Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Сүйінбай мен Арыстанбек айтысы (3-бөлім)

Сүйінбай Аронұлы · 1815–1898 · 174 жол

Тілеуберлі, Қанайым,
Қанайымды салғанда
Декбіріңді алайын.
Қаптаған қара борандай,
Алды-артыңнан борайын,
Арғымақ аттай орайын.
Қуарар сенің маңдайың,

Суалар сенің таңдайың,
Өзің-дағы білерсің,
Мына Кежің жағдайын?

Сарбағыс деген ел-жұртым,
Күшік, Түлкі көп жұртым.
Орман батыр көсемім,
Нәдірбек, Қаражақ, Қауғыл,
Қырғыз бенен қазаққа,
Сөз бермеген шешенім.
Мына тұрған хан Тезек,
Хан Жантай, Қарабек,
Таптым сөздің есебін.
Нәдірбек, Қаражақ, Қауғыл –
Қырғыздан шыққан шешенім.
Қырғыз-қазақ жиылып,
Тапсырсын біткен есебін.
Қырық жігіт бектен Төрекелді,
Ол да менің жақыным.
Қырғыз-қазақ, жар болып,
Тапшы істің ақылын?

Есенқұлдың Сансызбек,
Ерлігін көптен асырған.
Қазақтан жылқы қуа алған,
Дұшпан үшін ту алған,
Қызыл қанмен бетті жуа алған.
Ерегіскен дұшпанның

Мұз құйылғандай,
Жүрегі суынған.

Қазақтың ортасын жарып,
Көшін тездеп көшірген.
Ерегіскен дұшпанды,
Су құйғандай өшірген,
Айтқанына келтірген.
Саурықтай батырыңды
Солтылық Көрбік құлым өлтірген.
Атасы болған дәулеттен,
Қыдыр қонып үйіне,
Боз ботаны сойып,
Қыдырменен сөйлескен.
Ду шалған басына,
Түнеді Қыдыр қасына,
Айдады өмір жасына.
Аруақ қонып өзіне,
Дуа қонды сөзіне.
Қырғыз бенен қазақта
Жан жетпейді өзіне.

Ерлігіне қарасаң,
Қарағай найза қақтады,
Жасынан найза саптады.
Қазақ болды шапқаны,
Күніне олжа тапқаны,
Елін қойдай баққаны.

Ерегіскен дұшпанды
Жын-сайтандай қаққаны.
Ерлікке ерлік,
Байлыққа байлық,
Көптікке көптік,
Сенен артық,
Біздің бектік.

Бектерімді айтайын,
Жаман тамақ ішпеген,
Жаман киім кимеген,
Жаман атты мінбеген,
Жамандықты білмеген,
Жаман қатын алмаған.
Бұрқыратып шаштарын,
Жалаң аяқ, жалаң бас,
Алып жатып қойнына,
Бұрымын тістеп жалмаған.
Қазақта бектік болмаған,
Ғәзелден бері оңбаған.
Ат жақсысын мінбеген,
Тон жақсысын кимеген,
Жар жақсысын сүймеген,
Бекерге өтті дүниеден.

Байлығыма қарасаң,
Екі таудың арасына
Жылқысы симаған.

Қонақ қонса қазаққа,
Көже беріп сыйлаған.
Қырғызға қонған қонаққа,
Таңдап алып қой сойып,
Етін алдына тураған.
Қазақ деген ел едің,
Ынтымақ жоқ шулаған.
Ұзаққа қонған меймандар,
Басынан-ақ оңбаған.

Мына тұрған Тынайым,
О да менің жұбайым.
Жұбайымнан сөйлеуге
Жәрдем берсін Құдайым!

Азын-аулақ кеп айтқын,
Қисық емес еп айтқын,
Кемітіп айтпай тең айтқын?
Жаманды енді көпсінбе,
Асылды енді азсынба?
Қырғыз деген аз елмін,
Аз да болса бек елмін.
Ешкімнің тісі өтпеген,
Дұшпанның күші жетпеген,
Жаман жыршы мен емес,
Алатынын айтып ептеген.
Қара бөгелі хан Жантай,
Қырғыздан шыққан хан Орман,

Солтыдан шыққан Қарабәйтік,
Қайыңнан қатқан тездей боп,
Алдынан қисық кетпеген,
Әділдігі ешкімнің жетпеген.
Жауды жеңіп, ел бермес,
Кеудесін ақыл кернеген.

Сен, кешегі қазақ ең,
Қашып тауға тығылған,
Алысқаннан жығылған.
Менің атым – Арыстан,
Менмін дегенді тістелеп,
Талай жаумен алысқан.

Маңқа қазақ сен едің,
Қырғызға қоңсы боп ірге теппеген,
Байлық, батырлық бізден өтпеген.
Сен қазақ, кешегі
Малың олжа, қызың күңдіктен кетпеген.

Мені жеңер ақын жоқ,
Қырғыздан өтер батыр, ақын жоқ.
«Бек, манап, батырлар мен де көп» деп,
Көпіреді өңкей ақылы жоқ.

Қазақ ірге теппеген,
Берекесіздігі ешкімнен өтпеген.
Ел бастаған манап жоқ,

Жаудан қорғар батыр жоқ,
Белді болған көсем жоқ,
Топтан озған шешен жоқ.
Қыз-қатыныңды күң қылған,
Ұлыңды құл қылған,
Малыңды жем қылған,
Жеті атаңнан бері қарай,
Жақсылықты көрген күнің жоқ!

Осылай деп Арыстанбек сөзін аяқтайды. Қырғыз ақы
нының жамандап айтқан сөзіне, қазақтан келіп отырған
Тезек төре, Қызылбөрік Атамқұл, Абақтың Жайнағы,
Алпа, Қазыбек, тағы басқа бек, батырлардың түстері
қашып, орындарынан қозғалысып, «Жауап қайтарар
қазақтан ақын, шешен бар ма?» дегендей жалтақтап, жан-
жақтарына қараса бастайды. Сонда Сүйінбай ақынның
Арыстанбекке қайтарған жауабы:

Айналайын, хан төрем,
Қашырмағын қаныңды,
Кіргізермін жаныңды.
Екі атаның ұлы қырғыз бар,
Оның түбі мәлім-ді.
Қатаған қырғыздан жеңілсем,
Көкшешектен жатайын.
Қатын менен баламды,
Орысқа қара нанға сатайын.
Қырғыз қандай, мен қандай?

Былғары қандай, көн қандай?
Екі сөзбен байқайын,
Жұмыртқадай шайқайын.

Сен қырғыз,
Екі-ақ атаның ұлысың.
Құдайдың құрытып,
Жаратқанның ырысын.
Қырғыз-қазақ ат, қойдың,
Көретұғын күн үшін.
Ерегіссең менімен,
Бітер сенің тынысың.
Ауданың аз болған соң,
Тау-таста қонып жүр едің.

Сүйінбай Аронұлы өлеңдері

Барлық 40 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері