Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қазақ жұмбақтары шешуімен

Қазақ халқының жұмбақтары шешуімен: табиғат, жан-жануар, үй бұйымдары, адам туралы. Әр жұмбақтың жеке беті бар — алдымен өзіңіз ойланып, сосын шешуін ашыңыз. Барлығы: 2 264. 2-бет, барлығы 23 бет.

  1. Аспаннан күбі түсті, / Күбінің түбі түсті.
  2. Азаяр қыста қызуы, / Молаяр жазда шыжуы.
  3. Тақия толы сөк, / Таң атқанда жоқ.
  4. Ақ сандығым ашылды, / Ішінен жібек шашылды.
  5. Жалғанда бір нәрсе бар аяққаптай, / Ұшады кешке дейін дамыл таппай.
  6. Екеуі де анасы, / Үш жүз алпыс бес баласы, / Отыз ор дуадақ, / Бес балақ сан, / Қырық сегіз патшасы.
  7. Там басына тары жайдым.
  8. Бір халық аспанда ұшқан, аяғы жоқ, / Ұстаған қолдарында таяғы жоқ. / Күніне талай жерге кетер кезіп, / Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ.
  9. Себелеп інжу шашады, / Сергітіп көңіл ашады.
  10. Алдымда әр түрінен жібек жіптің, / Аспанға әшекейлеп кесте тіктім.
  11. Тақиям толы сөк, / Ерте тұрсам дым да жоқ.
  12. Біз, біз, біз едік, / Біз алты қыз едік, / Бір тақтайға жиналдық, / Таң алдында жоқ болдық.
  13. Көзі жасты, / Тұра қашты.
  14. Аспанда бір нәрсе бар жылмаңдайды, / Тау басында жүгіріп қылмаңдайды. / Жанына жан иесі жақын келсе, / Бақырып бас салудан тайынбайды.
  15. Аспанға ұшар бу болып, / Жерге қайтар су болып.
  16. Алты қаз, жеті үйрек, бір бөдене, / Кейде орта, кейде толы сар тегене, / Тұнық пенен лайдың арасынан, / Бір аққу ұшып шықты құсқа төре.
  17. Тоңғақты таниды, / Беті қолын қариды.
  18. Ақ жылан аяғы да, көзі де жоқ, / Сөйлеген не бір ауыз сөзі де жоқ, / Тоқтамай қысы-жазы жүре берер, / Бір сәтке аялдайтын жері де жоқ.
  19. Ауыл сыртында сайда, / Жатыр үлкен айна.
  20. Кетпейді қасымнан / Сипайды шашымнан. / Желпиді, өбеді, / Бетіме төнеді. / Емес ол жырақта / Көрінбес бірақ та.
  21. Қыста ғана болады, / Ұстасаң қолың тоңады.
  22. Есіктен кірді еңкейіп, / Төрге шықты қампайып.
  23. Өнері жоқ, қолы жоқ, / Сурет салуды біледі.
  24. Қыс жатады, жаз тұрады, / Жоқ болса да қол-аяқ қаз тұрады.
  25. Төгілген жерге ақ моншақ, / Ғайып болды сол шақта-ақ.
  26. Ақ сиыр тұрып кетер, / Қара сиыр жатып қалар.
  27. Бір нәрсе көруге бар, ұстауға жоқ, / Жаз көркі, көк шәлідей шымылдық боп.
  28. Көктемде ақ гүлге оранады, / Күзде қолға доп болып оралады.
  29. Кішкентай ғана құтыша, / Іші толған мықша.
  30. Тәтті. / Тәттінің іші қатты, / Қаттының іші тәтті.
  31. Мезгілсіз піспейді. / Піспей түспейді, / Шыңнан құласа, / Шекесі іспейді.
  32. Өзі қызыл, / Бауырында бар, / Жалғыз сызық. / Бұған жұрттың, / Бәрі де ынтық.
  33. Алыстан көрсем ақ тас, / Жақыннан көрсем – дәмді ас.
  34. Жерде жатып желіндейді, / Күз түскенше желінбейді. / Үндеместен төлдеп жатыр, / Су беріңдер шөлдеп жатыр.
  35. Сырты жасыл, қап-қатты, / Іші қып-қызыл, тәп-тәтті.
  36. Көк лағым көгенде жатып семіреді.
  37. Сусыз піскен ас көрдім, / Домаланған бас көрдім.
  38. Бір тауық балапан басты жерге кіріп, / Баласын шығармақшы жерде жүріп. / Ол жерден мойнын созып балалады, / Қарасақ, мыңнан да көп бетін жырып.
  39. Асты тақта, / Үсті тақта, / Ортасы жасыл мақта.
  40. Түскенде салқын күз, / Жинадық алтын тіс.
  41. Пошымы бар домалақ, / Көміп қойдым сығалап. / Жақсы болса тұрмысы, / Шығады екен қоғалап. / Бес ай тамам біткенде, / Қаптап алдым құмалақ.
  42. Үстіне тігіп көк шатыр, / Астында қызыл дәу жатыр.
  43. Жайлы, жұмсақ төсегім, / Домаланып өсемін. / Қабат-қабат тоным бар, / Қалай оны шешемін?
  44. Аласа тал, / Тамаша тал. / Самсап тұр алмасы, / Ол алқызыл, / Ол қанқызыл, / Болғанша алмашы.
  45. Ұзын кілемім бар, / Көтеріп ала алмаймын. / Ұзын арқаным бар, / Оны жиып ала алмаймын.
  46. Үлкен, үлкен түйені / Тастапты атам шөгеріп. / Өркеші бұлтқа тиеді, / Бауыры жатыр көгеріп.
  47. Өркешіне мұз артқан, / Шудасынан су аққан, / Мынау неткен қара нар, / Күншіліктен мұратқан?
  48. Көтеріп орман, тоғай, тастың бәрін / Жапанда шөгіп жатыр үлкен нарым.
  49. Ақ жылан аяғы жоқ, көзі де жоқ, / Сөйлеген не бір ауыз сөзі де жоқ. / Тоқтамай қысы-жазы кезе берер, / Үстінде бір жапырақ бөзі де жоқ.
  50. Күлің, күлің, күлің ат, / Күліп өтті, көрдің бе? / Көлеңкесін көрсетпей / Жүріп өтті, көрдің бе?
  51. Дедектейді, зырлайды, / Артқа мойын бұрмайды.
  52. Шыққанда шығыны жоқ, / Жауса жауын бүйірі тоқ, / Қыста жылтыр қақ болар, / Түртінектеп тынымы жоқ.
  53. Бар-бар, атым бар, / Жүйрік қана затым бар. / Жылқыға ұқсап кісінемес, / Қолға ұстасам, тістемес.
  54. Бір шұқырда көп шұқыр, / Іштен түртіп көп шұқыр.
  55. Ақ боз атым арынды, / Ақ көйлекке малынды, / Таудан тасты атқылап, / Таудан түсті шапқылап.
  56. Жылт-жылт еткен, / Жырадан өткен.
  57. Ұзын-ұзын ұз келеді, / Ұзын бойлы қыз келеді. / Қасы қалтырап, / Көзі жалтырап.
  58. Қара атым қалтырауық, / Қабырғасы жалтырауық.
  59. Бір жылан жол салыпты әрбір сайға, / Сай түгіл жол салыпты әрбір жайға.
  60. Бар-бар, бар атым, / Бар бойынша жорға атым. / Ажырақ көрсең, тістеме, / Байтал көрсең, кісінеме.
  61. Аяғы жоқ жүреді, / Сылқ-сылқ күледі.
  62. Қасқанасы қылтылдап, / Көз қарасы жылтылдап. / Ұзын-ұзын ұз келер, / Ұзын бойлы қыз келер.
  63. Бар екен бір мақұлық өзі жансыз, / Келеді кей жері әлді, кей жері әлсіз. / Кеудесі жерден шығып, жерге кірген, / Шешуін мұның біраз ойланарсыз.
  64. Базардан әкелген бұлымыз, / Жон терісін тіліңіз. / Еті арам, сорпасы адал, / Мұны не деп біліңіз.
  65. Қайда қазған, / Тағдырда жазған, / Барлық жұртқа бір ана.
  66. Отқа жанбас, / Суға батпас.
  67. Суда жаралады, / Суда жоғалады.
  68. Отқа күймейді, / Суға шөкпейді.
  69. Адам тимей қағанағым жарылды.
  70. Қыста өседі ақ сәбіз / Төбесінде үйлердің. / Дәнегі жоқ шақсаңыз, / Соның үшін тимедім.
  71. Арқалық салмай үй жаптым, / Суықта жылжымай жаттым.
  72. Қарағайсыз, тақтасыз, / Көпір салдым балтасыз.
  73. Шешесі-су да, әкесі-суық, / Көктемде өлер, күз күні туып.
  74. Төмен қарап өседі, / Күн жылына өшеді.
  75. Қыстыгүні аппақ, / Жаздыгүні сұп-сұйық.
  76. Ақ қойым тұрып кетті, / Қара қойым жатып қалды.
  77. Қыста бар да, жазда жоқ, / Ол көп болса, көңіл тоқ.
  78. Мамықтай ұлпа, / Қанттай ақ. / Қыста жер бетін басады, / Жазда сайға қашады.
  79. Жер жиһанға ұн шаштым.
  80. Жерге қонған аспаннан көп көбелек, / Жазда іздесем, бірі де жоқ көбелек.
  81. Бір көрпем болушы еді ақ бәтестен, / Кім екен ыстық қолмен оны сөккен. / Төсекке көк пүліштен кілем салып, / Ғайып боп кетті өзі жер мен көктен.
  82. Аппақ етіп айналаны, / Ақ көбелек айналды, / Әбден қонып болған соң, / Жер әлемде жайланды.
  83. Ақ жібек асыл көрпедей, / Қыс болса жерді жабады. / Жазғытұрым болғанда, / Су болып сайға ағады.
  84. Батырмай жерге қонады, / Жердің беті оңады. / Қыста ғана тұрады, / Ұстасаң, қолың тоңады.
  85. Бір түйем жүре алмайды майы көптен, / Ол түйем тойынбайды жеген шөптен. / Егер де осы түйем өліп қалса, / Сүйегі табылмайды жер мен көктен.
  86. Бөркін ағай киеді ошырайтып.
  87. Бір нәрсе өліп жатыр, жетіп ажал, / Малының қисабы жоқ безбенге сал. / Сүйегі көкте де емес, жерде де емес, / Жігіттер, көңіл қойып, ойлаңыздар.
  88. Ақ шапанын үстінен / Алты ай бойы шешпеді. / Қара шапаны үстінен / Алты ай бойы түспейді.
  89. Жездекем жезді қамшысымен жер шұқылайды.
  90. Тама-тама тас тескен.
  91. Мұрынсыз шымшық мұз теседі.
  92. Шолақ мылтық жер теседі.
  93. Жазда болмайды, / Қыста болады. / Терезеге қонады, / Әсем ою ояды.
  94. Құлағы мен көзі жоқ, / Жоқ тіпті қол мен аяғы. / Бірақ ғажап өнерпаз, / Мәнерлеп ою ояды.
  95. Мөлдіреген жүзімді, / Ұстап едім үзілді.
  96. Қолы жоқ, сурет салады, / Тісі жоқ, тістеп алады.
  97. Есіктен кірді еңкейіп, / Төрге шығады қампайып.
  98. Терісін жыртпай етін жеген, / Жілігін шақпай майын жеген.
  99. Қуып едім мойнын бұрмады, / Ұстайын деп ем қолға тұрмады.
  100. Қанаты жоқ ұшады, / Аяғы жоқ желеді, / Аузы жоқ ұлиды.

Ауыз әдебиеті