Жұрт ұқпаса — ұқпасын, жабықпаймын,
Ел — бүгінші, менікі — ертеңгі үшін.
Ахмет Байтұрсынұлы туралы
Ахмет Байтұрсынұлы — қазақ тіл білімінің негізін салушы ғалым, ақын, аудармашы, ағартушы және Алаш қозғалысының жетекшілерінің бірі. Араб жазуы негізінде қазақ әліпбиін жетілдірді, «Қазақ» газетін шығарып, «Маса», «Қырық мысал» кітаптарын жазды. 1937 жылы қуғын-сүргін кезінде атылды.
Ахмет Байтұрсынұлы: басқа нақыл сөздері
- Білім — бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді.
- Халықтың ісі — бұрап қалса басқа жөнге келетін машинаның тетігі емес.
- Жұртқа керегін білетіндер — көп, істейтіндер — аз.
- Ұлтын керек қылып, халыққа қызмет қыламын деген қазақ балалары қазақ жұмысына қолынан келгенше қарап тұрмай кірісіп істей берсе — ұлт жұмысы ұлғайып, толықпақшы.
- Талап жоқ, үміт мол бір халықпыз.
- Қарышта өз жұртыңа барың болса, Өзге елдің өзінде көп бізден басқа.
- Ұл туып, ұлы жолда қызмет етсе, Онан зор ұлтқа бар ма ырыс деген?!
Ағартушылар мен Алаш зиялылары: басқа тұлғалар не деген
- Қазақ жырын еуропалық рапсодияға ұқсатуға болады.
- Мал, дәулеттің байлығы — Бір жұтасаң, жоқ болар. Оқымыстың байлығы — Еш жұтамақ жоқ болар.
- Керек іс бозбалаға — талаптылық, Әртүрлі өнер, мінез, жақсы қылық.
- Ұры, қары, қу, сұмның жан жолдасы, Қазақ қайтіп ел болар, қарағым-ау.
- Жалпақ жұрттың көкірегінде жақсылық болмаса — жұрт жұрт болып тіршілік құра алмақ емес.
- Қазақтың халық пайдасы деген іске шегініп тұратыны жаман.
- Туған ауылын, жерін сүймеген адам ұлтшыл да бола алмайды.
- Ана тілі қайнаған қанның, қиналған жанның, толғантқан көңілдің, лүпілдеген жүректің сығындысы, онда дәм де, мән де болу керек.
Басқа тұлғалардың қанатты сөздері
Майқы би
Асан Қайғы
Шалкиіз Тіленшіұлы
Доспамбет жырау
Төле би Әлібекұлы
Қазыбек би Келдібекұлы
Әйтеке би Байбекұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Ақтамберді Сарыұлы
Сырым Датұлы
Шал ақын Құлекеұлы
Дулат Бабатайұлы
Махамбет Өтемісұлы
Шернияз Жарылғасынұлы
Сүйінбай Аронұлы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы