Елге келген жұмысқа жақсы жүрер қайысып, жаман жүрер майысып.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы туралы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы — XIX ғасырдағы Сыр бойы ақындық мектебінің көрнекті өкілі, айтыскер ақын. Өлеңдерінде адамгершілік, еңбек, жақсы мен жаман туралы ғибратты ойлар айтылады.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы: басқа нақыл сөздері
- Ақын — елдің тұлпары, Кетпейтін басы кермеден.
- Көпті көрген ер жігіт — көсем болар төселіп.
- Ерінбегеннің еңбегі жанар.
- Бақ қонады ұл таңдап, Қонақ қонар үй таңдап. Болымы жоқ бозбала, Бейнеттен қашар бұлтаңдап.
- Жігіттің бағы қайтады — ағайын жұртын алдаса.
- Аңдысқан мынау дүниеде — біреуге-біреу табашы.
Билер мен жыраулар: басқа тұлғалар не деген
- Хан — халықтың қазығы.
- Шағырмақ бұлт — жай тастар, әділ жігіт — ел бастар. Шешен жігіт — жол бастар, батыр жігіт — қол бастар.
- Жалғандай ойлап тұрсаң бірлік керек, Бірлікті ойлаған соң тірлік керек. Ағайынға ала көз бола қалсаң, Аузыңнан несібеңді біреу жемек.
- Өркенім өссін десең, кекшіл болма — кесапаты тиер еліңе; елім өссін десең, өршіл болма — өскеніңді өшірерсің.
- Атадан жақсы ұл туса, Елінің оңы болады. Атадан жаман ұл туса, Көшінің соңы болады.
- Ауылда адам бар болса — ауыл ада болмайды, Ел иесі бар болса — елі ала алмайды.
- Ел аман болсын, ылайым, Тілегім берді бәрін де, Разымын, құдайым.
- Мен ағайынды екеумін: біреуі — өзім, екіншісі — халқым.
Басқа тұлғалардың қанатты сөздері
Майқы би
Асан Қайғы
Шалкиіз Тіленшіұлы
Доспамбет жырау
Төле би Әлібекұлы
Қазыбек би Келдібекұлы
Әйтеке би Байбекұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Ақтамберді Сарыұлы
Сырым Датұлы
Шал ақын Құлекеұлы
Дулат Бабатайұлы
Махамбет Өтемісұлы
Шернияз Жарылғасынұлы
Сүйінбай Аронұлы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы