Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қарасай—Қази (19-бөлім)

Қарасай-Қази · Айса Байтабынов нұсқасы · 2 мин оқу

Ортасына алады,
Бұл неғылған адам деп,
Таң-тамаша қалады.
Әдiл хан тұрып ақырды,
Басты көрген әскердi
Шөптей қылып жапырды.
Ханың сонда оттады,
Оттады демей не дейiн,
Ахмет пен Қарасайдың
Дымын қоймай боқтады:
—Ай, Ахмет, Ахмет,
Қарт емессiң, шайтансың,
Жауға бармай қайтасың,
Өтiрiк қайғы айтасың!
Сақалыңды күзейiн,
Олай демей, не дейiн?!
Хан шақырса бармаған,
Ханның тiлiн алмаған,
Айдаһардың тiлiне
Қолын салып барлаған.
Айдаһар деп жүргенiң,
Кесiртке ұстап алған-ды.
Бiр қатынның мойнына
Алып барып салған-ды.
Тiптi, өтiрiк қой, Ахмет—
Айдаһарға барғаның,
Iнiне қолың салғаның.
Рас емес, өтiрiк,
Соның бәрi жалған-ай.
Ай, Қарасай, Қарасай,
Қарасай, сенi кiм айтар,
Орақтың деп баласы-ай?!
«Орақ жауға кеткенде
Ақсақ ноғай молдамен
Ойнас болды шешесi» деп,
Рас екен шамасы-ай.
Малды баққан малшының,
Iндi баққан жалшының
Басын кесiп алдым деп,
Жетi күн соғыс салдым деп,
Өле жаздап қалдым деп,
Мұнан да батыр болар ма?!
Орақтан бүйтiп бала туар ма?!
Қарасай мен Ахметтi
Жетi атадан қоймай боқтады.
Қази қылышты қынабынан суырды,
Әдiлге қарап жүгiрдi.
Кесейiн сенiң басыңды,
Қияйын сенiң шашыңды.
Қарасай айтса нанбайсың,
Ахмет айтса нанбайсың,
Мықты болсаң, сен неме,
Өзiң неге бармайсың,
Не қаяды шайнайсың?!
Қарасай саған жетпей ме?!
Жетi атадан қоймай боқтадың,
Әруақ атып кетпей ме?!
Жетiп келдi Қарасай,
Қазидың жалғыз ағасы-ай,
Әлiм жетпей тұр деп пе ең,
Тапсырып едi анасы-ай.
Қазидың келдi қасына,
Қолындағы дойырмен
Қасындағы Қазиды
Тарта бiр жiбердi басына-ай.
Сонда Қобылан ақырды,
Нар түйедей бақырды:
—Атадан екеу туғанның
Жалғызға әлi келе ме?!
Ханға қарап жүгiрiп,
Жаман ырым бастадың.
Ханға қылыш суырып,
Екеу болсаң сен,—дедi,
Жалғыз едiм мен,—дедi.
Мықты болсаң, сен Қази,
Жекпе-жекке кел, дедi.
Қарасай тұрып сөйледi:
—Қарағым, қалқам, Қобыланым,
Қарағым, неге долдандың?!
Белде, белде белiп пе ең,
Белден асып желіп пе ең?!
Елден шыққан кiл тентек,
Тас тесiктiң аузында
Күш сынасуға келiп пе ең?!
Едiл, Жайық жер қайда,
Ноғайлы, қазақ ел қайда,
Ата қайда ана мен,
Қатын қайда баламен?!
Қайда бiздiң елiмiз,
Аға, iнi, теңiмiз?!
Бiреуге-бiреу шамданған—
Бұ да бiздiң кемiмiз.
Қойға тиген бөрiдей,
Тар тесiктiң аузына
Қарасай, Қази жөнелдi.
Әскер үшке бөлiндi,
Осал мен мықты бiлiндi.
Қызылбасқа өтуге
Жетi батыр бөлiндi.
Ең әуелi кiм жүрдi?
Қарасай, Қази ер жүрдi.
Мұның артынан кiм кеттi?
Тор бестi атты тебiнiп,
Асау нардай желiгiп,
Қобылан батыр бұл жүрдi.
Төртiншi де кiм жүрдi?
Телағыс батыр сол жүрдi.
Бесiншiде кiм жүрдi?
Тарлан атты тебiнiп,
Жауға қарап ебініп,
Ахметтей шал жүрдi.
Алтыншыда кiм жүрдi?
Құла шұбар ат мiнген,
Көк болаттан тон киген,
Қабағы қалың түнерген,
Құбығұл батыр бұл жүрдi.
Жетiншiде кiм жүрдi?
Өлең айтып, ән салып,
Екi дүздi ақ алмас,
Сермегенде жау қалмас,
Өзi кедей, өзi таз
Әуез батыр бұл жүрдi.
Жетеуi шықты бөлiнiп,
Әскерлер қалды шегiнiп.
Тесiкке таман жақындап,
Қарт бурадай сақылдап,
Алшағыр ұлы Көбен-ай,
Қарабекұлы Жемен-ай,
Бұл да жүрдi қала алмай.

Тағы оқыңыз