Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Сүйінбай мен Арыстанбек айтысы (18-бөлім)

Сүйінбай Аронұлы · 1815–1898 · 172 жол

Ақтұяқ аттың сауыры сонда терледі,
Сұраншыдай батырың
Жаудан қайтар ер ме еді?

Үш күндей ұрыс боп,
Қылыштың жүзі қанға тұтылды.
Шапқан сайын Ақтұяқ,
Тұлпардай жұтынды.
Сол қырық мың кісіден,
Бәрі де қырылып,
Жетпіс-ақ кісі құтылды.

Өтегенді қыдырына,
Қырылған жанның саны жоқ,
Өлген жанның жаны жоқ.
Жерді сасытып кетіпті,
Қырылған жанның өлігі.
Сарт пен қырғыздың
Білінбеді бүлігі.

Кімдер өлі, кімдер тірі?
Сұраншы ұрыс бастады,
Сабыр қылып саспады.
Қырғыз Төрегелді батырды
Ұстап алып Сұраншы,
Сақал-мұртын алып тастады.
Манастың аққұласы сияқты,
Ақтұяқ аттың сияғы,
Қызыл қанға боялды,
Шапқан аттың тұяғы.
Сұраншы қырған
Сарт пен қырғыздың

Жолда жатыр,
Қылышының қияғы.

Шапқан сайын өрледі,
Елдің шетін бермеді.
Дабысы жерді жарады,
Сұраншының даусына
Жер айырылып барады.
Сұраншыға сол кезде
Жанның бәрі қарады.
Алмаған жау қалмай,
Баспаған тау қалмай,
Тінтпеген жер қалмай,
Қырық мың қолдың түгі жоқ,
Қырылумен таусылды,
Өтегеннен асырды.
Сарбас тауға жеткенше,
Қалғаны және қырылды.
Боқты өзенге жеткенше,
Ақтұяқ ат қалмады,
Алдына қара салмады.

Қырудан басқа күні жоқ,
Шығаратын үні жоқ,
Сұраншы «Шу!» деп жайқады.
Сұраншының ерлігін
Қырғыз бен сарт байқады.
Ішінде жүрген батырлар

Осылай деп айтады.
«Аламын» деп келген жерінен,
«Шабамын» деп келген елінен,
Қырылып, итқорлық көріп қайтады.

Қордайдан қуып асырды,
Қордайдан қуып сқанша,
Жер тарпыған Ақтұяқ
Табаны жолға тарсылдап,
Құйысқаны сартылдап,
Сонда қызды жануар,
Артқы екі аяқ келеді,
Үзеңгіге шартылдап,
Жер табына жақындап.
Жануарға қарасаң
Ауыздығын шайнап,
Қабандай тісі сақылдап.
Жанның бәрі құрмет қып,
Сұраншыны кетті мақұлдап.
Шалған енді елдердің
Шапқан атты шайтостағаны бөгеді.
Найзаның ұшын апарып,
Қара тасқа егеді.
Егескен дұспанды
Қара жерге теңеді.
Жағлан сандық, кілемдер
Жолда жатыр шашылып.
Екі-екіден мінгесіп,

Жауда қалған әйелдер
Жылап жүрген бейшара,
Бәрі де жаудан қалады.
Қара ағаштай Дулаттың
Сұраншының қасына
Біреуі серікке де жарамады.
Андас, Нарбота,
Дәуқара мен Шымырбай,
Тізе қосып қалмады.
Әуез Атамқұлұлы қасында,
Қара бөркі басында,
Атамқұлдың мықтысы,
Он жігітке тоймайды.
Жиырма жігіт келсе де,
Ер әліне қоймайды.

Жау тізгіні қиылып,
Шашылған дүние жиылды.
«Жиып, орнына салғын!» – деп,
Сұраншы бұйырды.

Дулат есін жияды,
Жау тізгінін қияды.
Сұраншының ерлігі
Қайда барса сияды.

Сұраншы тірі күнінде,
Ешбір дұшпан алмаған.

Жауды көрсе баспалап,
Жау көтінен қалмаған.

Қылышын қанға бояған,
Найзасын жауға таяған.
Сұраншыдай батырдан
Құдайым несін аяған.
Найзасын жауға салдырып,
Қызыл қанға бояған.

Жаудан әсте қорықпаған,
Ат тізгінін тартпаған.
Оқтаулы тұрған мылтықтан
Қарсы шауып қайтпаған.

Құдайға қабыл тілегі,
Дұшпанға өткен білегі.
Қырық мың әскер келгенде,
Бүлік етпеген жүрегі.

Жауды көрсе тебініп,
Шөлдесе ернін еміріп.
Жау қарасын көргенде
Қан толады көзіне.
Сан кісі келсе баспалап,
Шақ келмейді өзіне.

Қарасайлап ақырып,
Жолдастарын шақырып,

Езулері жиылып,
Тел-тентегі тиылып.
Сұраншының ерлігін
Көрген адам сүйініп.
Дұспандар тұрады,
Уайым жеп, күйініп.

Үстіне сауыт жамылып,
Етек-жеңін қағынып.
Үш күн жауды көрмесе,
Сұраншы тұрар сағынып.
Астына мінген Ақтұяқ
Үш күн кем шаппаса,
Шабуды тұрар сағынып.

Мама ағашқа байлаған,
Ақ бидайды жара шайнаған.
Сол кезде Сұраншы
Бір басын мыңға балаған.
Атасынан бергі кәсібі
Ол кәсібін қоймаған.

Қырғызды шауып олжа алған,
Биік таудай күн шалған.
Сұраншы атқа мінген соң
Исі қазақ тыныш алған,
Қарсы келген болмаған.
Бет алған жерінде
Алмаған кісі болмаған.

Жанның бәрі тыныш болған,
Елдің бәрі кеніш болған.
Атты мінген жаратып,
Жанды аузына қаратып,
Жан шақ келмес өзіне,
Дұға қонған сөзіне,
Жан көрінбес көзіне.
Орысқа нақ та бұл болды,
Колпакович генарал
Билік берді өзіне,
Пейпіл айтқан сөзіне.
Колпакович жандарал
Алтын шенді тон берді.
Орнынан тұрды да,
Қол ұстасып, қол берді.

Басқа ақындардың өлеңдері