Ел болмас елдің төбесіне ту тұрақтамас, төресіне тәж тұрақтамас. Ту тұрмас тұлдыр үйге, тәж тұрақтатпас тұлдыр басқа байлық пен ырыс қалай қонатын еді?
Әбіш Кекілбаев туралы
Әбіш Кекілбаев — қазақ жазушысы, драматург, аудармашы және мемлекет қайраткері, Маңғыстау өңірінде туған. «Үркер», «Елең-алаң» роман-дилогиясы мен «Аңыздың ақыры» романы арқылы қазақ тарихи прозасының көрнекті өкілі ретінде танылды. Тәуелсіздік жылдары Жоғарғы Кеңес төрағасы, Мемлекеттік хатшы, Сенат депутаты қызметтерін атқарды.
Әбіш Кекілбаев: басқа нақыл сөздері
- Ұлтты тану — ұлттық дамудың негізгі шарты.
- Елің теңелмей тұрып — өзің теңелмейсің.
- Ұлт мүддесі мен ел игілігі — «екі тепкі, бір қамшы» белсенділікті көтермейді.
- Ұлдарын өлімге қимайтын елдің өзі де өлмейді.
- Өз мемлекетіңнің тәуелсіздігін қастерлеу, өзің тұратын елдің егемендігін құрметтеу — тек патриоттық парыз ғана емес, үлкен гуманистік жауапкершілік.
- Атасыздық — отансыздық, отансыздық — опасыздық, опасыздық — имансыздық.
- Халқы азат бола алмай тұрып, ешкім азат бола алмайды. Азат емес адам өзін ешкіммен тең сезіне алмайды.
- Рухани бедерсіздік саяси тәуелсіздікті де тәрк етеді. Тойған тоғышарлыққа халықтың, адамның азаттығы емес, нәпсінің азаттығы керек.
- Егемендіктің ең үлкен жаулары — жікшілдік те, алауыздық та тек әділетсіздіктен өрбиді.
- Халықтың өзін-өзі билеу құқы сақталмай тұрып, жеке адамның құқы да сақталмайды. Өйткені ұлты азат емес адамның өзі азат болуы еш ақылға сыймайтын шаруа.
- Өшкеніміз жанып, өлгеніміз тіріліп, бәріміз де мәре-сәре болып жатқанда ұрыншақ емес, ұғымсақ, тиіскек емес, үйірсек болғанымыз келіңкірейтін тәрізді.
XX ғасыр ғалымдары мен жазушылары: басқа тұлғалар не деген
- Азамат сыны — ерлік, ерлік сыны — елдік.
- Қазақ деген ел — бостандықты, азаттықты сүйетін, даланы, таза ауаны, таза суды, таза көгалды сүйетін халық. Бұл кезінде ол бұзылмаған ел, бұзыла білмейтін ел емес, бір бұзылса, аяқ-қолын жинай алмай кетуі мүмкін.
- Ерлік — елдің қасиеті, жүректілік — жігіттің қасиеті.
- Жаңғырығы жоқ сөздің, жақсылығы шамалы.
- Қазаққа мақтансын деп жер бермеген, Жерінің кеңдігіндей сабыр берген.
- Рухы мен намысы сөнген ел — өлген ел.
- Қазақтың ұлттық тілі — өлең.
- Мен қайғырам, Зәбір көріп қай халық Қасіретке батар болса қайғы алып.
Басқа тұлғалардың қанатты сөздері
Майқы би
Асан Қайғы
Шалкиіз Тіленшіұлы
Доспамбет жырау
Төле би Әлібекұлы
Қазыбек би Келдібекұлы
Әйтеке би Байбекұлы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Ақтамберді Сарыұлы
Сырым Датұлы
Шал ақын Құлекеұлы
Дулат Бабатайұлы
Махамбет Өтемісұлы
Шернияз Жарылғасынұлы
Сүйінбай Аронұлы
Майлықожа Сұлтанқожаұлы