Орнын тапса ер жігіт — елсіз болар дейсің бе?
Орда тігіп орнатса — төрсіз болар дейсің бе?
Ақтамберді Сарыұлы туралы
Ақтамберді Сарыұлы — XVIII ғасырдағы қазақ жырауы, батыр. Жоңғар басқыншыларына қарсы соғыстарға қатысып, толғауларында ерлік, ел қорғау, бірлік пен татулықты жырлаған.
Ақтамберді Сарыұлы: басқа нақыл сөздері
- Татулық болар береке, Қылмасын жұрт келеке, Араз болсаң алты ауыз Еліңе кірген әреке.
- Ел аман болсын, ылайым, Тілегім берді бәрін де, Разымын, құдайым.
- Ағайының көп болса — ұлы шерік қолмен тең, Білімді туған жақсылар — аз да болса көппен тең.
- Жауыңды аяма, Жылағанды уат, Жығылғанды тұрғыз.
- Еділ — Жайық екі өзен, Талсыз болар деймісің? Жағалай жатқан қалың ел, Малсыз болар деймісің?
Билер мен жыраулар: басқа тұлғалар не деген
- Хан — халықтың қазығы.
- Шағырмақ бұлт — жай тастар, әділ жігіт — ел бастар. Шешен жігіт — жол бастар, батыр жігіт — қол бастар.
- Жалғандай ойлап тұрсаң бірлік керек, Бірлікті ойлаған соң тірлік керек. Ағайынға ала көз бола қалсаң, Аузыңнан несібеңді біреу жемек.
- Өркенім өссін десең, кекшіл болма — кесапаты тиер еліңе; елім өссін десең, өршіл болма — өскеніңді өшірерсің.
- Атадан жақсы ұл туса, Елінің оңы болады. Атадан жаман ұл туса, Көшінің соңы болады.
- Ауылда адам бар болса — ауыл ада болмайды, Ел иесі бар болса — елі ала алмайды.
- Мен ағайынды екеумін: біреуі — өзім, екіншісі — халқым.
- Қона берсе, жерің тозар, Шаба берсе, елің азар, Жасай берсе, ерің азар, Ерің азған кезінде — елің азар.
Басқа тұлғалардың қанатты сөздері
Майқы би
Асан Қайғы
Шалкиіз Тіленшіұлы
Доспамбет жырау
Төле би Әлібекұлы
Қазыбек би Келдібекұлы
Әйтеке би Байбекұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Ақтамберді Сарыұлы
Сырым Датұлы
Шал ақын Құлекеұлы
Дулат Бабатайұлы
Махамбет Өтемісұлы
Шернияз Жарылғасынұлы
Сүйінбай Аронұлы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы