Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Сүйінбай мен Арыстанбек айтысы (21-бөлім)

Сүйінбай Аронұлы · 1815–1898 · 158 жол

Дұспанға қатты айланған.
Ерегіскен дұспанын
Жеңбей тынбаған.

Ақылгөйін айтайын:
Үйде отырып ойланған.
Келбетіне қарасаң –
Батырлыққа сайланған.
Ақ шатыры тігілген,
Әділдігіне қарасаң –
Алдына даугер жүгінген.

Елдің шетін қыстаған,
Көлденең найза ұстаған.
Астында атын суарған,
Дұспанды жерді көргенде,
Мұртынан күліп қуанған,
Жылаған кісі қуанған.

Ат шапса шаңы шұбалған,
Керіден шауып кернеген,
Мінген аты терлеген,
Қуған сөзін зерлеген,
Тілегі бар ма бермеген?!

Бір шапқан жауын
Ерінбей барып тағы алған,
Найзаларын төске алған,

Мінген аты алдына қара салмаған,
Алмаған жауы қалмаған,
Үш күн шапса талмаған!
Жәпек, Қауменнен асқан
Сірә, батыр болмаған.

Төртеуінің біреуі:
Баласы көп Бәйтелі.
Баласының көптігін айтайын:
Он сегіз ұл тудырған,
«Дұспанға бекем болсын» деп,
Белін бекем будырған.
«Жүрегі жауда өссін» деп,
Он үште жауды қудырған.

Жапа мен Жалдай боп,
Аузынан шыққан лебізі,
Шекер шырын балдай боп.
Кіндігінен Жарылқап,
Мәуелеген талдай боп.

Өсіп еді кіндігі,
Көпке бірдей бірлігі.
Балалары асыл боп,
Артық туды тірлігі.

Сөзді көрсе бастады,
Жамандықты тастады,
Алтыннан жастық жастады.

«Кіндікті туған бегім!» деп,
Түктіқұрттың төрт ұлы,
Құрметпен сөзін қостады.
Ауылда жатқан бір бек боп,
Алысқа аяқ баспады.

Дәулет қонып басына,
Қоңсы қонды қасына,
Баланы қоңсыға бақтырды.
Қылған ісінің бәрін де
Жаратқан Алла жақтырды.
Елде жатқан билікті,
Үндетпестен сай қылды.
Мамадан аты кетпеді,
Темірден қазық қақтырды.
Перзент, дәулет көп болып,
Бәйтелі көңлі шат болды.

Қой мен жылқы көп болып,
Үйде жатып бек болып,
Баланы сырттан қараған.
Перзент, дәулет көп болып,
Бір жан болды жараған.
Тамақ ішер уақытта
Баласын тостағаннан санаған.
Айтпаған неме қалмаған.
Қырғыз бенен қазақта,
Бұдан өткен болмаған.

Бала таппаған әйелдер,
Батасын алса ұл тапқан,
Қайраты келсе ел шапқан,
Түнде жүрсе жол тапқан.
Түктіқұрттың төрт ұлы,
Даулы жерде сөз тапқан,
Кідірместен тез тапқан.

Бата, дәулет қосылды,
Ғарып пенен кәсірді
Тірлік беріп көшірді.
Аты жоққа ат берді,
Асы жоққа ас берді,
Киімсіздерге киім боп,
Телі-тентектерге тиым боп,
Түктіқұрттың төрт ұлы,

Төртеуі бірдей ержетіп,
Көлденең жауға қосылды.
Төртеуі атқа мінген соң,
Ұлы жүздің жүзі ашылды.

Құла атты мініп, боз қылды,
Ерегіскен дұспанды қашырып,
Топырағын күл қылды.
Жүрген жерін шаң қылды,
Майдан жерін қан қылды.
Түктіқұрттың төрт ұлы,
Бәрі бірдей жауға шыққан соң,
Ел ішінде даң қылды.

Түктіқұрттың төрт ұлы:
Қисайғанның тірегі,
Жаудан қайтпас жүрегі,
Дұспанға өткен білегі.
«Осыны, Құдай, аман қыл!» деп,
Иісі қазақ тілегі.

Қырғызды қуды алысқа,
Көп болысқан намысқа.

Кімдер келіп зеңбеген,
«Қарасайлаған» дабысқа!

Қарасайдың ұраны,
Қиқырса жерді жарады.
Ауыз қызыр назар қып,
Жан аузына қарады.
Қорыққан кісілер:
«Қайтеміз, – деп, – төртеуінен?» барады.
– Жаман-жұман кісіден,
Сабыр қылып, саспа, – деп,
Найзаның ұшын безе, – деп,
Беліңді бекем буын да,
Дұспанға жабдық теже, – деп,
Қылышың болса жаны? – деп,
Істейтін ісі болса,
Түрлі ақыл дайын боп,
Жаманның болмас жүрегі,
Құдайға дұрыс кісінің
Қабыл болар тілегі.

Айбалтаң болса саптағын,
Қатты ағашқа саптағын,
Әсте жаудан қорықпағын,
Төртеуміз тірі тұрғанда,
Аттың басын тартпағын,
Бет алған жерден қайтпағын.
Атаның үлкен аруағы

Қорқып жаудан саспағын!

Қарасайлап келгенде,
Қаптап тұрған жау қашар.
Жүгініске келгенде,
Ойлап тұрған дау қашар.

Ұлы жүздің барлығы,
Қарасайлап ұрандап,
Қарағай найза қолға алып,
Жолда тұрдық бұраңдап.
Кезеңді жерді көздеген,
Жанжалды жерді іздеген.
Жылқысы болса айдаған,
Түйесі болса тіздеген.
Қарасайдың баласы,
«Төрт берен» деген,
Біз емес пе жауды іздеген.

Бұл төртеуі тұрған соң,
Кім қалған шашылмай.
Қайда дұспан көрінсе,
Кімнің жүрегі қалған басылмай.
Алыстан дұспан келгенде,
Кім аман кеткен шашылмай.

Басқа ақындардың өлеңдері