Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қарасай—Қази (24-бөлім)

Қарасай-Қази · Айса Байтабынов нұсқасы · 2 мин оқу

Бұлар кетiп қалған соң,
Қызылбастың баласы—
Қырғын тапқан ел екен.
Қызылбасқа қырғын тапқызған,
Қобыланды, Қази ер екен.
Қалған ноғай бар ма, деп,
Қызылбастың тiрiсi
Ор жағалап жүр екен.
Жатыр екен хан Әдiл
Екi көзi жаудырап,
Екi бетi албырап.
Үстiндегi ақ сауыт,
Шашақтары салбырап.
Қызылбас тауып алады,
Тас кесекпен сабады.
Жiберген тас кесектi,
Әдiл қағып алады,
Өзiмен соғыс салады.
Жетi күндей соғысты,
Жетi жүз қалмақ алады.
Бiр қасық судың жоғынан,
Таңдайы кеуiп хан Әдiл,
Етпеттей барып құлады.
Құлап жатқан жерiнде
Шынжырдан бұғалық салады.
Алты нарға сүйретiп,
Хан Әдiлдi ордан алады,
Қол-аяғын таңады.
Қырық пұттай тас байлап,
Көк теңiзге салады.
Бабалары бағады,
Қанаттарын жаяды.
Шикi өкпедей қалқыды,
Мұнан да өлмей қалады.
Қол-аяғын таңады,
Алпыс түйе сексеуiл,
Алып барып жағады.
Талтаңдаған ханыңды,
Қызыл шоққа салады.
Бабалары су бүркіп,
Мұнан да өлмей қалады.
Үш жүз тоқсан жасаған,
Азу тiсi босаған
Қу мыстан деген кемпiр бар,
Мыстаннан ақыл сұрады,
Сонда мыстан сөйледi:
—Екеу емес, бiр екен,
Бiздiң елдiң патасынан болған ер екен,
Сүйегi шойын, терiсi болат неме екен.
Тоғыз бие сойыңдар,
Тоғызы да ту бие,
Қара көк пен сұр бие—
Тайқазанға салыңдар,
Тас көмiрдi жағыңдар.
Майға бөлеп балқытып,
Қарын кесiп алыңдар.
Тайқазанға салады,
Тас көмiрдi жағады,
Кемпiрдiң сөзi ұнады.
Жетi күн майға қайнатып,
Екi көзiн жайнатып,
Зығырын оттай қайнатып,
Қарын кесiп алады.
Жетi бура сояды,
Қабаттап көнiн тiгедi.
Ұшы бiздей ақ болат,
Қу жебенi қағады.
Рәшеткi темiрдi
Жыртылмасын деп жабады.
Көк арбаны жегедi,
Қу жебелi көндердi,
Қамыт қылды деп едi.
Таңертең кетiп далаға,
Кешке келет қалаға,
Мазақ болды хан Әдiл
Қалада қатын, балаға.
Мiнемiз деп арбаға,
Қатын, бала барады.
Кейiп жүрген хан Әдiл,
Алдына келсе шайнады,
Жанына барса жалмады.
Бала түгел үлкен кiсi
Барса өлмей қалмады.
Әркiмге де жан тәттi,
Қасына адам бармады.
Жатыр едi бiр күнi,
Желкеге жара батып-ай,
Қасына келдi бабасы,
Бабасы келiп сөйледi:
—Әдiл деген сен,—дедi,
Сенiң бабаң мен,—дедi.
Сиынбадың маған-ай,
Мен қайтейiн саған-ай?!
Келмейiншi деп едiм,
Өкпелеп саған жүр едiм,
Жылауменен қоймады,
Ақтолқындай анаң-ай,
Ықтиярсыз келдiм саған-ай,
Мiнемiсiң үстiме,
Алып кетейiн балам-ай?!
Сонда Әдiл сөйледi:
—Тiлiңдi бабам алмаймын,
Он саусақ пен қарым жоқ,
Сопайып елге бармаймын,
Осы күнi бейне бiр
Бұтағы кеткен талдаймын.
Бабам болсаң сен,—дедi,
Берменiрек кел,—дедi,
Қанатыңды бер, дедi.
Қасына таман келедi,
Қанатына хат жазып,
Жерден асап саз алып,
Тiлiмен жазып жiбердi,
Қара құс ұшып жөнелдi.
Күндiз-түнi ұшқанда,
Тоқсан бiр күн толғанда,
Үш айда бiр күн болғанда,
Шынтемiр тiккен боз үйдiң
Көлеңкеге қонады.
Үйден шығып Ылия,
Қарақұсты көредi,
Көре сала келедi.
Жүгiрiп келсе Ылияға,
Қанаттағы хатын-ай,
Әдiлдiң танып атын-ай,
Ылия айғай салады-ау.
Амадай пiскен екi бет
Он саусақпен алады.
Сонда Iлия не дедi?
—Өлген жоқ көкем, тiрi екен,
Тiрi болғанмен қор екен.

Қарасай-Қази

Барлығы: 180 жыр

Тағы оқыңыз