Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Сүйінбай мен Арыстанбек айтысы (9-бөлім)

Сүйінбай Аронұлы · 1815–1898 · 167 жол

Домалақ деген енеміз,
Әзіреті Мақта анамның қызы екен.
Бір ұл туған басында,
Қазығұрт деген таудың қасында.
Басы тоңға тиіп,
Жарасы бар басында.
Жарықшақтан үш ұл туған,
Албан, Суан, Дулат бәрінен де
Көп Дулат болды жуан.
Дулаттан төрт ұл туған,
Бірінші бабам сөйлеймін,
Ең үлкені Сиқымнан,
Ешкім шықпас ырқынан.

Сиқымнан Батырбек,
Зекет алған Сәдібек.
Қорған салған Атабек,
Мейірбектен Дәуірбек.
Бәрі бірдей қаракөк.
«Қотан төре Шомай» деп,
Әркім айтар еліне.
О дағы мойны озғанның біреуі
Жатқан мына Керіде.

Екінші бабам сөйлеймін,
Ана жатқан Шымырым.
Күнту, Жаңабай, Сәмбеттен,
Арғы атасын айтсам Қосыдан,
Мін таппайсың осыдан.
Жез қармақтай иіліп,
Ел сұраған жасынан.
Бергі атасын айтайын:
Рименбет, Нұрақтан.
Қылған ісін,
Бір құдайым ұнатқан.
Дәуәлі, Семізім,
Ақылға шалқар көлдей теңізім.
Тасық Қожамамбеттен
Орыс орманға жеткен дабысы.
Қырғыз бенен қазаққа
Еш кетпеген намысы.
Күрсінгенде,

Құдайға жеткен налысы.
Мәмбетұлы Байұзақ,
Қарайып жатқан көл еді,
Асуы жоқ бел еді.
Қырғыз деген немең,
Отаршының қойындай,
Кедейдің тойындай,
Мінасарлы іс бар ма,
Қырғыз, сенің бойыңда-ай?

Үшінші бабам сөйлейін Ботбайдан,
Арғы атасы Балтабай,
Олжабай мен Арқабай,
Бергі атасы Қаздауысты Қазыбек,
Алдына кісі салмаған,
Білмеген ақылы қалмаған.
Оған ерегіскен кісілер
Дүниеде оңбаған.
Ботбайдан шыққан Сұбатай,
Тілеуберлі, Сиқымбай,
Қылышын қанға суарған,
Тұлпар мініп, ту алған.
Дұспанды жерді көргенде,
Мұртынан күліп қуанған.
«Ал Сұбатай келед» дегенде,
Қырғыз деген халқының
Жылаған баласы жұбанған.

Қырғызды шауып мал алған,
Адамын шауып бала алған.
Жер-дүниені шаң басып,
Келер жылы шауып тағы алған.
Қырғызда ұрпақ болмаған,
Қарақабан, Балқарттан
Бір де үй қалмаған.
Сол кезекте қазаққа
Жат қарарлық бет болмаған.

Есенбай мен Жанқойлық
Кенеденің бірі еді.
Ер Байсейіт кешегі
Тойшыбектің ұлы еді.
Қапалдан орысты астырмай,
Бір аузын аштырмай,
Аяғын ұзақ бастырмай,
Төресін атқа сүйреткен,
Арбасын отқа күйреткен,
Қорқытып, сабап орысты,
Кәлимені үйреткен.
«Сәмеке» деп ұрандап,
Дұспанын ерік алдына қоймаған.
Тойшыбек шыққан батырдан,
Диқамбай шыққан жақыннан.
Күреңкей мен Шалабай
Дұспанды қылды даладай.
Ноғай батыр ол шықты,

Аяғын жаудан жимаған,
Әр дұспанды қинаған.
Көз көргеннің бәрі де,
«Батырым!» деп сыйлаған.
Аттың ішін тартылтқан,
Батырлығын,
Әр пендеден артылтқан.
Айбалтасын асынған,
Ерегіскен дұспанның
Еш кетпеген қасынан.
Жеңілген дұспаны –
Түйесін тартып, бас ұрған.

Төрт арыстың біреуі,
Дін мұсылманның тіреуі.
Атасы болған Жаныстан,
Азуы кере қарыстан,
Ер өледі намыстан,
Қоян өлер қамыстан.
Жаныстан үш ұл туған.
Жарылғамыс, Жанту, Жантаңнан
Айдаһардай жұлқынып,
Бой бермей шыққан ортаңнан.
Қалың Жанту ішінен,
Сеңкебай мен Шойбек шыққан ақырып.

Туған айдай балқыған,
Қоғалы көлдей шалқыған,

Иісі жұпар аңқыған.
Есігін ашып қарасаң,
Қырық сегіз жағлан сандық тұрады,
Іші біріні болып алтыннан.
Мұндай халық туар ма,
Қырғыз деген халқыңнан?!

Жанту деген елімнен,
Әшекей, Баубек хан болған,
Бетіне жан қарамас жан болған.
Маңдайына бақ қонған,
Халық көтеріп өздерін,
Астына алтын тақ қойған.

Кебежедей қарыны,
Арғымақ аттай арыны,
Жер жарады сарыны.
Бақ пен Қыдыр, аруақ
Бәрі бірдей дарыды.

Қоқанның жатқан ұлығын
Ақлыменен биледі.
Ерегіскен дұспанын
Жағасынан алып сүйреді.

Келбетіне қарасаң,
Пайғамбардың нұрындай.
Ерегіскен дұспанға
Кеткен емес ұрынбай.

Бетке алған дұспандар,
Қалған емес қырылмай.

Қоржының бар мойныңда,
Кетпенің бар қолыңда.
Жаның құрбан
Манабыңның жолында.

Ер Байсейіт кешегі,
Қырық жігіт сақтаған.
Қырық орысты ұстап ап,
Баурын отқа қақтаған.
Правасын жүргізбей,
Ат жаратып баптаған.
Қайда батыр жігіттер
Байсейітті жақтаған.
Ерегіскен дұспандары
Бәрі бірдей қақсаған.

Садақ тартып шіренген,
Дұспанды жерді көргенде,
Ақсұңқар құстай түлеген.
Үш жыл қырып орысты,
Аяғын бері бастырмай,
Қапалдан жүріп астырмай,
Аузын қойған аштырмай.

Басқа ақындардың өлеңдері