Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Сүйінбай мен Арыстанбек айтысы (26-бөлім)

Сүйінбай Аронұлы · 1815–1898 · 69 жол

Абиырын ешкім алмаған.
Бөрікті киген алтай түлкіден,
Сүйінбаймен басты қосып отырсаң,
Езуің жиылмас күлкіден.
Басы базарлы кісі еді,
Сүйінбайдай ұл тумаған!

Қырғыз-қазақ жиылған,
Хан Орманның асында,
Құм төбедей үйілген,
Айтыс болып басында.
Үш күндей қос атпен,
Алатұрпан деген жерден,
Арыстанбекті алдырған.
Алдырған жыршысы
Шаппай тұрып болдырған.

Жасы мен кәрі бар,
Қырғыз бен қазақтың
Тұсындағы бектің бәрі бар.

Айтыстырған Тезек төре басында,
Қызылбөрік Атамқұл қасында.
Есқожа Қашкенің Андашы,
Шешені бар қасында.
Сарыбай мен Сүйінбай
Дүрілдеп шыққан жасында,
Теке Шоқан бірге тұрған қасында.

Сарыүйсінде Сары бар,
Қу сирақты Шомай бар,
Мырза Жайнақ тағы бар.
Біреу алар бәйгені
Маңдайының бағы бар.
Албар, Тұлға, Тазабек,
Бұл жағынан және бар,
Толып жатыр қасында.

Айтыстырған оларды,
Қарабекұлы хан Жантай,
Қанайдың ұлы ер Бәйтік,
Олардың болған қасында,
Үшбағыс Маймыл батырың басында,

Саяқтан шыққан Қашке де,
О да бірге тұрды ішінде.
Тілеуберлі Қанайың
Кіріп тұрған күшіне.

Ниязбектен Сегізбек,
Басында болыс бұл кісі,
Кетпеген елден уысы,
Артық еді туысы.
Осы өлеңді айтқанда,
Ашылады сөздің кірісі.
Қайсы жеңіп олжа алар,
Кімнің жеңіп ырысы?

Сол арада тақыр бітті тынысы.
Иісі жатқан қазақтың
Маңдайының ырысы.
Естіп білген ерлерден,
Сөздің шықты құрышы.
Оңалмастан айтысты,
Қырғыздың үнін өшірді,
Қазағың сонда есірді.

Арыстанбек жұмған аузын ашпады,
Аяғын ұзап баспады.
Жетпіс төрт атты алдыртып,
Қарап тұрып болдырды.
Жақсы аттың бәрін де
Бәйгесіне байлады.
Ақ қалпақты қырғызды
Алдыға салып айдады.
Ақылды ердің бәрі де:
«Сүйінбай мұны жеңді!» деп,
Ақылыменен ойлады.

Басқа ақындардың өлеңдері