Құтты болсын, Алаш ұлы, тілегің!
Көп жыл жүріп қолға түскен теңдігің.
Бейімбет Майлин туралы
Бейімбет Майлин — қазақ жазушысы, ақыны, драматургі, қазақ әңгімесі мен прозасының көрнекті өкілдерінің бірі. «Шұғаның белгісі», «Азамат Азаматыч» сияқты шығармалардың авторы. 1938 жылы саяси қуғын-сүргін құрбаны болды.
Бейімбет Майлин: басқа нақыл сөздері
- Жан біткендер іздеп жатыр керегін, Тұр, қалғыма, көтер басты, әй, қазақ!
- Оқу — білім бұлағы, Оқыса елдің ұланы, — Тірілтіп, елге жан бітіп, Елі үшін жұмақ қылады.
- Бәрін айтпа, бірін айт, Коллективтің жырын айт.
- Ай, штат, не қылмадың қазағыма, Салдың ғой момындарды азабыңа. Байларға мыңды айдаған күлгірленіп, Алдаумен іліктірдің тұзағыңа.
- Қазақ боп іс қыл, Бірлікпен күш қыл.
- Сен үшін туып, Белімді буып, Кірістім қызмет қылмаққа.
- Жұртты сүйер ерлер шығып қолбасы, Саф азамат бағылан болып жолдасы. Жарық сәуле өндіретін қазаққа, Мәңгі жылдар жасасын Алаш ордасы!
Ағартушылар мен Алаш зиялылары: басқа тұлғалар не деген
- Қазақ жырын еуропалық рапсодияға ұқсатуға болады.
- Мал, дәулеттің байлығы — Бір жұтасаң, жоқ болар. Оқымыстың байлығы — Еш жұтамақ жоқ болар.
- Керек іс бозбалаға — талаптылық, Әртүрлі өнер, мінез, жақсы қылық.
- Ұры, қары, қу, сұмның жан жолдасы, Қазақ қайтіп ел болар, қарағым-ау.
- Жалпақ жұрттың көкірегінде жақсылық болмаса — жұрт жұрт болып тіршілік құра алмақ емес.
- Тілдің міндеті — ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түйін түйгенінше айтуға жарау.
- Қазақтың халық пайдасы деген іске шегініп тұратыны жаман.
- Туған ауылын, жерін сүймеген адам ұлтшыл да бола алмайды.
Басқа тұлғалардың қанатты сөздері
Майқы би
Асан Қайғы
Шалкиіз Тіленшіұлы
Доспамбет жырау
Төле би Әлібекұлы
Қазыбек би Келдібекұлы
Әйтеке би Байбекұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Ақтамберді Сарыұлы
Сырым Датұлы
Шал ақын Құлекеұлы
Дулат Бабатайұлы
Махамбет Өтемісұлы
Шернияз Жарылғасынұлы
Сүйінбай Аронұлы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы