшіұлы
Доспамбет жырау
Төле би Әлібекұлы
Қазыбек би Келдібекұлы
Әйтеке би Байбекұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Ақтамберді Сарыұлы
Сырым Датұлы
Шал ақын Құлекеұлы
Дулат Бабатайұлы
Махамбет Өтемісұлы
Шернияз Жарылғасынұлы
Сүйінбай Аронұлы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы