Ұлттың тілі кеми бастауы — ұлттың құри бастағанын көрсетеді.
Мағжан Жұмабаев туралы
Мағжан Жұмабаев — қазақ ақыны, жазушы, педагог әрі Алаш зиялыларының бірі. Қазақ поэзиясын жаңа бейнелер мен өлшемдерге байытты, «Батыр Баян» поэмасын, «Педагогика» еңбегін жазды. 1938 жылы қуғын-сүргін кезінде атылды.
Мағжан Жұмабаев: басқа нақыл сөздері
- Қалың елім, қалың қара ағашым, Қайраты мол, айбынды ер, Алашым! Өзі-ақ құлар, сырың берме, сабыр қыл, Ақымақтар байқамаған шамасын.
- Ел үшін өл — ер болсаң!
- Жұрттың қамын көп ойла, Уайым-қайғы жеп ойла. Артта қалған сорлы жұрт Алға бассын деп ойла.
- Көбейсін елде қайратты ер, Жұрт үшін болсын қара тер. Сорлы жұртты бастасын, Жасаған, соған көмек бер!
- Қазақ елі адамзат тұрмысында өз бетімен жол салу дәрежесіне әлі жеткен жоқ. Үміт келешекте.
- Алашты халық десек, халықты шын сүйген адам «жарты жаңқасы» қалғанша халық үшін қызмет істеуге тиісті.
- Ұлт үшін тілінен қымбат еш нәрсе жоқ.
- Түркістан — екі дүние есігі ғой, Түркістан — ер түріктің бесігі ғой.
- Не көрсем де Алаш үшін көргенім, Маған атақ ұлтым үшін өлгенім!
Ағартушылар мен Алаш зиялылары: басқа тұлғалар не деген
- Қазақ жырын еуропалық рапсодияға ұқсатуға болады.
- Мал, дәулеттің байлығы — Бір жұтасаң, жоқ болар. Оқымыстың байлығы — Еш жұтамақ жоқ болар.
- Керек іс бозбалаға — талаптылық, Әртүрлі өнер, мінез, жақсы қылық.
- Ұры, қары, қу, сұмның жан жолдасы, Қазақ қайтіп ел болар, қарағым-ау.
- Жалпақ жұрттың көкірегінде жақсылық болмаса — жұрт жұрт болып тіршілік құра алмақ емес.
- Тілдің міндеті — ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түйін түйгенінше айтуға жарау.
- Қазақтың халық пайдасы деген іске шегініп тұратыны жаман.
- Туған ауылын, жерін сүймеген адам ұлтшыл да бола алмайды.
Басқа тұлғалардың қанатты сөздері
Майқы би
Асан Қайғы
Шалкиіз Тіленшіұлы
Доспамбет жырау
Төле би Әлібекұлы
Қазыбек би Келдібекұлы
Әйтеке би Байбекұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Ақтамберді Сарыұлы
Сырым Датұлы
Шал ақын Құлекеұлы
Дулат Бабатайұлы
Махамбет Өтемісұлы
Шернияз Жарылғасынұлы
Сүйінбай Аронұлы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы