Қазақ жұмбақтары шешуімен
Қазақ халқының жұмбақтары шешуімен: табиғат, жан-жануар, үй бұйымдары, адам туралы. Әр жұмбақтың жеке беті бар — алдымен өзіңіз ойланып, сосын шешуін ашыңыз. Барлығы: 2 264. 5-бет, барлығы 23 бет.
- Бес-бес біләлі, / Білектері қыналы, / Жасыл ала тон киіп, / Жайнап шыққан біләлі.
- Қар астында қыстады, / Жасылмен бөркін тыстады.
- Мұз астында қыстайды, / Жасыл тонын тыстайды.
- Айт десе, жүгірмес, / Су тисе, сілкінбес.
- Ұзын-ұзын ұзарды, / Іші неге қызарды, / Аузы-басын түк басып, / Басы неге мұңайды?
- Әкесінен баласы бұрын туады.
- Бар екен бір асыл зат жерден өнген, / Кезуге жер дүниені өзі көнген. / Барады дөңгеленіп тор жорғадай, / Айдалада жүруге тым-ақ жөндем.
- Шеңбер жасап өседі, / Желмен бірге көшеді.
- Бір-ақ жерде жасында / Тұрды оранып жасылға. / Қартайғанда сарғайды, / Кезіп кетті сай-сайды.
- Ұшарымды жел біледі, / Қонарымды сай біледі.
- Басына үлпілдетіп таққан шашақ, / Бұралып тал шыбықтай тұрған жасап.
- Қатар-қатар тұрғандар, / Түлкі тымақ кигендер.
- Тоғай толған жандар бар, / Әр жандардың ішінде / Бөлмелеп салған тамдар бар.
- Бір нәрсе ұзын бойлы сәлдесі бар, / Қойнында құшақтаған баласы бар. / Айтайын мұның жайын сұрасаңыз, / Аққұба ұйықтап жатқан анасы бар.
- Өзі ұзын жіңішке, / Бұтағы жоқ.
- Өзі өте жіңішке, / Ішінен рулы ел көшіп өтеді.
- Ұзын терек, / Іші кеуек.
- Ақ сәлделі молдалар / Ертелі-кеш Аллалар.
- Көлді жердің / Үкілі аруы. / Өкпек желдің / Саз тартар қаруы.
- Буын-буын, буыншақ, / Түйін-түйін, түйіншек. / Қырық қыздың шешесі / Әлі, көрсем, келіншек.
- Қатар-қатар тізілген, / Үкілі бөрік киінген.
- Тасқа шығар көк, / Бірақ тамыры жоқ.
- Онда барып, ондай болдым, / Мұнда келіп, мұндай болдым, / Белін буған қындай болдым.
- Өз елімде ел едім, / Желпілдеген жел едім. / Қырғызға түстім қиылдым, / Қырық жерімнен буылдым.
- Алыстан қарасаң, қара, / Жақындасаң, бала. / Ұстаған таяқ, / Жесең, тамақ.
- Ұзақтан қарасам, аппақ, / Қасына барсам, шапшақ / Жеп қарасам, балдай, / Ұстап қарасам, талдай.
- Айтайын мен бір жұмбақ қыл тамаша, / Тыңдама жұмбағымды ұнамаса. / Ішінде сүйектері бақша-бақша, / Басында бар шағасы оннан аса.
- Сырты бүтін, / Іші түтін.
- Аяғынан қаз тұрған, / Қалпағы бар антұрған.
- Бір кезде қыз, келіншек болған мырза, / Өзінің көркемдігіне болып ырза. / Біраздан соң түрін көрсең, / Қалады бөлек-бөлек болып сайда.
- Бітік көз, салпаң құлақ, қайқы мұрын, / Көріп пе ең мұндай хайуан бұдан бұрын. / Домалақ, алды-арты бірдей екен, / Және де көріп жүрсіз әрбір түрін.
- Өзі сұр, бөрі емес, / Ұзын құлақты, қоян емес, / Жұмыр тұяқты, жылқы емес.
- Жанды «сағат», / Айқай салады.
- Ол надыр құм жануары, / Көзі өткір, көңілі тар, / Басқа ұрсаң, қылмайды намыс-ар. / Қара түгіл, ханда бар, / Қытайда бар, Қырымда бар, / Түркістан, Үрімде бар, / Хоразым, Бұхарада бар.
- От басында орайған, / Құйымшағы сорайған.
- Үй артында шоңқайма, / Буы шығып тұрмай ма? / Салпаң құлақ келед деп, / Қорқа-қорқа тұрмай ма?!
- Төрт аяқты мақұлық / Үй күзетеді ақырып. / Тындырғандай кей жерде / Жата кетер аһ ұрып.
- От басында құмған, / Екі көзін жұмған.
- Мұрты бар, иегінде сақалы жоқ, / Тоны бар, киерінде шапаны жоқ. / Пайдасы үй ішінен табылған соң, / Далаға кіріп-шығар сапары жоқ.
- Шықпайды үйден, / Тоны жібектен. / Күндіз ұйықтайды, / Түнде дамыл таппайды. / Аңға барады, / Сол аңды үйден табады.
- От басында бүкір шал, / Құдайына шүкір шал.
- Түссе күннің шуағы / Көзді еріксіз жұмады. / Жылы жерді сүйеді, / Беті-қолын жуады.
- Аузы бейне шалғы орақ, / Шөп емес, бірақ мал орады.
- Бір күні елден, / Он күні жерден.
- Белестен шапқан бесті ат, / Бүкір келген желісті ат. / Бейғам елді іздейді, / Малдан күдер үзбейді.
- Тоғайда айғыр кісінейді, / Ауылға, сірә, келмейді.
- Жол бойында жортқан, / Сыбызғысын тартқан.
- Тоң мойынды жуан көк, / Желіп, жортып бүкеңдеп, / Несібесі даладан, / Еңбек қылмай жүрер тек.
- Тауда жүрген құмайды / Көрген адам сынайды. / Жыл айналып толғанда, / Он екі бұтақ болғанда, / Балта тимей құлайды.
- Түсі түйенікі, / Аяқ-басы сиырдікі. / Құйрығы ешкінікі, / Мүйізі ғана өзінікі.
- Айтайын мен бір жұмбақ тым тамаша, / Тыңдама жұмбағымды, ұнамаса. / Бойы бар бір құлаштан астамырақ, / Басында мүйізі бар оннан аса.
- Төбесінде қу бұтақ, / Алар ма еді, бір бұтап.
- Есек те емес, / Жылқы да емес. / Екеуінің ұқсастығы / Береді тұрқы елес.
- Пысқыратын не? / Ысқыратын не?
- Мақұлық бар екен даусы зор, / Адамға ұқсап бойында аяқ пен қол. / Мекені тас бұлақтың төңірегінде, / Мынаны тапқан жанның ақылы мол.
- Биік ала бағана, / Жайылып жүр далада.
- Ыржияды, күледі, / Басқан ізді біледі. / Таусылмайтын шабысы, / Жұртқа мәлім жүрісі.
- Жақпар тастың астында / Қызыл тонды қыз жатыр.
- Белестегі бес бие, / Бақылдайды, құрылдайды; / Құйрықтары қара ала, / Қанаттары сары ала.
- Жылқыны қарнына қыстырып, / Түйені ерніне қыстырып, / Есекті құлағына қыстырып, / Қасқырды ат қып мініп, / Айт дегенде жүре берген.
- Әңгелейді, дөңгелейді, / Ұшқан құстай, / Құс десем, төрт аяғы бар, / Елек-селек, екі құлағы бар.
- Жол үстінде қу қазық, / Мергеншіге жол азық.
- Бап, бап, бап екен, / Басқан ізім екен. / Құйрығында меңі бар, / Меңді қайда қоям екен.
- Түйе тістеген, / Итті мінген. / Ешкіні жетектеген, / Есекті басына көтерген.
- Жолсыз жүгіреді, / Адамнан күшті, / Тепсе, ізсіз, / Құлатса, елеусіз.
- Жусаннан аласа, бетегеден биік.
- Аппақ қардай тоны бар, / Күдірейген жануар.
- Тауға шықса, жүгірген, / Таудан түссе, сүрінген.
- Есек құйрықты, түйе ерінді, / Ит сирақты, бұғы құйрықты.
- Түйе тұмсық, ит табан, / Көзін жұмбай ұйықтаған.
- Ит мінген, / Есек өңгерген, / Ешкі бөктерген, / Келеді бір мақұлық түйе айдаған.
- Бір мақұлық сар даланы ен жайлаған, / Ит мініп, есек тіркеп, түйе айдаған. / Мұнымды, зерек болса, ойлап табар, / Тапқанша зерек емес жыл айналар.
- Қос құлағы тас төбеде ұзын-ақ, / Сыбдыр сезсе, жөнеп береді зымырап. / Қысты күні қалың қарлы кеуекте / Шөпті азық қып жатады біраз тыным ап.
- Байшағырдың түбінде балалап жатқан дуадақ.
- Ішінде бар жылқысы, / Сыртында бар құлпысы. / Табанымен ит басқан, / Әр нәрседен көп сасқан. / Ши түбінде жемі бар, / Бишараның бас бармақтай меңі бар, / Осыны тапсаң, жеңдің ал.
- Басы бар да шашы жоқ, / Көзі бар да қасы жоқ. / Жүретін аяғы жоқ, / Суықта тоңбайды, / Ыстыққа күймейді.
- Қанатты бір мақұлық ұшып жүрмес, / Өңгедей бұл жалғаннан дәурен сүрмес. / Ыстық пен жаздыгүні пәрмені жоқ, / Тоқсанда жаурадым деп үйге кірмес. / Бәрінде жердің жүзін өрт алғанмен / Құданың құдіретімен отқа күймес.
- Демсіз-үнсіз, / Жүрсе, үнсіз. / Басса, ізі жоқ, / Жүрсе, жолы жоқ.
- Жаны бар, қаны бар, / Бес сағат жерде тұрса, / Жаны да жоқ, қаны да жоқ.
- Суда өмір сүреді, / Сусыз жерде шөлдейді. / Абайсызда ұстасақ, / Кетемін деп көнбейді.
- Құдіреттің бір құсы, / Көкте десем, ізі жоқ, / Мекенінен шықса, өледі, / Оған қылар емі жоқ. / Құлағы жоқ, көзі бар, / Түсі суық ызғарлы, / Аузында айыр бізі бар.
- Тәнсіз, жансыз кім, / Қайда тұрады?
- Бір нәрсе жүре алмайды жерді басып, / Жерде жоқ бұйыратын оған нәсіп. / Тұрағын ол нәрсенің адам білмес, / Айтпаса түсіндіріп біреу ашық.
- Жел, жел, жел бием, / Желіндесе, кім білер. / Жау жапырақ түбінде, / Құлындаса, кім білер.
- Бір нәрсе қанаты жоқ ұшқан биік, / Сонда да жүрмейді екен жерге тиіп. / Арасын жер мен көктің өрт алса да, / Кетпейді ешбір жері отқа күйіп.
- Бар екен үш қанаты ұшып кетпес, / Егін сап жұрт қатарлы кәсіп етпес. / Өзінің мекенінен шығып кетсе, / Тіршілік көремін деп үміт етпес.
- Өзі шұбар, / Тамағына таққаны— / Екі тұмар.
- Бар екен бір мақұлық дауысы зор, / Қолдары адамға ұқсас, нәсілі сол. / Үйлері тас бұлақтан жаратылған, / Тапқан адам алады бәйгіні мол.
- Ағараңдап аузын ашқан, / Соқыраңдап жерді басқан.
- Жапа-жапа жапалақ, / Дігірманға бақылдап.
- Тарпаң, тарпаң тарбиған, / Түрі жаман жарбиған.
- Сасық көлде ит үрер.
- Сұм жүзді, құралай көзді, / Киікше секірген, / Бура санды, жолбарыс тонды.
- Көл, өзен, дарияны жаны сүйген, / Жасынан қора салып, қамыс шиден. / Қаншама терең суды бойлағанда / Үстіне бір тамшы да су тимеген.
- Текшелеп тебен арттым томашаға, / Домалағы жазылар оңашада.
- Төрт аяқты, / Мың таяқты.
- Дегендей ешкім тимесін, / Алыпты қадап инесін.
- Алпыс кісі аяқтастың, / Ал таңертең таяқтастың. / Бәрін бір жерге жатқызып, / Кейде ұрысып алып қаштың.
- Шықпайды бір мақұлық қорасынан, / Түгінің ине өтпейді арасынан. / Тап мұндай мақұлықты көргенім жоқ, / Айрылар туа салып анасынан.
- Ұзамай аз жортад, / Жол жүруге шорқақ. / Үсті толған ине, / Кіріп кетер, тиме.