Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Сүйінбай мен Арыстанбек айтысы (23-бөлім)

Сүйінбай Аронұлы · 1815–1898 · 170 жол

Жалаңаяқ, жалаң бас,
Дудардай боп қара шаш.
Неменеге болдың мас?!

Қазақтың байын айтайын:
Жалғыз-жалғыз қонады,
Қойын төске салады.
Қонақ келіп қонғанда,

Семіз қойын сояды,
Таза турап, еттен тояды.

Қырғыздың байын айталық:
Жалғыз-жалғыз қонады.
Қыз-келіншек қой күзетіп қоқилап,
Таң атқанша айғайлап тұрады.
Жалаң қия жартасқа,
Жалғыз-жалғыз қонысып,
«Ертең тегіске,
Жиыла қоналық» деседі.
Ертең тура көшеді,
Түндік бауын шешеді.
Үйді былай жығады,
Жүк артуға шығады.

Артайын десе түйе жоқ,
Өз малында ие жоқ,
Сауайын десе бие жоқ,
Сояйын десе семіз жоқ,
Артайын десе өгіз жоқ,
Танаға жүгін артады.
Қия жерге келгенде,
Көлденеңдеп тартады.
Аударыла бұлтылдап,
Сидамқұлы жылтылдап,
Сөйткен қырғыз сен едің,
Асқар Алатау мен едім.

Адырмақтайын сен едің,
Айдынды шалқар көл мен едім.
Құрыған қырғыз сен едің!
Көк байталың астыңда,
Көн шалбарың бұтыңда,
Тас ошағың жұртыңда.
Астығың шықса күлімдеп,
Шықпай қалса дірілдеп,
Ішкенің заңбар қонақ, атқан оқ,
«Ой менің желім, – деп,
Беліме сойқан болды, – деп,
Құдағиым келді, – деп,
Қызыл жүзім солды», – деп,
Қырғыз емес пе, қораға
Аулың жақын қонғанда,
Екі-екіден қатының қыдырып,
Көжеге қатық, май сұраған.
Бозаға салып құртымен,
Шірік тарыңды ұрадан.
Сөйтіп жүрген қырғыздың
Несін «Бек» деп сұраған.

Қырғыздың байын айтайын:
Алпыс үйі бір жерде,
Жетпіс үйің бер жерде,
Отырады, бәтшағар,
Тарысын алған қу жерде.
Биесін сауып қақтаған,

Шалдарының бәрі де,
Ас пісірген шоғына,
Қолбыратып көтін қақтаған.
Жалғыз шауып көк шолағы,
«Бәйге алды» деп мақтаған.

Ашмал деген көжесін,
Атасының асындай,
Баласының бит күпісін жауып қойып,
Ішпей борсытып сақтаған.
Қарма талқан ішкені,
Үш күндей шыңғырып,
Әрең сорлы тышқаны.
Меніменен айтысқанша,
Жақсы емес пе, қырғыздың
Таза көтін қысқаны.

Жалғыз бие сауғаның,
Жалғыз атың мінгенің,
Аяғыңа шоқай кигенің.
Үстіңе бүтін киім кие алмай,
Жақсы тамақ ішпедің.
Ала жаздай жұмыс қып,
Жұмыстан қолың тимеді.

Жалаң аяқ, жалаң бас,
Әрі жүрдің қарның аш.
Бір аяқ боза ішкенде,
Соған болдың мас.

Жетісіп ішкен асың жоқ,
Турап жеген күшің жоқ,
Кіресіл-шығасыл есің жоқ.
Үстіңде бүтін киім жоқ,
Үстіңде бүтін үйің жоқ,
Қайтып ел боп жүргенсің,
Басыңда сенің миың жоқ?!

Билік бар ма басыңда,
Әр қайсысың бір манаптың қасында.
Манап болып алыпты кішік бегі де,
Бұқара қылып жасында.

Жұмыстан тыным жоқ,
Қатты сөйлер күнің жоқ,
Күні-түні бүрсектеп,
Басың бос бірің жоқ.

Егіні болса саласың,
Оның тілін аласың.
Манаптың тілін алмасаң,
Борышқа берер баласын.
Екі жағы қыспа тау,
Қашқанмен қайда барасың?

Баратын жерің жоқ,
Кіретін көрің жоқ,
Сүйейтұғын елің жоқ,
Қатты бұрар белің жоқ!

Тұмсығың қуарған,
Манап келіп ақырса,
Үйің іші шулаған.
Матауда тұрған жазғансың,
Аяғыңды ұзап баса алмай,
Аузыңды ұзап аша алмай,
Байлауда болып қалғансың.
Жалғыз сиырыңды,
Шығынға саттырған,
Сорлы туған бір елсің,
Тірідей азап тарттырған.
Жалғыз атың астыңда,
Жүк артып арырттырған.
Жалғыз қызың болса,
Оны біреуге саттырған.
Екі қап астығың бар болса,
Бірін сат деп нарық қылған.
Қайдан сені Құдайым,
Ол басында қарық қылған?
Манабың айтар: «ол басында жазуында,
Саған осылай нарық қылған».

Қырғыз, байлық сенде жоқ,
Кедейлігің шенде жоқ.
Өзіңе-өзің қастық қып,
Бәлелігің елде жоқ.

Боза болды ішкенің
Туғаның болды дұспаның.

Көпке сенің мақұл ма,
Туысыңды қысқаның?!

Туысқаныңды жылатып,
Көлік майын сұратып,
Аяғына шоқай кигізіп,
Табанын жерге тигізіп,
Маңдайын күнге күйгізіп,
Жаның сенің ашымайды,
Жалаң аяқ, жалаң бас,
Жұмысыңа айдайсың,
Және өзінің қарны аш.
Қайтып енді оңалар,
Туысқаныңа болдың қас.

Көтін көлікке тигізбей,
Үстіне киім кигізбей,
Атын тартып алып мінеді.
Жылап-сықтап бейшара,
Осылай күн көріп жүреді.
Ескі киім болса,
Соны сұрап киеді.
Малын тартып алған соң,
Іші оттай күйеді.
«Тәңір алды – таразы»,
Қай көңілмен берді разы,
«Тым болмаса, маған
Тайының майын берсін?» деп,
Алдына жылап кеп жүреді.

«Тай иесі мен ғой! – деп, –
Қасартармын көзіңді,
Жоғалтармын өзіңді,
Үн шығармай жоғалғын,
Естірмей сөзіңді!»

Басқа ақындардың өлеңдері