Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қарасай—Қази (9-бөлім)

Қарасай-Қази · Айса Байтабынов нұсқасы · 2 мин оқу

Қызылбастың қорыққанда,
Батасы қабыл ел-ау деп,
Жеңгең саған жiбердi.
Шынтемiр сонда толғады:
—Батасы құрсын, алмаймын,
Баласы құрсын, бармаймын.
Қартайғанда қалмақтың,
Алдаумен ерiп мен саған,
Қолына түсiп қалмаймын.
Қарасай сонда ақырды,
Қатуланып қамданып,
Шамырқанып шамданып:
—Келiп едiм елдiкпен,
Айтып едiм кеңдiкпен.
Мен Орақтан туғасын,
Көрмейтiн бе едiм теңдiктi?!
Өзiм атқа мiнген соң,
Артыңнан қуып келген соң,
Сөзiме неге сенбейсiң,
Жүр десем неге жүрмейсiң?!
Қайғыңды сенiң жегенде,
Неге достықты көрмейсiң?!
Есiктiң алды қыршын тал,
Қыршылдама, кәрi шал.
Бұл сөзiме құлақ сал,
Айтқан менiң тiлiмдi ал,
Қонысыңды қайта сал.
Жылқы, түйе, қойыңды,
Мен табармын ойыңды,
Барсаң да, соған барасың,
Бармасаң да барасың,
Бұл тiлiмдi аласың.
Ұялмай, жұртқа тастап кеткен соң,
Орақтың қатын-баласын,
Бiлдiң бе бала шамасын?!
Шынтемiрдiң қатыны-ай,
Жасынан-ақ көп едi
Бiлiк пенен ақыл-ай.
Ақтолқын толғай бередi:
—Есiктiң алды кең өзек,
Сөйлеуiнші-ай тiл безеп.
Тай-құлыным ат болып,
Қартым бар деп келген соң,
Ағайын-тума, осы жақта
Ұлтым бар деп келген соң.
Қатар-құрбы, аға-iнi
Жұртым бар деп келген соң,
Қайғы бiзге не керек?!
Қарасай атқа мiнген соң,
Қази атқа мiнген соң,
Дұшпанды жеңiп берген соң,
Кел, көшелiк, шалым-ай,
Ақылсыз болма ханым-ай.
Ел қорғаны қос жайсаң,
Жастығына сене алмай,
Азғырғанға шыдамай,
Қоныстан кеттiк тайып-ай.
Шынтемiр атқа мiнедi-ай,
Көзiнiң жасын төгедi-ай.
Аузы-басы балпылдап,
Ақ сақалы салпылдап,
Қартайғанда қалмаққа
«Қорқам, ұстап бере көрме» деп едi.
Қарасай тұрып ақырды-ау,
Қасым би мен Қалу би,
Мұнда кел деп шақырды-ау.
—Ормамбет ата қартым-ай,
Айтамын сөздi, халқым-ай,
Ноғай, қазақ жалпыңа-ай,
Тыныштық қой артың-ай.
Көшiңдер қайта жерiңе,
Көшiруге мен келдiм—
Ноғайлы деген елiме,
Билiк бермей көштiңдер,
Ормамбет, Қасым биiме.
Орақтан туған қос бала—
Бiздер аман тұрғанда,
Келе ме дұшпан шенiңе?!
Шынтемiрдi ерiтiп,
Қарасай батыр жөнелдi.
Үркiп көшкен қалың ел,
Қайта көштi деп едi.
Шынтемiр ерiп келедi,
Жау қарасын көредi.
«Менi қалмаққа ұстап,
Берейiн деп келе жатыр» деп едi.
Атқа қамшы басады,
Қарасайдың қасынан
Бұрыла келе қашады.
Қарасай қуды жалынып,
Аузы-басы балпылдып,
Етек-жеңi салпылдап,
Алтын кiсе жарқылдап.
Қазидың өзi ер екен,
Қанды ауызды бөрi екен.
Қойға тиген бөрiдей,
Көк найзасын шүйiрiп,
Қызылбасты иiрiп,
Қызыл жарлы түбекте,
Қызыл жардың қасында
Жалғыз өзi тұр екен.
Қази оны көредi,
Бiрi қашып, бiрi қуған,
Бұл немене деп едi?!
Айтқан ауыз жұмғанша,
Қу Қази салып келедi.
Жетiп келдi қу Қази,
Түсi шұбар, көзi көк, сұр Қази.
Қазидың кейiгенiн бiледi,
Қарасай езу тартып күледi.
Жаудан қорқып жасқанып,
Бармай жүр атаң деп едi.
Қази оған болсын ба,
Ықтиярға қойсын ба,
Сүйреп ала жөнелді,
Қалмаққа алып келедi.
Қолдың басы Көкеман,
Қази келiп шабады.
Шабақтап найза салады,
Ат баурына алады.
—Өлтiремiн өзiңдi,
Оямын екi көзiңдi.
Ту сыртыңнан соямын,
Екi көзiңдi оямын.

Тағы оқыңыз