Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қазақ жұмбақтары шешуімен

Қазақ халқының жұмбақтары шешуімен: табиғат, жан-жануар, үй бұйымдары, адам туралы. Әр жұмбақтың жеке беті бар — алдымен өзіңіз ойланып, сосын шешуін ашыңыз. Барлығы: 2 264. 17-бет, барлығы 23 бет.

  1. Кішкентай құдығымның суы тәтті.
  2. Асты тақтай, үсті тақтай, / Арасында асыл мақтай.
  3. Қызартып салдым, / Бозартып алдым.
  4. Дастарқанға түспейді, / Қазанда піспейді, / Дәмі аузынан кетпейді.
  5. Ашылмайды қабағы, / Әркімнің де тамағы. / Ашуланса, болады / Ұлпадай жұмсақ жабағы.
  6. Алтын алдым жапырақ, / Жатқан жері топырақ. / Алтынменен аптаған, / Күміспенен қаптаған.
  7. Аппақ қардай, / Дәмі балдай.
  8. Қол ауызға берді, / Ауыз жауызға берді. / Жауыз ирек жол арқылы / Барлығын қазынаға берді.
  9. Есікте жасауыл бар екі қатар, / Барғанда ұрып-соғып қан қақсатар. / Ол адам жәбірленіп тұрғанында, / Біреу кеп ар жағынан әрі тартар, / Алып барып онан соң қинап жанын, / Кездіріп талай өзен сайдың бәрін, / Ләззатын сол сайлары алып қалып, / Шығарып тастайды екен ғазиз тәнін.
  10. Бір нәрсе ұшқан сайын жоғарылаған, / Бір ұшса, жерге қайтып қона алмаған. / Орнында баяндайтын бір мақлұқат, / Оларға тиген жандар сау қалмаған.
  11. Дүниеде бір айдаһар жылан бар, / Жан-жағын жеп барады, / Ішіне бітеу сүйек көп барады.
  12. Қызыл сиырды байлап салдым, / Көк сиырды айдап салдым.
  13. Бір жансыз бір жансыздың жанын алар.
  14. Жалт-жұлт етеді, / Жалмай-жалмай жұтады.
  15. Жаурағанды күлдірер, / Аяғы жоқты жүргізер. / Өз еркіне жіберсең, / Дүниені бүлдірер.
  16. Қуыста қызыл әтеш билейді.
  17. Там-там тобылғы, / Тамылжыған тобылғы, / Көлеңкесі көк майса, / Күліп тұрған тобылғы.
  18. Көзі жайнай қарайды, / Қазан түбін жалайды.
  19. Өткірлігі өлімнің нақ зәріндей, / Өзінен басқалардың бәрін жейді. / Жейтұғын ешбір нәрсе таба алмаса, / Өзін-өзі жейді де, көрінбейді.
  20. Бір нәрсе өз киімін қорек еткен, / Сау емес оның өзі кесепеттен. / Нәрсені қолға түскен жалмап жұтады, / Мен оның мешкейлігін айтып жетпен.
  21. Бар екен бір жалмауыз жалғанда артық, / Жүреді, жүрген шақта өзі шалқып. / Темір мен топырақ, тас, суды жемес, / Басқаны жеп қояды, қойсаң артып.
  22. Бір сұлу бар ел бәрі айналысты, / Адамға әлгі сұлу байланысты. / Сол сұлу жақсылығының арқасында, / Ет пен тамақ, нан мен су қайнап пісті.
  23. Зәредейін жанданған, / Бара-бара жалданған, / Бұйра-бұйра жалы бар, / Жал астында қаны бар.
  24. Сары аттың сиген жеріне шөп шықпайды.
  25. Қызыл ешкі жатқан жерге шөп өспес.
  26. Есіктен кіреді, / Тесіктен шығады.
  27. Қара сиырым қарап тұр, / Қызыл сиырым жалап тұр.
  28. Бір қара өгізге екі теңдей-теңдей жүк арттым, / Бір бала үстіне мінгізіп шылым тарттым.
  29. Боп, боп, бопылдақ, / Бопылдақ үсті үш тармақ. / Үш тармақта соқыр шақ, / Соқыр шақ үсті жез қармақ.
  30. Бап, бап, бапанақ, / Бапанақ үсті арғымақ. / Арғымақ үсті қызыл тақ, / Қызыл тақ үсті қу шұнақ.
  31. Болғанда қиған қалпақ, қырсау құрық, / Мінгені үш аяқты қызыл жүйрік.
  32. Басына қара таудың бітер қорған, / Онда жоқ бекітерге айыл-тұрман, / Қасына төрт нөкерін ертіп алып, / Үстіне қайырлы бай мініп тұрған.
  33. Үш балада бір қармақ.
  34. Арық кісі ашаңдайды, / Бұтындағысы шошаңдайды.
  35. Дыбыстасаң қарамас, / Болса дағы құлағы. / От-жалынмен аралас, / Тату-тәтті тұрады.
  36. Бар екен арасанның үш төресі, / Жайлауы бір апанның кенересі. / Асты зерден болғанда, үсті балдан, / Адамзаттың, ойласақ, неменесі!
  37. Қара тайым мықты, / Қара бием сүтті.
  38. Үш адам қара киген қарағымды, / Бар еді үшеуінің арғымағы. / Үшеуі үш жағынан қарғыса да, / Жетпейді адым жерге қарғығаны.
  39. Әкесі баласын көтеріп тұрады.
  40. Қайнап жатқан көлге / Темір үйрек сүңгиді.
  41. Үш қыз «өлем» деп отыр, / Әкесі қаба сақал «көмем» деп отыр.
  42. Үш аяғы үш жақта, / Төрт құлағы қалқиған. / Ретін таппай жұмсаса, / Ыңғайына жантиған.
  43. Үш атқа мінгесіп тұр, жалғыз көрдім, / Соларға тамаша етіп қарап тұрдым. / Жандыны жансызбенен күрестіріп, / Жансызды бір уақытта алып ұрдым.
  44. Жер жүзін бір айдаһар жеп барады, / Аузынан бітеу сүйек боп барады. / Айдаһардың аузына түспей қалса, / Енді іске жарамаймын деп барады.
  45. Анасы – жуан, / Қызы – қызыл.
  46. Тап-тап, тап балшық, / Тап-тап соққан сор балшық. / Іші қызыл қиямет, / Сырты сұлу әлемет.
  47. Қос белбеу, мауыт шекпен, қазан қалпақ, / Нәрседей жылан сорған қарны жалпақ. / Бір жерден қозғалмайды сабыр етіп, / Қылмайды сабырсыздық, етсе жалтақ.
  48. Заттардың қуаңына өр құмар, / Үстінде күйіп піскен нәрсе тұрар. / Орнынан аузын ашып, ұмтылса егер, / Тығылар берген тамақ ұмар-жұмар.
  49. Сырты қап-қара, / Іші қып-қызыл жара. / Әлсін кіріп шығады, / Бір жалаңбас бала.
  50. Бір нәрсе төрт бұрышты, доп-домалақ, / Үстінде тыныш тұрақ, бір сабалақ. / Өзінің бір ұшы жерде, бір ұшы көкте, / Тоймайды бес жүз түйе баққан шөпке. / Әркімдер көтерем деп ойласа да, / Келмейді, сірә, тегі тіпті епке.
  51. Ұзын құрығым үйге сыймайды.
  52. Қозғалмайды, үш аяқпен тұрады, / Ауыл көшсе, шаңырақта тұрады.
  53. Аузы іште, мойны сыртта, / Бар жылуын берер жұртқа.
  54. Қуаты ыссы керемет, / Үйге лебін жаяды.
  55. Қыста тамаққа тоймайды, / Жазда ұйқысын қоймайды.
  56. Мың дозақ қиямет дерсің, / Ішіне нанды пісіріп жерсің.
  57. Үсті бүтін, / Іші түтін.
  58. Іші қызыл әлеумет, / Сырты қызыл керемет. / Тыңдап тұрып дәл ұрсаң, / Пайғамбарға сәлем ет.
  59. Аузы қара, / Түбі жара. / Сулап салсаң, / Шығады сары бала.
  60. Арқаға міндім, хан болдым, / Үйге келдім, құл болдым. / Отқа жандым, күл болдым.
  61. Шешесі мәсісін кигенше, / Қызы Мәскеуге барып қалды.
  62. Атасы аяғын кигенше, / Ұлы базарға барып қайтар.
  63. Ұзыннан ұзақ, / Көкке тұзақ, / Балапан жапырақ, / Батпан топырақ.
  64. Көк лағым көлеңкеде сүйретіліп барады.
  65. Көк өгізім жүреген, / Мүйізін көкке тіреген.
  66. Көк итім көкке қарап ұлиды.
  67. Ана ауылдың бурасы, / Мына ауылдың бурасы, / Желкілдейді шудасы.
  68. Жұмбағым жұтылды, / Көкке қарай тұтылды.
  69. Үй үстінде ақ аю билеп тұр.
  70. Қарны жуан қампайған, / Серейіп бойы талтайған. / Ерте-кешке бір жазық, / Тапа-тал түсте жантайған.
  71. Көк көйлекті жеңешем / Көлбең-көлбең етеді, / Артындағы баласы / Елбең-елбең етеді.
  72. Сандық толы қызыл алма, / Жей алмайсың, амал бар ма?
  73. Құп-құрғақ, / Жанбайды ол бірақ.
  74. Болат жапырақ, / Батпан топырақ.
  75. Пеш ішінде отырмын, / Өзім шикі қотырмын. / Қотырыма тимеңдер, / Өлейін деп отырмын.
  76. Тас таяқ қағысар да соғысар, / Ортасында бөдене, қырғи келіп қағысар.
  77. Кішкентай ғана сандығым, / Өмірге керек жабдығым. / Сандығыммен бітірем, / Керегімнің барлығын.
  78. Бір қорада қамалған сансыз жануар, / Әрқайсысының басында тұрған панар. / Аңдаусызда сүйкеніп тиіп кетсе, / Тыз етіп сол жануар от боп жанар.
  79. Елу тентек тып-тыныш, / Бір сарайда жатады. / Тысқа шықса біреуі, / Жарқ етіп от шашады.
  80. Кішкентай ғана арық, / Іші тола балық.
  81. Кішкене ғана мүсәтір, / Ол мүсәтір жоқ болса, / Елдің бәрі мүсәпір.
  82. Бір бөлмеде көп тентек, / Әрқайсысы отпен тең. / Жатпайды олар біз-сіз деп, / Шыға келер шыж-быж деп.
  83. Бір үйде тұрады екен елу батыр, / Үй сыртына сүйкенсе-ақ, өліп жатыр.
  84. Ағаштан үй салдырдым аузы ашық, / Ішінде елу жігіт қылар кәсіп, / Біріне ажал жеткен уақытта / Кетеді жанып, елге пайда шашып.
  85. Сен өзің сандықсың ба, сарайсың ба, / Қайтадан мүлік болып жарайсың ба?
  86. Өзі ала, / Жан-жағы қара, / Ортасында бала, / Баласының басы қара.
  87. Қамалып бір сарайда солдат жатқан, / Далаға шыққандары мылтық атқан. / Салмағы аз бұл сарайдың солдатында / Ойланып милы кісі мұны тапқан.
  88. Іші алпыс, екеу екен сырттан қабы, / Байланыс тіршілікпен мұның жаны. / Сырты да әкесінен ажыраса, / Ешқандай болмайды екен мұның сәні. / Пайдалы адамзатқа болғаннан соң, / Қолынан тастамайды елдің бәрі.
  89. Бір нәрсе төрт бұрышты білесіз бе, / Жаны жоқ қимылдауға денесінде. / Ішінде жансыз шоқпар тығулы тұр, / Қажетін кешке жақын білесіз де.
  90. Кілті жоқ суырмалы бір сандық бар, / Ішінде елу екі тайлағы бар. / Тайлақты қасына алып еңбек еткен, / Адамға оның өте керегі бар.
  91. Үйге кіріп ақ бала, / Болып шықты қап-қара.
  92. От басында ұзын темір.
  93. Жұмбағым жұты қара, / Таба алмаған кісінің беті қара.
  94. Іші қара, / Тысы ақ.
  95. Бір тон бар өте әлді болған түзік, / Ешкімге қарамайды түсін бұзып. / Жаман-жақсы пайдасы көпке бірдей, / Сол себепті біз көрдік қанша қызық.
  96. Ақ тауға бір бәйтерек қарсы біткен, / Басына бір адамзат мекен еткен. / Әділдігі елге бар, өзіне жоқ, / Ақырында өз басына өзі жеткен.
  97. О жағы дуалша, / Бұ жағы дуалша, / Ортасында молда бала.
  98. Бір нәрсе әділ етті, / Әділ етті де, өліп кетті.
  99. Жапанда бір бәйтерек жалғыз біткен, / Басына бір азамат мекен еткен. / Пайдасы жұртына бар, өзіне жоқ, / Басынан алтын шоғы ұшып кеткен.
  100. Бір тастың қақ басында құдығы бар, / Құдықтың айналасы бәрі де жар.

Ауыз әдебиеті