Халқына — бегі, бегіне — халқы сенген ел ұзақ жасайды.
Күлтегін туралы
Күлтегін — Екінші Шығыс Түрік қағанатының атақты қолбасшысы, Елтеріс қағанның ұлы және Білге қағанның інісі. Ол қағанаттың іргесін бекіткен көптеген жорықтарды басқарды. Оның құрметіне 732 жылы орнатылған ескерткіштегі руникалық жазба көне түркі тарихы мен әдебиетінің құнды мұрасы саналады.
Күлтегін: басқа нақыл сөздері
- Қаған ел құрар.
- Ері жоқ елдің күні қараң.
- Тату елге — тыныштық пен тоқшылық нәсіп.
- Бегі мен халқының ынтымағы жоқ жерде, дұшпанының алдауына сенген, арбауына көнген жерде, інісі мен ағасы дауласқан, бегі менен қарашасы жауласқан жерде ел елдігінен айырылады.
- Қағанынан айырылған ел — ғаріп, иесінен айырылған жер — ғаріп.
- Күшке күш қосылса — құп, елге ел қосылса — құт.
- Билеушісі біліксіз елдің жұрты жалтақ келеді.
- Бас иесіз — ел тозар.
- Зердесіз қаған ел билесе — сол жаман, әлсіз қаған ел билесе — сол жаман.
- Халқын жұтатпаған қаған бақытты.
- Халқын асырау — қағанға парыз.
- Қаған үшін еліне қарулы жау келтірмегеннен асқан мерей жоқ.
Көне түркі дәуірі: басқа тұлғалар не деген
- Күші толып, кемеліне келмесе ел, Күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмес ер.
- Түркіні бұзар тәтті сөз.
- Ғылым адам санасына болмысы бөлек, ерекше ұтқыр ұғымдарды орнықтыру арқылы ғана терең ұялайды.
- Жай халықсыз болмайды іс те, ештеңе — жайлап сөйлес, жөнсіз билеп-төстеме.
- Бақыттың белгісі — білім.
- Өсіп-өну абат үшін.
Басқа тұлғалардың қанатты сөздері
Майқы би
Асан Қайғы
Шалкиіз Тіленшіұлы
Доспамбет жырау
Төле би Әлібекұлы
Қазыбек би Келдібекұлы
Әйтеке би Байбекұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Ақтамберді Сарыұлы
Сырым Датұлы
Шал ақын Құлекеұлы
Дулат Бабатайұлы
Махамбет Өтемісұлы
Шернияз Жарылғасынұлы
Сүйінбай Аронұлы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы