Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қазақ жұмбақтары шешуімен

Қазақ халқының жұмбақтары шешуімен: табиғат, жан-жануар, үй бұйымдары, адам туралы. Әр жұмбақтың жеке беті бар — алдымен өзіңіз ойланып, сосын шешуін ашыңыз. Барлығы: 2 264. 4-бет, барлығы 23 бет.

  1. Жерде жатып желіндейді, / Күзге дейін желінбейді. / Үндеместен төлдеп жатыр, / Су бермесең, шөлдеп жатыр.
  2. Көкала бешпет киеді, / Күннің көзін сүйеді.
  3. Ара-арасы ақпа тіл, / Арасынан тастап тіл.
  4. Қолымда сақинам бар алшығарай, / Қойды қасқыр жейді екен қан шығармай. / Бұл жұмбақты қайсы жігіт табады, / Сол жігітке тиемін мал шығармай.
  5. Алуан түрлі түсі бар, сырты қатты, / Адамзат жеуге құмар, өзі тәтті. / Тоқсан күнде толықсып, күні бітіп, / Есепсіз ақты-қара бала тапты.
  6. Көктемде тұзақ құрғанмын, / Қолайлы деген қырға бір. / Тамызда барып жинадым, / Бір арба қызыл қырғауыл.
  7. Байлап қойдым қойымды, / Желіде жатып тойынды.
  8. Сусыз піскен ас көрдім, / Домаланған бас көрдім. / Бауыздасаң, қан орнына су ағар.
  9. Бір арқанда отыз қой байлаулы жатыр.
  10. Атасынан бұрын баласы базарға барады.
  11. Құдай-ай, құдіретіңнің панасынан, / Таңым бар мен Құдайдың бар күшіне, / Анасы туады екен баласынан.
  12. Ұзын-ұзын әулие, / Онан да ұзын әулие. / Тораңғылдың түбінде / Теңкиіп жатқан әулие.
  13. Атан түйе тұралап, / Аштан қатып қалған ба? / Бір-ақ уыс құмалақ / Шықты қарнын жарғанда.
  14. Кіп-кішкене қазан, / Іші толы тағам.
  15. Ояғы тау, бұяғы тау, / Ортасында бұжыр тау.
  16. Сырты тас, іші қуыс бөлек-бөлек, / Базардан оны сатып алса керек. / Алған жанға тағамдық пайдасы бар, / Шешіп бер, жұмбағымды болсаң зерек.
  17. Асты тас, үсті тас, / Шағып жесең, піскен ас.
  18. Алыстан қарасам, әңгір-күңгір, / Қасына келсем, қаптаулы темір, / Ашып қарасам, аппақ, / Жеп қарасам, тәп-тәтті.
  19. Кішкене қозымның асы дәмді.
  20. Қозыларым көгендеулі күн ұзын, / Су ішкенмен шөп жемейді бір үзім.
  21. Мәуе ішінде тас, / Тас ішінде ас.
  22. Ас, / Астың ішінде тас, / Тастың ішінде және ас.
  23. Бар еді бір жұмбағым аты бүрлен, / Шіркінді нәпсі қойып шешіндірген. / Ішінде бір нәрсе бар дүмбірлеген, / Оны аламыз деп қылдық талап. / Алалмай бір қыдыру тұрдық қарап, / Отыз кісі жиылып алсақ қарап, / Нәрсесі ішіндегі доп-домалақ.
  24. Домалақ қана албар, / Ішінде қатты дәні бар.
  25. Кішкентай ғана құтша, / Іші толы мықша.
  26. Алма дерсің, түсіне қарап, / Жүгері дерсің, ішіне қарап, / Татсаң, тәтті, бал шәрбәтті.
  27. Қышқыл қызыл бытыра / Тығып алып ұртына. / Тымырайып тұрғаны, / Түк шығармай сыртына.
  28. Үлкендігі алмадай, / Сырты жанған қызыл от, / Ішін жарып қарасаң— / Майда, майда қызыл шоқ.
  29. Өзі қызыл, өзі қызық, / Ортасында бір сызық.
  30. Үстіне тігіп көк шатыр, / Астында қызғылт дәу жатыр.
  31. Жер бетінде селдір шаш, / Жер астында жұмыр бас.
  32. Үлпершекке қан құйып, / Үріп талға байладым.
  33. Қыналы бармақ, / Жез оймақ.
  34. Болған соң түсі қызыл, түсі шұбар, / Адамзат жеп көруге оны құмар. / Тегінде өне бойы болып тұрмас, / Біраз ғана боп тұрар уақтысы бар.
  35. Біз, біз, біз едік, / Біз де бір топ қыз едік. / Бізді бізіп қойды, / Бір жіпке тізіп қойды.
  36. Ирек-ирек әкесі бар, / Желбіреген шешесі бар, / Тәттібике деген қызы бар.
  37. Түрі шар сияқты, / Түсі қан сияқты, / Дәмі бал сияқты.
  38. Арбайған әкесі бар, / Тарбайған шешесі бар.
  39. Атасы бүкір қожа, / Анасы жайма шелпек. / Баласы шырын, шекер, / Бір сабақта ғұж-ғұж жентек.
  40. Бір анадан жүз бала, / Жүзі де боз бала.
  41. Бұты, бұты ұзын, / Бұтынан да қолы ұзын.
  42. Қыста – мазар, / Жазда – базар.
  43. Азар, азар кетті, / Әкесі мазар кетті, / Баласы базар кетті.
  44. Аспай піскен, / Қайнамай түскен.
  45. Отырған мекен етіп жапан дала, / Бір талай мақұлыққа болған ана. / Мезгілі жеткен шақта жүкті болып, / Алты айда табады екен сансыз бала.
  46. Түсі бар ақты, көкті, қызыл ала, / Пайдасы адамзатқа тиген жаңа. / Қойыпты ортасына қазық қағып, / Сүйкімді көреді екен бала-шаға.
  47. Әрі қызыл әрі тәтті, / Татқан жанды таңырқатты.
  48. Ортасында қазығы, / Бұтағында азығы.
  49. Гүлсіз миуа піседі, / Көп жесең, тіл жарады. / Ай сияқты дөңгелек, / Бұны кім табады?
  50. Сырты қызыл, іші ақ, / Ортасында бір таяқ.
  51. Сары қапта бір қап ұн, / Ұн ішінде бір ұстұн.
  52. Болат жапырақ шешесі бар, / Тәтті бике қызы бар, / Тастай қатты баласы бар.
  53. Әңкүр-мәңкүр әкесі бар, / Жайлы шыбық шешесі бар, / Сұлу бикеш қызы бар, / Арамзада ұлы бар.
  54. Жер астында темір қазық.
  55. Жер астында қызыл қыз отыр.
  56. Жер астында жез қазық, / Жеуге болар ас қазық.
  57. Жаздай інге тығылып, / Жатқан қызыл түлкіні / Құйрығынан суырып, / Әкелді әжем бір күні.
  58. Сары балам ішкері, / Сақалдары тысқары.
  59. Өзі жерде бұғып жатыр, / Сақалы сыртқа шығып жатыр.
  60. Қызыл, қызыл, қызыл қыз, / Бұрымы кеткен ұзын қыз. / Өзі ұйқыға батады, / Бұрымы сыртта жатады.
  61. Жерге қазық қақтым, / Басына айдар тақтым.
  62. Жер астына түседі, / Сап-сары боп өседі.
  63. Тоғыз қабат қызыл торқасында, / Өседі екен ақ сүйрік ішінде.
  64. Аласа ғана бойы бар, / Тоғыз қабат тоны бар.
  65. Қанттан ақ, бүйірі тоқ, / Жерден алар керегі көп. / Киетіні қызыл, жасыл көйлектер / Ол не екен, кәне, достар, ойлап көр?
  66. Қалың киімді ұнатады, / Шешіндірсең жылатады.
  67. Жер астында ақбоз ат, / Терісі бар он қабат. / Жалынан ұстап соярсың, / Жей бастасаң, жыларсың.
  68. Бар екен жер астында түйме басты, / Мәнісін адам тауып айта алмасты. / Өзінің кемеліне әбден келіп, / Басына көріктей ғып ығыр шашты.
  69. Бір күмбездің ішінде мың күмбез.
  70. Кіргенде жерге сыңар-ды, / Ұрпағын ертіп ол шығарды.
  71. Ана ауылдың кемпірі өлді деген немене, / Топыраққа томпайтып көмді деген немене. / Анасы сол күйінде өліп қалады, / Балалары шуылдап толып болады.
  72. Аласа ғана бойы бар, / Қабат-қабат тоны бар.
  73. Аласа талда алуан алма, / Алқызыл болмай аузыңа салма.
  74. Шақырсаң, өздігінен бара алмайды, / Сұрасаң, бірде жауап бере алмайды. / Егер де отқа салсаң, өліп кетер, / Бір жерін кесіп алсаң, қанамайды.
  75. Қозғалмай бір орында қарап тұрар, / Адамның қажетіне жарап тұрар. / Қаншалық жәбір көрсе, сабыр етіп, / Және де көбеймекке талап қылар.
  76. Жазда жасыл тон киеді, / Күзде сары тон киеді. / Қыста, суық аязда / Жалаңаш тұруды сүйеді.
  77. Өсіп тұрған бұл не, / Жаз болса, жайнап, / Саясында ән салып, / Құстар жүрген сайрап. / Салқын түссе, шешіліп, / Қалады өзі жайрап.
  78. Қыс болса, ұзын бойлы жалғыз тұрған, / Жаз болса, түрлі құстар келіп қонған. / Қысты күні киімсіз, жазда киімді, / Жыбырлап түрлі жәндік соған толған.
  79. Ол өзі мекен еткен жаһан дала, / Атасы, анасымен біреу ғана. / Қысында бар баласы кетіп бітсе, / Жазында қайта бітер сансыз бала.
  80. Айға, күнге көрінбес, / Ағашпенен тепе-тең.
  81. Шөлде гүлдейді, құлпырады, / Суда өмірі қырқылады.
  82. Ұзын-ұзын ұзарады, / Ағарады, бозарады. / Өскен сайын басын иіп, / Мұңаяды, қызарады.
  83. Қалтырап жап-жалаңаш, / Тұрғанда терек, қарағаш. / Көк желегін жамылып, / Құлпырар қыста қай ағаш.
  84. Жазы, қысы өзгермес, / Жаралған баста түрінен. / Қанша аяз болса да, / Айрылмайды гүлінен.
  85. Жаз кигені жаңа нәш, / Қыста жап-жалаңаш.
  86. Тікен, тікен тік пісте, / Қысы-жазы бір түсте.
  87. Кескінсіз, талдай, / Миуасы балдай.
  88. Күннің нұрын сүйемін, / Күнге басымды иемін. / Моншағым жоқ мойнымда, / Үлкен қалпақ киемін.
  89. Бір сиырым ала бас, / Жан-жағына қарамас.
  90. Қалпағы бар дөңгелек, / Сары гүлмен қоршаған. / Қарай-қарай күнге ерек, / Мойны талып шаршаған.
  91. Жиып қойсаң анасын, / Жеуге болар шикідей, / Бұл іске қайран қаласың.
  92. Жүзін орап гүлменен, / Күнге қарап телмірер. / Тіспен шағып, тілменен / Дәмін татқан ел білер.
  93. Ол күнді күзетеді, / Күн оны түзетеді.
  94. Күннен көзін алмайды, / Мойны бірақ талмайды.
  95. Бір үйде бар мың қақпа, / Бір қақпасы күн жақта.
  96. Сәл иіліп, сәнденіп, / Бақшада тұр сары бөрік. / Күзде жинап жаншысаң, / Сорғалайды май болып.
  97. Өзінің жаны жоқ, / Айға, күнге қарайды.
  98. Бір ел бар су ішетін тамақ емес, / Сөйлесіп бір-бірімен қылмас кеңес. / Үстіне жаздыгүні киім киер, / Қыстыгүні жалаңашы ештеңе емес.
  99. Көгеріп май алдында түрге келген, / Күшімен адамзаттың өсіп-өнген. / Тамыз бен қыркүйекте күні толып, / Әлеумет пайдаланар алып жерден.
  100. Қырға кілем жайдым.

Ауыз әдебиеті