Адамға ең қымбат нәрсе — жұрт қамы, жұрт ісі.
Ахмет Байтұрсынұлы туралы
Ахмет Байтұрсынұлы — қазақ тіл білімінің негізін салушы ғалым, ақын, аудармашы, ағартушы және Алаш қозғалысының жетекшілерінің бірі. Араб жазуы негізінде қазақ әліпбиін жетілдірді, «Қазақ» газетін шығарып, «Маса», «Қырық мысал» кітаптарын жазды. 1937 жылы қуғын-сүргін кезінде атылды.
Ахмет Байтұрсынұлы: басқа нақыл сөздері
- Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады.
- Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы — тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады, өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады.
- Тілдің міндеті — ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түйін түйгенінше айтуға жарау.
- Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды.
- Бала бастауыш мектепте бар пәнді тек ана тілінде ғана оқуы керек.
- Халықтардың басынан өткізген анайылық шағы — біздің балалық шағымыз мысалды.
- Ел бағатындар — ел бағуларын жақсы білулері керек.
- Жер мәселесі — қазақтың тірі я өлі болуының мәселесі.
- Оқусыз халық қанша бай болса да — біраз жылдардан кейін оның байлығы өнерлі халықтардың қолына көшеді.
- Білім — бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді.
- Халықтың ісі — бұрап қалса басқа жөнге келетін машинаның тетігі емес.
Ағартушылар мен Алаш зиялылары: басқа тұлғалар не деген
- Қазақ халқы — ең бір бейбіт халықтардың бірі.
- Құдай маған көмек етсе және дәрменім жетсе, мен азды-көпті қазақ халқына ғана пайдалы бола аламын, ал басқа ұлттарға, халықтарға, әрине, түк пайдам болмайды.
- Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек, Әр нәрсеге өзіндей баға бермек. Таразы да, қазы да өз бойыңда, Наданның сүйенгені — көппен дүрмек.
- Қазаққа сыншылық керек.
- Жұрт ісін түс көрмей, ояу жүріп іздеу — мақсат.
- Қазақта жазылмайтын бір ауру бар — Келмейді мінін айтсаң жаратқысы.
- Оқу, білім — жанған шырақ, ойласаң, Үйренерсің, іздеп көрсең, қоймасаң. Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал, Пайда аларсың, қаужанарсың, тоймасаң.
- Лайық ел болуға ісің бар ма, Намыс, ғылым, ынтымақ, күшің бар ма.
Басқа тұлғалардың қанатты сөздері
Майқы би
Асан Қайғы
Шалкиіз Тіленшіұлы
Доспамбет жырау
Төле би Әлібекұлы
Қазыбек би Келдібекұлы
Әйтеке би Байбекұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Ақтамберді Сарыұлы
Сырым Датұлы
Шал ақын Құлекеұлы
Дулат Бабатайұлы
Махамбет Өтемісұлы
Шернияз Жарылғасынұлы
Сүйінбай Аронұлы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы