Әкім халықтың көбіне сүйенсе, күшті болады.
Әлихан Бөкейханов туралы
Әлихан Бөкейханов — қазақ қоғам қайраткері, ғалым, публицист, Алаш партиясының көсемі және Алашорда үкіметінің төрағасы. «Қазақ» газетінің ұйымдастырушыларының бірі болып, қазақ жері мен ел болашағы туралы көп мақала жазды. 1937 жылы қуғын-сүргін кезінде атылды.
Әлихан Бөкейханов: басқа нақыл сөздері
- Жұрт ісін түс көрмей, ояу жүріп іздеу — мақсат.
- Ұлтына, жұртына қызмет ету — білімнен емес, мінезден.
- Жалпақ жұрттың көкірегінде жақсылық болмаса — жұрт жұрт болып тіршілік құра алмақ емес.
- Жұрт пайдасына таза жолмен тура бастайтын ер табылса, қазақ халқы соңынан ерер еді.
- Елдің тұрмысын, тілін, мінезін білмеген кісі көш басын да алып жүре алмайды.
- Ел берекесінің кетуінің түпкі себебі — қазақта бірліктің жоқтығы.
- Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса — халықтық мақсат сонда орындалады.
- Біздің жұрт бостандық, теңдік, құрдастық саяси ісін ұғынбаса, тезек теріп, тарих жолында артта қалады. Бақыт, махаббаттан тысқары болады. Бұл екеуі жоқ жұртқа тіршілік неге керек?!
- Халық ісін орнына салуға көп ақыл, көп қызмет, көп жылғы шебер істеген әдіс керек.
- Бөтен кісі қазаққа ешқайдан ештеңе жақсылық әкеп бермейді.
- Қазақ жері — мал кіндігі: мұнда бұрын-соңды қай жұрт жүрсе де мал баққан.
Ағартушылар мен Алаш зиялылары: басқа тұлғалар не деген
- Қазақ халқы — ең бір бейбіт халықтардың бірі.
- Құдай маған көмек етсе және дәрменім жетсе, мен азды-көпті қазақ халқына ғана пайдалы бола аламын, ал басқа ұлттарға, халықтарға, әрине, түк пайдам болмайды.
- Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек, Әр нәрсеге өзіндей баға бермек. Таразы да, қазы да өз бойыңда, Наданның сүйенгені — көппен дүрмек.
- Қазаққа сыншылық керек.
- Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады.
- Қазақта жазылмайтын бір ауру бар — Келмейді мінін айтсаң жаратқысы.
- Оқу, білім — жанған шырақ, ойласаң, Үйренерсің, іздеп көрсең, қоймасаң. Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал, Пайда аларсың, қаужанарсың, тоймасаң.
- Лайық ел болуға ісің бар ма, Намыс, ғылым, ынтымақ, күшің бар ма.
Басқа тұлғалардың қанатты сөздері
Майқы би
Асан Қайғы
Шалкиіз Тіленшіұлы
Доспамбет жырау
Төле би Әлібекұлы
Қазыбек би Келдібекұлы
Әйтеке би Байбекұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Ақтамберді Сарыұлы
Сырым Датұлы
Шал ақын Құлекеұлы
Дулат Бабатайұлы
Махамбет Өтемісұлы
Шернияз Жарылғасынұлы
Сүйінбай Аронұлы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы