Өзен-судың сәні жоқ —
Өрлей, құлдай қонатын,
Жағасы малға толатын
Аймақты елі болмаса...
Дулат Бабатайұлы туралы
Дулат Бабатайұлы — XIX ғасырдағы қазақ ақыны, «Зар заман» ағымының ірі өкілі. Өлеңдерінде ел тағдыры, әділетсіз билік пен заман азғындығы сыналып, халыққа өсиет айтылады. Шығармалары «Өсиетнама» деген атпен жеке кітап болып басылған.
Дулат Бабатайұлы: басқа нақыл сөздері
- Төреліктің белгісі Елін жауға бере ме? Еліне қорған болмаса, Ел төрені көре ме?
- Елің үшін еңбек қыл, Отыра берме бекерге.
- Еркін өскен қайран ел, Дәулетің бейне шалқар көл, Айдының бейне асқар бел, Ботадай бейне өскен тел.
- Ата-анасы бар болса, Ағайыны көп болса, Бәрі де тату болғанда, Қорғаны бар үймен тең.
Билер мен жыраулар: басқа тұлғалар не деген
- Хан әділ болса — халық ынтымақты болады.
- Ата-жұрты бұқара Өз қолыңда болмаса, Қанша жақсы болса да, Қайратты туған ер ғаріп.
- Есендікте малыңды бер де, батыр жи, басыңа қиын-қыстау іс түссе, дұшпанның қолы жете алмас.
- Қоғалы көлдер, қом сулар — Қонысқа қонған өкінбес, Арыстандай екі бұтын алшайтып Арғымақ мінген өкінбес...
- Аларды біліп, бермегеннен без, Ел-жұрты қашып, ермегеннен без. Үйіне қонақ қонбағаннан без, Көптің айтқанына болмағаннан без!
- Ермен бірге ел азады, Тағындағы хан азады, Бабындағы би азады.
- Бүркіт бол, заманыңыз түлкі болса, Бай болар кедей жігіт мүлкі болса. Жақсылардың белгісі сол емес пе, Қара қылды қақ жарған әділ болса!
- Екі жақсы дос болмас — сірне үстінде хаты бар, Ежелгі дұшпан ел болмас — көңілінде кір, даты бар.
Басқа тұлғалардың қанатты сөздері
Майқы би
Асан Қайғы
Шалкиіз Тіленшіұлы
Доспамбет жырау
Төле би Әлібекұлы
Қазыбек би Келдібекұлы
Әйтеке би Байбекұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Ақтамберді Сарыұлы
Сырым Датұлы
Шал ақын Құлекеұлы
Дулат Бабатайұлы
Махамбет Өтемісұлы
Шернияз Жарылғасынұлы
Сүйінбай Аронұлы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы