Көңіліңе қарай — дос таңда, күшіңе қарай — жүк таңда.
Жүсіп Баласағұн туралы
Жүсіп Баласағұн — XI ғасырда өмір сүрген түркі ақыны, ойшылы, Баласағұн қаласында туған. Қарахан мемлекеті тұсында «Құтты білік» («Құтадғу біліг») дастанын жазып, Қашқарда ханға тарту етті. Дастанда әділ билік, білім, әдеп пен адамгершілік мәселелері жырланады.
Жүсіп Баласағұн: басқа нақыл сөздері
- Қылыш қан төксе — иесі ел билейді.
- Бек қызыққа құмар болса — қалған елдің күні қараң.
- Сараң бек ел билей алмайды.
- Елшісі епсіз басшының бағы жанбас.
- Тіл — елшінің қылышы.
- Ақылсыз адам — мәуесіз ағаш секілді.
- Бала нені білсе жастан, ұядан, Өле-өлгенше соны таныр қиядан.
- Қатты тәртіп көрсе бала күнінде, Өнерімен қуантады түбінде.
- Ел билеу үшін ақыл, жүрек, ой керек.
- Қылыш — ел шауып, қазына құрайды, Қалам — қазына тауып, қайыр сұрайды.
- Қара халық ханы кетсе, басынан айырылар.
- Халықтың хақы әкімде.
Көне түркі дәуірі: басқа тұлғалар не деген
Басқа тұлғалардың қанатты сөздері
Майқы би
Асан Қайғы
Шалкиіз Тіленшіұлы
Доспамбет жырау
Төле би Әлібекұлы
Қазыбек би Келдібекұлы
Әйтеке би Байбекұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Ақтамберді Сарыұлы
Сырым Датұлы
Шал ақын Құлекеұлы
Дулат Бабатайұлы
Махамбет Өтемісұлы
Шернияз Жарылғасынұлы
Сүйінбай Аронұлы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы