Қазақ жұмбақтары шешуімен
Қазақ халқының жұмбақтары шешуімен: табиғат, жан-жануар, үй бұйымдары, адам туралы. Әр жұмбақтың жеке беті бар — алдымен өзіңіз ойланып, сосын шешуін ашыңыз. Барлығы: 2 264. 18-бет, барлығы 23 бет.
- Бір тілім ет не қаны жоқ, / Азғана май қорегі, / Тапсаң ойлап, тез шешіп, / Жауабын кім береді?
- Арықтаса сөнеді, / Адам үшін көнеді. / Мінезі жаман өзінің, / Білдірмей тебеді.
- Ақ шатыр, ақ шатыр, / Ақ шатырдың ішінде / Қызыл көзді шал жатыр.
- Мекен қып бұ жиһанды падиша өткен, / Ол падиша алтын тақты мекен еткен. / Басында падишаның алтын тәжі, / Сол тәжі ақырында түбіне жеткен.
- Бір түйем өлді арықтап майы көптен, / Жануар семірмейді жеген шөптен. / Ол түйем зәудеғалам өліп кетсе, / Сүйегі табылмайды жерден, көктен.
- Сығырайып қарады, / Аласарып барады.
- Жіңішке жуан емес, өзі арық, / Тілі шықса, дүниені қылар жарық. / Сүйегі жоқ, денесі жұмсақ өзі, / Суға салса, батпайды сондай парық.
- Бір жылан су ішінде жуан қарын, / Басы аппақ, тілінен шығар жалын. / Түн ішінде адамға пайдасы көп, / Күзетіп бақылайды адам халін.
- Судан шығып жалаңдайды бір жалын, / Аузында алтын балық жарқыраған. / Жыланның тіршілігі суыменен, / Су құрыса, балық өлер әрі жылан.
- Білтесі жоқ, майы жоқ, / Жарқырап от жанады. / Тұтанады шырпысыз, / Өзінен ұшқын шығады.
- Жарығы күндей, / Таңғалдырар адамды, / Жалындап күймей.
- Сыртының сырнайы бар, / Ішінің бүтін айы бар, / Май ішінің өзегі бар, / Бір апта өшеді, / Бір апта көшеді, / Кезегінде керегі бар.
- Үй сайын бір-бір құсты қойдық байлап, / Тұрады уақытында көзі жайнап. / Ішіне бір сырғалы салып қойсаң, / Бар суын ішіндегі шығады айдап.
- Бір нәрсе заты тастан, іші қуыс, / Ұстауға қиын екен, қылса жұмыс. / Өтпейді өткір пышақ, шажан қылыш, / Қайтадан күл болады, қылсаң соғыс.
- Бір жерде бір бәйтерек жеке біткен, / Басында әділ патша мекен еткен. / Неше күн жер астында жатып-жатып, / Жолай алмай қасына қыршын кеткен.
- Бір нәрсе тау үстінде мекен еткен, / Басына шарбақталып күмбез тіккен. / Болғанда судан себеп, тастан бөгеу, / Жеріне күрмек шыбық тетік еткен. / Еш нәрсе өз тұсынан істемейді, / Сыртынан бірнәрсе кеп хабар еткен. / Адамға түнде пайда беру үшін, / Дүниеге аты мәлім, даңқы кеткен.
- Ұзын терек, / Саясы жоқ.
- Ұзын-ұзын ұз келер, / Ұзын бойлы қыз келер.
- Ұзын-ұзын, ұзын жіп, / Ұшы қайдан табылар?
- Таудан баспағым домалап келе жатыр.
- Жусаннан аласа, таудан биік.
- Адамзаттың баласы, / Менсіз кәсіп қылмас та, / Басымды мен көтерсем, / Аспан көкке жетермін.
- Бір қырман ұп-ұзын қып қойдым шауып, / Көмекке елдің көбін қойдым жауып. / Аспанда бұрқырады, топан ұшты, / Алмады жалғыз дәнді адам тауып.
- Бір жолда екеуі жарысады, / Бір-бірінен оза алмай алысады.
- Бір заттың салмағы ауыр сансыз тонна, / Ұстаған емес оны ешкім қолға. / Пайдасы барлық заттан артығырақ, / Сәнменен кере тартып жатар жолда.
- Бір нәрсе өзі жансыз ырғатылып, / Өзінің аяғы жоқ бір мақұлық. / Жаз болса, көк шалапты сапырады, / Шөмішін бір шығарып, бір батырып.
- Тап-тап, тап басқа, / Табаны жалпақ көк қасқа, / Үйірге салсаң, кісінемес, / Шөптің басын тістемес.
- Адам істеп шығарған бір жануар, / Құрғақ жерде жаны жоқ, суда болар, / Жаз болса, күні-түні су ішінде, / Бұл не еткен жануар, табыңыздар.
- Белдіксіз, дөңгелексіз күймелі арба, / Қозғасам, бара берген жардан жарға.
- Шапсаң, жаңқасы жоқ, / Жүрсең, ізі жоқ, / Кессең, қаны жоқ.
- Сойсаң, қаны жоқ, / Жеуге еті жоқ.
- Екі басты белі бар, омыртқа жоқ, / Сүбелік бүйрегі бар, қабырға жоқ. / Жүргенде құс табаны жерге тимес, / Бақай, тірсек, толарсақ, тобық та жоқ.
- Бар екен екі басты бір мақұлық, / Жүреді аяғы жоқ ырғатылып. / Жаз болса сары қымыз сапырулы, / Қасығын бір шығарып, бір батырып.
- Тоғайда туып, суда өмір сүреді.
- Тап-тап, табаны ақ, / Табаны жалпақ қоян ақ. / Басып кетсе, ізі жоқ, / Бауыздаса, қаны жоқ.
- Тарыға торғай қонса, сақпан біледі, / Түлкіні түнде жорытқан қақпан біледі. / Бір жұмбақ мен айтайын сіз тыңдаңыз, / Ат құсап шалқасынан жатқан біледі.
- Үсті тақтай, асты тақтай, / Балалары ойнайды, / Барып тоқтамай қоймайды.
- Ербегей де сербегей, / Иесіз үйге кірмегей, / Атсыз, сірә, жүрмегей.
- Басы жоқ төрт аяқты жансыз бір зат, / Құлағы жоқ, көзі жоқ бейне ол ат. / Жүк артсаң, белі тағы майыспайды, / Құйрық-жалсыз ол неткен меңіреу зат?
- Қырда ағаш, / Ойда ат.
- Қадамы жоқ ізінің, аяғының, / Созса, ұшы жетпейді таяғының. / Екі қолын айуанға артып алып, / Әніне салады екен баяғының.
- Тарақ сияқты ергенек, / Ай сияқты дөңгелек.
- Төрт бала бірін-бірі қуалады.
- Елде артын барлайды, / Жүгірсе, артын жарлайды, / Ми айналып қалмайды.
- Болғанда екеу аға, төртеу ала, / Жиырма сегіз екен тапқан бала. / Өзімен ол көп жүкті көшіреді, / Қандайлық мықты болған жүзі қара.
- Екі таяқ көтердім, / Ортасынан итердім.
- Бір жұмбағым бар, асты қар, / Қадамы жоқ, ізі бар, / Мойнында жібі бар.
- Табаны жалпақ боз жорға, / Тайпалсын десең, сал жолға.
- Тайпаңдайды бүгіліп құла жорға, / Маңызданып аяғын басар зорға. / Неше күн дамыл алмай жүрсе дағы, / Иіліп жерден шөпті жемес сонда.
- Жол үстінде пөстек, / Оны таппаған естек.
- Жол үстінде төсек, / Оны таба алмаған есек.
- Жалғаған ел ортасын, / Жатыр тосып арқасын.
- Белі бүкір, / Алысқа түкір.
- Бас бармағы бармақтай, / Бақырғаны тайлақтай.
- Алып соғып арс етті, / Даусы Самарқанға жетті.
- Дауыстап жаһанда ақырғанда, / Баласы қайта келмес шақырғанға.
- Бір нәрсе ғажайып, қайран өзі жүйрік, / Онда жоқ ұшатұғын қанат, құйрық. / Өзінің жан алмаған еркі бар, / Жасаған жарасулы етсең бұйрық.
- Тау тарс етті, / Күн гүрс етті. / Жырадағы жылқы үрікті, / Жымда жатқан түлкі үрікті.
- Темір жатыр ағаштың арқасында, / Жап-жалтыр қара шойын шыға қашар, / Әкесі ашуланса баласына.
- Қара көк бір нәрсе бар, күміс өңдес / Жүрген жүрісін адам білмес. / Қаһарланып бір сапар ақырғанда / Естіген мақұлық жақын келмес.
- Бір нәрсе өзі жансыз, жегені құм, / Бозбала табар мұны заманы сұм. / Тән нәсіп қадалғаннан қан алады, / Күніне шаршамайды болса да мың.
- Көз алдыма әкелсем, / Алыс жерге түкірген. / Ебін тапсаң, инедей, / Айтқан жерден түйрелген.
- Өмір-өмір, өмірден, / Жаққан оты көмірден. / Шыңырау деген бір құс бар, / Жұмыртқасы темірден.
- Жылт, жылт еткен, / Жылғадан өткен.
- Қуыс қурайдың басынан / Құтырған торғай ұшты.
- Қара күшігім қаңқ етті, / Даусы Бұхарға жетті.
- Бір құс бар сондай ұшқыр, ұшар жерден, / Жалпылдап жанған оты қолын сермер, / Шыңыраудан мойны ұзын шығады екен, / Шошынар жанды мақұлық оны көрген.
- Судыр-судыр жүгенім, / Судыр қара дөненім. / Желіп кетсе, жеткізбес, / Түсіп кетсе, таптырмас.
- Аузы жоқ, қолы жоқ, / Ұшқан құстан озады.
- Ұшса, сырнай тартар, / Қонса, қарап жатар.
- Тиіп кетсе, тырс етіп қақ жарылған, / Бар тетігі адамзатқа бағынған. / Мерт қылады жақын келген нәрсені, / Қастық қылса, жаудың жайы табылмаған.
- Ашуына басқанда, / Шаң көтерген аспанға.
- Құстай ұшып зыр қаққан, / Түскен жерін қиратқан.
- Тау астынан күрсілдеп, / Жөтеледі, құсады. / Құсығы жоқ жалынды, / Түскен жерін өрт құшады.
- Адамның ең қымбатты, / Тастамайтын құралы. / Кішкене ғана қозғалса, / Жапыра жауды қырады.
- Екі аяқты кеулейді басын созған, / Мойнында жалын қамыт ноқталанған. / Ұзын тұмсық құйрығы келте келген, / Тиіп кетсең, бұрқылдап сыртылдаған.
- Жорғалаған тасбақа, / Болаттан киген көйлегі. / Жапырып жауды үстінен / Баса-көктеп өтеді.
- Бір нәрсе үш қанатпенен ұшар, / Мысалы аяқпенен аузын ашар, / Өлік құс тірі құстың қанын шашар.
- Ол не дүр басы айыр, түгі бар, / Өзі ағаш, ақ темірден бөркі бар. / Адамзат себеп болып ол дағы, / Алладан пәрмен келсе, өлтірмекке еркі бар.
- Белі қайқы, / Жоны тайқы.
- Қара күшігім қабаған, / Артына киіз жамаған.
- Бір нәрсе қимылдамас жүр дегенде, / Көтерілмес орнынан тұр дегенде. / Қарап жатыр десең де, қимылы тез, / Жылдамдығын білдірер білмегенге.
- Бір нәрсе алты аяқты жүрген өзі, / Ешкімді құтқармайды келсе кезі. / Қызығы әр жәндіктен алып жесе, / Ғажайып маңдайында жалғыз көзі.
- Шаңырақты, түндікті, / Шіреніп жатқан бір мықты. / Тие көрме құрғырға, / Тиіп кетсең, ырғытты.
- Жатады көкке қарап аузын ашып, / Жалғанда сағасынан бір-ақ басып. / Ұстайды, жібермейді кім болса да, / Қалады байқамаған асып-сасып.
- Болғанда қолы біреу төрт саусақты, / Қызметке жақынырақ жүрер жағы. / Жұмсасаң, жібермейді, іркілмейді, / Жаурадым, шөлдедім деп айтпас тағы.
- Өзі батыр, / Жер астында жатыр.
- Жандыны алар қағып жансыз нәрсе, / Жанарсың бұл нәрсені көзің көрсе. / Бір қабат астынан орын теуіп, / Ұстайды кімді болсын, кезі келсе.
- Кішкене ғана тостаған, / Айдалаға тастаған.
- Жапанда бір айдаһар бұғып жатқан, / Оятып өз жанынан қаза тапқан. / Нәрсеге, не болса да, өзі тажал, / Аяғы сондай мықты жерге батқан.
- Ақылы бар, басы жоқ, / Аузы бар, денесі жоқ, / Қолы бар, аяғы жоқ.
- Бір нәрсе өзі жансыз, жандыны алған, / Оны жұрт киізге орап көрге салған. / Біраз күн көр ішінде жатып-жатып, / Бір күні өзі кетіп орны қалған.
- Дөңгелек үңірейген тесіктері, / Белгісіз сықырлаған есіктері. / Есігін байқаусызда түртіп қалсаң, / Жібермей ұстай алған кәсіптері.
- Құдайдың құдіретіне қылдым нәсіп, / Қалады шыққан кезде бір-ақ тасып. / Құдайдан күні-түні тілек тілеп, / Жатады көкке қарай аузын ашып.
- Қолымда жібек баулы жалғыз таяқ, / Сүйреттім ойдан қырға аямай-ақ.
- Бар екен бір айдаһар жалғыз тілді, / Ұқсамас еш сипатқа оның түрі. / Өзі жансыз айдаһар жандыны алған, / Жеріне жақындаған кетпес тірі.
- Салса жұтқыр, / Бермесең, тілейді, / Берсең, «алам» дейді, / Өзің түссең, «қалам» дейді.
- Бір нәрсе сырты бүтін, іші қуыс, / Айуан жандармен болған туыс. / Бір елдің патшасын ол қаратады, / Қарасаң, бар денесі бір-ақ уыс.
- Бір нәрсе жұдырықтай іші қуыс, / Адамға әр уақытта болар туыс. / Бір ердің мақұлығы тоқтатады, / Адамға мұны таппақ қиын жұмыс.
- Бүтін дейін десем, бүтін емес, / Жыртық дейін десем, жыртық емес. / Жануармен ұрыс салады, / Өне бойы тыртық емес.