Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қарасай—Қази (6-бөлім)

Қарасай-Қази · Айса Байтабынов нұсқасы · 3 мин оқу

Жалаң аяқ, жалаң бас,
Табаныңа кiрiп қара тас.
Жабылып келдi-ау қабағың,
Қалай болар талабың!
Көп жылқыны жау алды,
Орақ мiнген қара атты,
Мамайдан қалған Көкмойнақ,
Сол екеуiн жана алды.
Жаяу Қази келедi,
Қабағын қатты түйедi.
Қабағын қатты түйгенде,
Бет алдына жан келмейдi деп едi,
Алмадай мойнын бұрады.
—Ең болмаса, қолау тай,
Қалған жоқ па?—деп сұрады.
Құлтай құл сонда сөйледi:
—Кешегi Орақ барында,
Кешегi Мамай қанында,
Қойға мiнген құла айғыр,
Түйеге мiнген кер бие,
Болдырып қалды далада.
Сол екеуi қосылып, құлапты
Құрақты көл деген салаға.
Жылқыдан кеткен бiр бүйірай,
Құланмен болған үйiрi-ай,
Айғыр болса жалданып,
Бие болса қоңданып.
Биеге айғыр шауыпты,
Кiл көк бөрте ат тауыпты.
Айдауымызға жүрмейдi,
Көп жылқыға ермейдi.
Көрiнедi қарасы,
Қырық, отыз бар шамасы.
Аңдып барып бiр көрдiм—
Кер бие мен құла айғыр,
Кiл көк бөрте баласы.
Мекендеп жүрген жерi бар,
Су iшетiн көлi бар,
Қолыңа арқан ал,—дедi,
Құрақты көлге бар,—дедi,
Аяқ тұзақ құр,—дедi,
Көрiнбей өзiң тұр, дедi.
Сонда ұстап аларсың,
Есебiн сөйтсең табарсың.
Құлдан ендi көп арқан
Қу Қази қолға алады,
Жүгiрiп көлге барады,
Айнала аяқ тұзақ құрады.
Күн сәскеге толғанда,
Күннiң көзi қызғанда,
Құла айғыр бастап, жануар
Үйренген жерге құлады.
Бiр көк бөрте ат су iштi,
Бауырлап суды көп ішті.
Құрып қойған тұзаққа
Арнаулы барып сол түстi.
Қази көрiп жүгiрдi,
Тұзаққа ат iлiндi.
Адам көрмеген тағылар
Қазидан үркiп бүлiндi.
Арқаннан ұстай алады,
Қази ердi тоқтатпай,
Сүйреп кетiп барады.
Сонда Қази ақырды:
—Қырық берен досым-ай,
Келмедiң-ау қасым-ай.
Жетiмдiк, жастық—
Бәрi менiң басымда-ай.
Бiр тайды ұстап ала алмай,
Үлкендер мұрның кесiлсiн,
«Арыстаннан күшiк туады»
Деген осыма-ай!

Табанын тасқа тiредi,
Тiрегенде табаны,
Табандағы қара тас
Қорғасын бола бередi.
Толғай, толғай тартқанда,
Тобығынан тасқа кiредi.
Көкбөрте атты ұстап алады,
Жүгенi жоқ ерi жоқ,
Күшiнiң тiптi жөнi жоқ—
Ноқталап алып арқанмен,
Аулына қарап шабады.
Апасы ендi-ау ақ Қымбат
Алтын кебiс жалтылдап,
Ақ маңдайы жарқылдап,
Алтын шашпау салпылдап,
Маржан тiсi тiзiлiп,
Раушан көзi сүзiлiп,
Күмiстей қасы тiгiлiп,
Оймақтай аузы бүрiлiп,
Орақтан қалған алтын ер,
Алтын ердi құшақтап,
Үйден шықты-ау жүгiрiп.
Көкбөрте атты көредi-ау,
Сауырынан сипалап,
Маңдайынан тәу етiп,
Танауынан сүйедi,
Ақ Қымбат толғай қоя бередi:
—Айналайын, Көкбөрте ат,
Төрт аяғың сом болат,
Қолтығыңда қос қанат,
Үстiңде Қази—аманат!
Айналайын, Көкбөрте ат,
Мен қасқа сенi бiлмедiм,
Арпаменен сұлы iлмедiм,
Сусынға сүттi бермедiм,
Түгiңдi күнге күйгiздiм,
Етiңе ыссы-салқын тигiздiм,
Мақпалдан жабу жаппадым,
Алтыннан қазық қақпадым.
Жал құйрығың шашақтап,
Жiбектен арқан тақпадың.
Құдай-ау, айналайын құдiретiң,
Болғанда Хақ Пайғамбар Мұқамбетім.
Бар едi-ау жетiм бағар шын мiндетiң,
Зарлаған жетiм-жесiр бiз үмбетiң.
Әйелдiң пiрi сен едiң,
Бипатима Бибiсi-ай!
Иә, Қадиша, Мәрия-ай,
Қос қарғам саған аманат!
Ердiң бiрi сен едiң,
Қазiретi ер Гали,
Дүлдүл мiнген, Зұлпұқар,
Сәм-сәм қамқам қылыш iлген—
Қос қарғамның жолына
Шыбын жанымды тағы айттым!
Үйден шықты Қараүлек,
Көзсiз жерлер көл емес,
Зейiлдi болмай би емес,
Тәуекел болмай ер болмас.
Бiрiң ердiң баласы,
Бiрiң ханның баласы—
Ұлым менен қызым-ау,
Қайғыланып, зарланып,
Жылауларың жөн емес.
Үзеңгiсi үзбе алтын,
Сағалдырық сары алтын,
Доғасының бәрi алтын,
Қамшысының сабы алтын,
Қырмызыдан терлiгi,
Шұғадан желдiгi.
Жасы да жас демесең,
Әкесiнен кем емес
Тап осының ерлiгi.
Ұзын бойлы, терең ойлы,
Шүңiрек көз, жар қабақ,
Ат жақты, қыр мұрынды,
Көзi көк, түсi шұбар едi,
Соғысқа жас күнiнен құмар едi.

Қарасай-Қази

Барлығы: 180 жыр

Тағы оқыңыз