Қисық көзді Күншығыс,
Бұл тұруың қай тұрыс?
Серпіл енді, алыбым!
Мағжан Жұмабаев туралы
Мағжан Жұмабаев — қазақ ақыны, жазушы, педагог әрі Алаш зиялыларының бірі. Қазақ поэзиясын жаңа бейнелер мен өлшемдерге байытты, «Батыр Баян» поэмасын, «Педагогика» еңбегін жазды. 1938 жылы қуғын-сүргін кезінде атылды.
Мағжан Жұмабаев: басқа нақыл сөздері
- Басқа жұрт аспан-көкке асып жатыр, Кілтін өнер-білім ашып жатыр...
- Ер түрік ен далаға көрік еді, Отырса, көшсе, қонса — ерік еді. Тұрғанда бақыт құсы бастарында, Іргесі жел, күн тимей, берік еді.
- Оралдай атамекен жерлеріне, Қасиетті атаның көрлеріне, Аузы түкті шет елдер ие болып, Көрсетіп тұр қысымды ерлеріне.
- Қазағым, таянды ғой қылта мойын, Жер, мал кетіп, бос қалды біздің қойын. Кел, қазақ, қолдағыдан құр қалмайық, Отырайық жиылып, оңдалайық.
- Анамыз бізді өсірген, қайран Орал, Мойның бұр тұңғышыңа, бермен Орал! Қосылып батыр түрік балалары, Таптатпа, жолын кесіп, тізгінге орал.
- Шер батса, кім іздемес туған елін, Тұлпар да көксемей ме туған жерін?! Арқаның ардагері — қалың Алаш, Тұран да, біле білсең, сенің жерің!
- Қалың елім, қалың қара ағашым, Қайраты мол, айбынды ер, Алашым! Өзі-ақ құлар, сырың берме, сабыр қыл, Ақымақтар байқамаған шамасын.
Ағартушылар мен Алаш зиялылары: басқа тұлғалар не деген
- Қазақ жырын еуропалық рапсодияға ұқсатуға болады.
- Мал, дәулеттің байлығы — Бір жұтасаң, жоқ болар. Оқымыстың байлығы — Еш жұтамақ жоқ болар.
- Керек іс бозбалаға — талаптылық, Әртүрлі өнер, мінез, жақсы қылық.
- Ұры, қары, қу, сұмның жан жолдасы, Қазақ қайтіп ел болар, қарағым-ау.
- Жалпақ жұрттың көкірегінде жақсылық болмаса — жұрт жұрт болып тіршілік құра алмақ емес.
- Тілдің міндеті — ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түйін түйгенінше айтуға жарау.
- Қазақтың халық пайдасы деген іске шегініп тұратыны жаман.
- Туған ауылын, жерін сүймеген адам ұлтшыл да бола алмайды.
Басқа тұлғалардың қанатты сөздері
Майқы би
Асан Қайғы
Шалкиіз Тіленшіұлы
Доспамбет жырау
Төле би Әлібекұлы
Қазыбек би Келдібекұлы
Әйтеке би Байбекұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Ақтамберді Сарыұлы
Сырым Датұлы
Шал ақын Құлекеұлы
Дулат Бабатайұлы
Махамбет Өтемісұлы
Шернияз Жарылғасынұлы
Сүйінбай Аронұлы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы