Қазақ аңыздарындағы Абылай хан келбеті айрықша поэтикалық ореолға ие. «Абылай заманы» — қазақтың рыцарлық дәуірі деп саналады.
Шоқан Уәлиханов туралы
Шоқан Уәлиханов — қазақтың алғашқы ғалымы, тарихшы, этнограф, географ әрі саяхатшы. Орта Азия мен Шығыс Түркістан халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеп, Қашғарияға сапар жасаған. Қазақ ауыз әдебиеті мен салт-дәстүрін ғылыми тұрғыдан алғаш зерттегендердің бірі.
Шоқан Уәлиханов: басқа нақыл сөздері
- Өлеңдер, әпсаналар, мақалдар мен мәтелдер далалық тіршілікті қазақ халқының өмірін жырдай ғып жарқыратып көрсету мақсатымен арнайы жазылған кез келген кітаптан артық ғажап етіп көрсете алады.
- Қазақтардың ұлттық әуендерінің табиғатынан, сөз жоқ, ұланғайыр ұлы даланың, желмен жарысқан жүйрік һәм сұлу тұлпарлардың, таңғажайып көркем әйелдердің әсері сезіледі.
- Қазақ поэзиясы — соны, жалықтырмайды және отырықшы халықтарға тән сан алуан жасанды тәртіп-ережелерден мүлдем ада.
- Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін, ең алдымен, азаттық пен білім керек.
- Қазақтар өз дауларын әдетте сырттан шақыртылған билерге, мүлдем бейтаныс адамдарға шешкізгенді ұнатады.
- Еңбекқорлық, ұлттық мақтаныш, ұстанымдылық — сайып келгенде, осы қасиеттердің бәрі де халықтың тұрмыс-салты мен ұлттық мінезінен шығады.
- Тіл — қай халықтың болсын басты белгісі. Бокль айтқандай, білім беру ісі жалпы адамзаттық сипатта болуға тиіс. Ал ұлттық сипат ортаның және оқу жүргізілетін тілдің әсерімен пайда болады.
Ағартушылар мен Алаш зиялылары: басқа тұлғалар не деген
- Халық мектептері үшін ең керектісі — мұғалім. Тамаша жақсы педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, әбден мұқият түрде жүргізілетін инспектор бақылауы да мұғалімге тең келе алмайды.
- Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат, Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат. Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік Ер табылса жарайды, қылса сұхбат.
- Ей, көп халық, көп халық — көп те болса, шөп халық.
- Ұлтына, жұртына қызмет ету — білімнен емес, мінезден.
- Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы — тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады, өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады.
- Кемшіліксіз халық жоқ.
- Жалынды сөз — жалынды жүректен шығады.
- Сүйемін туған тілді — анам тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім! Шыр етіп жерге түскен минутымнан Құлағыма сіңірген таныс үнін.
Басқа тұлғалардың қанатты сөздері
Майқы би
Асан Қайғы
Шалкиіз Тіленшіұлы
Доспамбет жырау
Төле би Әлібекұлы
Қазыбек би Келдібекұлы
Әйтеке би Байбекұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Ақтамберді Сарыұлы
Сырым Датұлы
Шал ақын Құлекеұлы
Дулат Бабатайұлы
Махамбет Өтемісұлы
Шернияз Жарылғасынұлы
Сүйінбай Аронұлы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы