Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Сүйінбай мен Арыстанбек айтысы (12-бөлім)

Сүйінбай Аронұлы · 1815–1898 · 160 жол

Нәсілі нұрдан жаралған,
Биесін бірге айдаған,
Тоқтап жүріп байлаған.
Дін мұсылманның қамын жеп,
Күні-түні ойлаған.

Он бір кісі қасында,
Мылтық, қылыш мойнында,
Сапысы бар жанында,
Күншығыстан іздеп табады.
Ат жаратып баптады,

Онан соң түсті бәрі де,
Түсті Кендірлінің жолына,
Қылыш пен найза қолында.
Қасқа жолға түсіпті,
Қос ауыз мылтық мойнында.

Онан ары барыпты,
Қалың жатқан ноғайға,
Барыпты да түнепті,
Биік тұрған төбеге.

Ел жатарға келгенде,
Жайылып жатқан көп жылқы,
Үркіп кепті қасына,
Кетпей тұрды басында.
Аттар енінен қан сиіп,
Қаз қарап тұрып апты қасында.
Таң атқанда қараса,
Бір боз айдаһар алған екен иіріп.
Көрген жолдас жылады,
Ажалдан ешкім бұрын өлмейді,
Өтекем батыр [дәл сонда],
Сабыр қылып тұрады.

Айдаһардан алды жауапты,
Сала бер бұған құлақты:
– Әй, Арыстан, арыстан,
Шаршап келген алыстан.
Жерсіз жылаған жұрт үшін,
Жер іздеген біз бір жан.

Қамына елдің келіп жүрміз,
«Ашық жер қайда бар?» деп,
Жер-дүниені кезіп жүрміз.
Орыстан ығыңызды қылыңыз?
Кәпірде қалар боп жатыр,
Қатын-бала, пұлымыз.

Аралда қалып жатырмыз,
Қоныс іздеп отырмыз.

Сізден өтініш сұраймыз,
Алдыңызда жылаймыз.
Енді бізге жол беріңіз?
Алда жатыр еліміз,
Солқылдап жатыр беліміз.
Бұл біздің шынымыз,
Көз жасымызды көріңіз?

Аралда жатқан елім бар,
Жер, қоныс қарап сандалып,
Іздеп жүрген жөнім бар.
Жалынып тұрмын сіздерге,
Кеңшілік қылғын біздерге.
«Қай жерде ашық жер бар?» деп,
Асығып жүрміз іздерге.

Кеңшілік қылсаң шапшаң қыл,
Қасымдағы жолдастың
Екі көзі жылауда-ай,
Көзі ісіп болды бұлаудай.

Сонда айдаһар жиырылды,
Шыр көбелек үйірілді.
Есіктей жер ашылды.
Ерттегін енді атыңды,
Толқыған көңіл басылды.
Екі жиырылып кеткенде,
Есіктей жер ашылды.
Атқа мініп алды да,

Тым-тырақай жөнелді,
Жақсылыққа кенелді.
Өлгендей боп қап еді,
Тірлік басын теңеді.
«Қозы көш жер» барғаннан,
Айдаһар ұшты артынан,
Көлденең түсіп алдынан.
«Айдаһар неге қуды?» – деп,
Өтекем айтты жауапты:
– Салғын, бектер, құлақты.
Жолдастары тағы да,
Еңіреп тұрып жылапты:
«Не мұқтажың бар?» – деді,
Өтекем айдаһардан сұрады.
Айдаһар құйрығын жерді үш салып,
Ысқырып тауға қарап барады.
Он бір кісінің алтауы
Жылқыменен қалады.
Бесеуі жарақ-жабдықпен,
Айдаһарға еріп барады.

Үлкен ұлы өзенге кіреді,
Үлкен-үлкен жартасқа
Күн жағына қарады.
Сол жартастың ішінде
Айдаһардың үйі бар еді.
Ол үйді қазынасымен
Екі жас айдаһар тартып алады.

«Тартынбағын, арыстан!» деп еді,
Бес кісі еріп кеп еді.
Шығып барып айдаһар,
Кіреді енді үңгірге.
Тау жаңғырықты,
Таудан шыққан дүңгірге.

Шыға келді айдаһар,
Үсті-басы қан болып.
«Бұған не болды?» деп
Бес кісі тұрар таң қалып.
Арқа тұтып бесеуін,
Қасына келіп тұрады.
«Тартынбағын!» деп еді,
Қайта барып кіреді.
Ұзынды күн дүңгірлеп,
Бір уақытта шыға келеді,
Екі айдаһар алысып.

Үңгірінен шығысып,
Бірін-бірі жығысып,
Тірескенде жас айдаһар,
Жарты кез бойы артылып.

Сығалап тұрып Өтекең атады,
Маңдайынан оқ өткен соң,
Жас айдаһар жатады,
Жымдай болып жатады.

Ол айдаһар өлген соң,
Қимылдаған жерін шайнады,
Тіс тимеген жер қоймады.
Әбден өлтіріп салды да,
Суға келіп аунады.
Өзен суын жағалап,
Төмен қарай заулады,
Айдаһар залал қылмады.

Күлкілері тиылмай,
Езулері жиылмай,
Жүре берді айдаһар,
Көтінен жылқы айдады.
Айдаһар кез жүреді,
«Қалмаймыз» деп тез жүреді.
Ымырт уақыт болғанда,
Жаманда қалың ағашқа
Қарсы кез болды.
Бір аппақ үй тігулі,
Сол жерге келгенде
Айдаһардан адасты.

Өзі ақ үйге келеді,
«Кім бар, – деп, – бұл үйде?»
Өтекең сонда сұрады.
«Өзіміз бар», – деп айтты,
«Өтегенбісің?» – деп айтты.
«Жолдасың тұрсын далада,
Өзің келгін», – деп айтты.

Сәлем беріп кіріп келді,
Келді дағы қол берді,
Ұлықсат алып жол берді:
– Әй, Өтеген, Өтеген,
Қоныс қарап жүдеген.
Елің тілді алмайды,
Айтқаныңа болмайды.
Сарыбалақ болыпсың бейшара,
Барса келмес жолына,
Түсіп қапсың, Өтеген.

Басқа ақындардың өлеңдері