Қазақ жұмбақтары шешуімен
Қазақ халқының жұмбақтары шешуімен: табиғат, жан-жануар, үй бұйымдары, адам туралы. Әр жұмбақтың жеке беті бар — алдымен өзіңіз ойланып, сосын шешуін ашыңыз. Барлығы: 2 264. 3-бет, барлығы 23 бет.
- Қыс болса, қыр мен ойды аралайды, / Жаз болса, қозғалуға жарамайды.
- Ұстасаң, қолға ілінбес, / Қарасаң, көзге көрінбес. / Жүрсе, ізі жоқ, / Көретін көзі жоқ. / Гулесе, күші бар, / Таңғаларлық ісі бар.
- Қолтықтан кірер қоңқайып, / Төрге шығар томпайып.
- Қусам да жеткермеді, тұра қашты, / Барды да бұрыш қаптың аузын ашты.
- Жер түбінен боз жорға ат келеді.
- Ақ боз жорға, / Күн бұрын ойламасаң, / Кезігерсің көп сорға.
- Жол үстінде семіз тоқты, / Құйрығын көтере алмай жерге соқты.
- Шөміші жоқ, теңізді сапырады, / Кебісі жоқ, егінді жапырады.
- Жоқ аяғы, жоқ қолы / Жұрттың бәрін сілкілейтін көк долы.
- Қол-аяғы жоқ болса да, / Қақпа есікті аша алған.
- Жерде емес, аспанда емес, арасында, / Қол жетпес ұсынғанмен саласына. / Өзінің ұшқырлығы құстан жүйрік, / Ойланып бұл жұмбақты табасың ба?
- Бар екен бір мақұлық боздайтұғын, / Жұлқынып төңіректі қоршайтұғын. / Жаһанды жалпағынан басып өтіп, / Ұшқан құс, жүгірген аң озбайтұғын.
- Бір нәрсе көрінбейді, бар ғой өзі, / Адамзат ол нәрсені көрмес көзі. / Жансызды қимылдатып жанды қылар, / Ызылдап, ызың қағар айтқан сөзі.
- Аяғы жоқ, қолы жоқ, / Жүретұғын жолы жоқ. / Мінезі де жеңілтек, / Тіл алмайтын бір тентек, / Шөпшілердің шөбін шашты, / Қалпағымды ала қашты.
- Желіп кетсе, жеткізбес, / Жерге түссе, табылмас.
- Әне барады өзі, / Көрінбейді ізі.
- Алдымнан өтті бұлдырлап, / Тұра қалдым жолында. / Ұстайын деп ойладым, / Ілінбеді қолыма.
- Бір нәрсеге қарап тұрсаң, дүбірлейді, / Алыстан көзің салсаң, күлімдейді, / Екпіні сонша қатты болса дағы, / Ұстасаң, қолыңызға білінбейді.
- Бір нәрсе жер мен көкті шарлап тұрған, / Дамылсыз бәйіт айтып зарлап тұрған. / Тамаша қылығына қарап тұрсам, / Арасын жер мен көктің барлап тұрған.
- Ашуланып бұртиды, / Аузы көпіріп құтырды. / Ашушаң ақымақ, / Кез келгенді ұшырады.
- Өрге қарай құтылды, / Сырына келіп қосылса, / Өз-өзінен құтырды.
- Жұмбағым жұтылды, / Ойға қарай құтылды.
- Бір хайуан елге мәшһүр таңғажайып, / Жүреді кейде көп боп, кейде азайып. / Барлығы көпке мәлім болса дағы, / Еш адам ұстай алмас ебін тауып.
- Қу талақай үйірілген, / Желден шүйке иірілген.
- Бір нәрсе көруге көп, ұстауға жоқ, / Жаздыгүні көп болар, қыстауға жоқ. / Тұрмайды бір мекенде қарауытып, / Қаншама жалынып, жалпайсаң жоқ.
- Алтын аяқ, / Жете алмадым, / Жалаң аяқ.
- Кейде аққан судай, / Кейде қалың нудай. / Жақындасаң жоқ, / Алыстасаң бар.
- Үстінде шөлдің, / Толқыған көлмін.
- Алдымнан өтті бұлдырап, / Тұра қалдым жолына. / Ұстайын деп ойландым, / Ілінбеді қолыма.
- Көз алдымда көк теңіз.
- Бір нәрсе көруге бар, ұстауға жоқ, / Тұрады көк шәлідей шымылдық боп.
- Толқып-толқып судай ағып, / Ешбір жанды кетпес қағып. / Көз көрсе де, қол ұстамас, / Жаратылған мұнша нағып?
- Бір кеме аспанда ұшқан, аяғы жоқ, / Қолына ұстап алған таяғы жоқ. / Күніне талай жерге кезіп кетер, / Не екен ол ешбір жерде саяғы жоқ.
- Қанатсыз құс жақын барады, / Көзінен жас тамып барады.
- Көк көрпенің мақтасы, / Әр жерде жүр бытырап. / Біріктіруге қол жетпес, / Болды-ау шіркін ысырап.
- Бір нәрсе жердің бетін шыр айналған, / Мақұлық біз білмейтін қайда барған. / Арасын жер мен көктің мекен етіп, / Байлаусыз бір арада тұра алмаған.
- Торғын көкте ағып құс, / Ағылып ұшып барады. / Айналасын қарайтып, / Күннің көзін жабады.
- Бірде селбір жабағы, / Бірде теңбіл жабағы.
- Будақ түтін түсі аппақ, / Көк жүзіне тұзақтап. / Қойғандай-ақ жылжымай / Тауды өбеді құшақтап.
- Бесірдегі бес бие, / Бесеуі де құлынды. / Құлындары торлы ала, / Құйрықтары сары ала.
- Жардай дәулер соғысты, / Жарқ-жұрқ етіп оқ ұшты.
- Аспандағы көлеңке, / Жерге суын себеді.
- Көк көрпенің ішінде жарты нан жүр.
- Қырда қылыш жарқылдайды.
- Айдаһар аузын ашса, арс етеді, / Гауһары жерге түссе, жарқ етеді.
- Арыстан арқырады, / Айнала жарқырады.
- Бір нәрсе етегі кең, найзасы бар, / Қосылған адамзатқа хайласы бар. / Мекені жерде емес, көлде емес, / Адамға әр уақытта пайдасы бар.
- Бір нәрсе жоғарыда от жағып тұр, / Дабылдатып дабылын ол қағып тұр. / От жағып, дабыл қағып тұрғанында / Сабалап төменге су ағып тұр.
- Әуеден күбі түсті, / Күбінің түбі түсті.
- Мені ешкім көрмейді, / Дауысымды есітеді.
- Сарайдағы сары айғыр, / Сарнап-сарнап кісінер.
- Тау тарс етсе, тағы үркер, / Таудағы елдің малы үркер. / Қырдағы жылқы үркер, / Жортып жүрген түлкі үркер.
- Бұлт ішінде бурыл ат кісінейді.
- Аспандағы әсем белбеуді / Алып, белге буынсам.
- Көкке шықса, бұлт, / Жерге түссе, шаңыт.
- Қара таудың басында / Киік кетіп барады. / Қол-аяғы баурына / Тиіп кетіп барады.
- Көтеріліп теңізден / Аспанға биік барамын. / Биіктен қайта түскенде / Өңі кірер даланың.
- Көкте туып, / Жерде өледі.
- Ата-екем жерге пышағын шанышты.
- Әуеде қызғыш, жерде бұзғыш. / Қызғыш айтады: «беремін» деп, / Бұзғыш айтады: «аламын» деп, / Берсе – барлық, / Бермесе – қаһарлық.
- Таудан топ түсті, / Аяқ-қолы жоқ түсті.
- Тырсылдап түседі, / Жер бетіне жетеді. / Жер бетіне жеткен соң / Ғайып болып кетеді.
- Ақ моншақтар сабалар, / Қалмайды олар жанды аяп. / Жатып-жатып жоғалар, / Ешкім жинап алмай-ақ.
- Аспаннан жауды ақ бидай, / Үйге қарай жүгірдім. / Ызғарына шыдамай, / Сүмелектеп бүгілдім.
- Бір нәрсе жоғарыда от жағып тұр, / Дабылдатып дабылын ол қағып тұр. / От жағып, дабыл қағып тұрғанында / Сабалап төмен қарай су ағып тұр.
- Жүруге жоқ, шығуға жарар жаны бар, / Тәртіппенен тұратын өз әлінше сәні бар. / Керек болар кейін деп түйіп алған, / Азық қылар бір азырақ дәні бар.
- Жеп жатарда жасқанбай бірді берсең, / Ондап-жүздеп аларсың, егер көрсең. / Еш уақытта еңбегің еш болмайды, / Әрекет қып, беріп ал, тіліме ерсең.
- Біздің ел сұратады сегізіңді, / Бұғыдай мойны жуан семізіңді. / Алдынан алақанын төсеп алып, / Тартады тойғызам деп негізіңді.
- Ұстарамен алынбас, / Ұйысып тұрған қалың шаш.
- Қар астында қыстағаны, / Жасыл бөрік тыстағаны.
- Жасынан тәрбиелеп бала бақтым, / Өсіріп ол баланы жұртқа жақтым. / Күніне екі-үш рет көрмей тұрсам, / Болмайды бұл дүниеде менің нақтым.
- Алтын аяқты, / Алтын десем – азығы жоқ, / Ол жоқ болса – алуы жоқ. / Дүние толған адамның / Баршасы да теп-тегіс, / Біріне-бірі қарауы жоқ.
- Желі басында бес бие, / Бесеуі де жас бие. / Құлындары құла ала, / Құлақтары сары ала.
- Аласа терек, / Алпыс бұтақ, / Бұтақ сайын ұя, / Ұя сайын жұмыртқа.
- Мысық мұртты, / Өрмек басты.
- Ұзын мұртты сарылар, / Қойнында наны бар.
- Екі жағы бүртік, / Ортасы сызық.
- Қызыл күріш тас боп түседі, / Ақ ұлпа қар боп шығады.
- Аласа ғана бойы бар, / Қойнына тыққан наны бар.
- Өзі қызық, / Бауырында бар / Жалғыз сызық, / Бұған жұрттың бәрі де ынтық.
- Пісер күнін сарылып, / Күтіп жүрдік сағынып. / Күз келгенде болыпты / Салиқалы сары мұрт.
- Біреуін бердім / Онын тердім.
- Бек тұрған, / Белін буып, / Тік тұрған.
- Бір ағашта қырық бұтақ, / Қырық бұтақта қырық ұя, / Қырық ұяда қырық жұмыртқа, / Қырық жұмыртқада қырық балапан.
- Қызыл күріш тас болып түседі, / Ақ ұлпа қар болып шығады.
- Табаны суды сүйеді, / Қабығы күнге күйеді.
- Бала, бала, балалар, / Мүйізінен су ішіп, / Таяғынан балалар.
- Бір бұтаның қырық ұясы бар, / Қырық ұяда қырық мұрасы бар.
- Мынау неге мұңаяды, / Бір жағына қыңыраяды. / Аузы-басын түк басып, / Тұмсығы неге қызарады.
- Пәре-пәре болды, / Басы айналып жара болды. / Бастарына жүн шығып, / Басымызға бәле болды.
- Бойы бір қарыс, / Сақалы екі қарыс.
- Жерден шығар көгеріп, / Беліне қылыш байланып.
- Қол басындай ағашта / Сансыз адам байлаулы, / Санасаң, саны бар, / Аяғында жаны бар.
- Мұнда тау, / Онда тау, / Ортасында көп шөп.
- Сары қызым көгенде тұрып семірген.
- Көк лағым көгенде тұрып семірген.
- Біреу-ақ анасы, / Мың шақты баласы.
- Соғым үшін сайлап қойдым, / Бордақылап байлап қойдым.
- Бір шар бар кіріп шығар есігі жоқ, / Су ішер, нан жемейді, тамағы тоқ. / Ішінде көп балапан етер мекен, / Ас қылып сойып жесең, балдай екен.
- Өзі аласа, семіз, майы жоқ, / Терісі қалың, жүні жоқ.