Парақор биге ісің түспесін,
Сараң үйге кісің түспесін.
Майқы би туралы
Майқы би — қазақ аңыздары мен шежірелерінде аты аталатын ежелгі би, шешен. Халық жадында Шыңғыс хан заманындағы әділ билердің бірі ретінде сақталған. Оның атымен байланысты нақыл сөздер мен шешендік толғаулар ауыздан ауызға тарап жеткен.
Майқы би: басқа нақыл сөздері
- Хан — халықтың қазығы.
- Жетесіз жігіт — ел қадірін білмес, некесіз әйел — ер қадірін білмес.
- Ханның биі ақылды болса, Қара жерден кеме жүргізеді.
- Дауыл болмай жауын болмас, Даулы болған қауым болмас. Егіз ешкі сауын болмас, Екі жалқау ауыл болмас.
- Естіге айтқан тура сөз, Шыңға тіккен тумен тең. Есерге айтқан тура сөз, Құмға сіңген сумен тең.
- Ақиық қыран қартайса, Жас жағалтайдан тепкі жейді.
Билер мен жыраулар: басқа тұлғалар не деген
- Айдын сулар, аймақ көл — Тасыса дөңбек келтірер. Көп өтірік, жаман сөз — Басыңа бәле келтірер.
- Бейбіт елде — сән бөлек, бүлінген елде — дау бөлек. Тұсау — ат сақтайды, ат — ер сақтайды, ер — жер сақтайды.
- Басына іс түскен пақырға қастық қылма, қайғысы көшер басыңа. Бүгін сағы сынды деп, жақыныңды басынба!
- Ел болмас елдің төбесіне ту тұрақ болмас, Ел болмас елдің төресіне тәж тұрақталмас.
- Ел бастау қиын емес, Қонатын жерден көл табылады. Қол бастау қиын емес, Шабатын жерден ел табылады.
- Ағайының көп болса — ұлы шерік қолмен тең, Білімді туған жақсылар — аз да болса көппен тең.
- Халық — көл, Хан — құс.
- Бақытты жігіт қол бастар, Шешен жігіт дау бастар, Әлемнен озған алааяқ Озып бір кетсе ойқастар.
Басқа тұлғалардың қанатты сөздері
Майқы би
Асан Қайғы
Шалкиіз Тіленшіұлы
Доспамбет жырау
Төле би Әлібекұлы
Қазыбек би Келдібекұлы
Әйтеке би Байбекұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Ақтамберді Сарыұлы
Сырым Датұлы
Шал ақын Құлекеұлы
Дулат Бабатайұлы
Махамбет Өтемісұлы
Шернияз Жарылғасынұлы
Сүйінбай Аронұлы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы