Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қарасай—Қази (11-бөлім)

Қарасай-Қази · Айса Байтабынов нұсқасы · 3 мин оқу

Батыр өтпес деп едiм,
Қазiретi ер Ғали—
Жұмақтан шыққан дүлдүлі,
Оқ жыланнан жүгенi,
Айдаһардан шылбыры,
Қам-қам, сәм-сем сермеген,
Жеңiлiп жаудан көрмеген.
Бұларға да дүние боқ
Екi айналып келмеген,
Пенде бар ма өлмеген?!
Жалғыз өтпес деп едiм
Ыбырай ұлы Смағұл
Ғарапа таудың басында,
Әкесiнiң қасында.
Ата мiндет борышын
Құрмандық болып шалынған.
Әуеден түсiп көк қошқар,
Сол себептен қалынған.
Құрмандыққа қой шалған,
Бұлар да өткен дүниядан.
Байлар өтпес деп едiм,
Қырық түйе кiйіт артқан,
Қайырымсыз Қарын да өттi дүниядан.
Бұл дүние тұрмайды,
Өлiмге себеп болмайды.
Аман болсын артында
Қази менен Қарасай.
Өксiмеймiн Орақты,
Қалғасын екi баласы-ай.

—Ай, Орағым, Орағым,
Құрбысынан артық шырағым!
Айда, айда, ай Орақ,
Айбалтасы қанды Орақ,
Жарау атқа ер салған Орақ,
Емен найза қолға алған Орақ,
Елiн жаудан қорғаған Орақ,
Жай бұлты торлаған Орақ,
Жасынан аруақ орнаған Орақ,
Қайырлы басын қайтейiн,
Аман болсын Қарасай-Қази—қос тұяқ!
Айта берсем сөзiм көп,
Қой десеңдер, қайран көп,
Құр айтудан пайда жоқ.
Орақ, Мамай кетiп артында,
Мен қалад деген ойда жоқ.
Осыменен қояйын,
Елiмдi кеткен жияйын,
Қарасай-Қази қарағым
Тiлегін соның сұрайын.

Шынтемiрдей ханыңнан
Кәрiлiгi кетедi,
Жиырмаға қайта жетедi.
Аппақ болған сақал-мұрт
Тапталып қайта бiтедi.
Сексенге келген шалыңа,
Аппақ қардай ет бiттi,
Нұрланып қайта бет бiттi,
Сақал менен мұрт бiттi,
Жауырын мен сырт бiттi,
Бұғақ пенен ұрт бiттi.

Жетпiске келген Ақтолқын
Жетпiс жасы кетедi,
Он беске қайта жетедi,
Қыз мүшесi бiтедi.
Бойжеттi қайта сүйрiктей,
Кеуiп қалған қос шандыр,
Қайтадан шықты түйнектеп.
Күнi үш айға толады,
Кемпiр жерiк болады.
Қатыр-қатыр қара тас,
Қатырлатып шайнады.
Қызу алып барады,
Көкше мұзға көлбедi,
Қоңыр күздей көрмедi.
Жатыр едi есiлiп,
Қырмызы пешпент шешiнiп.
Түсiне кiрдi бабасы,
Келген екен шамасы.
Кемпiрдiң сөзi дым тәттi—
Алтын кебiс сартылдап,
Ақ маңдайы жарқылдап,
Лашын құстай ыңқылдап,
Қараша құстай сыңқылдап,
Маржан тiсi тiзiлiп,
Раушан көзi сүзiлiп,
Оймақтай аузы бүрiлiп,
Сағағынан үзiлiп,
Исi жұпар аңқыған.
Жанасқан адамның
Тамыры ерiп балқыған.
Шалдың кiрiп қойнына,
Қолын салып мойнына,
Ақтолқын сұлу оятты.
Шалға келiп сөз қатты,
Таңдағы ұйқы тым тәтті.
Ақтолқын сөйлей бередi:
—Басыңды көтер, халық билеген ханым-ау,
Құрттайымнан қосылған,
Тәңiрiм қосқан шалым-ау.
Мен жүрмiн осы күнде неғып-ау?!
Жатқанымнан тұра алмай,
Көсiлген аяқ жия алмай,
Көкше мұзға көлбеймiн,
Үш айлық баланың,
Қызуына шыдамай.
Ақ жүзiктей бiлегiм,
Қабыл едi-ау тiлегiм.
Басылмайды жерiгiм,
Жетi басты айдаһар
Тауып бермей жүрегiн.
Қартайғанда жасарып,
Тiлеп алған балаң-ай,
Түсiмде айтты бабам-ай.
Айдаһар түгіл, кесiрткеге әлiң жетпейдi,
Қайдан iздеп табам-ай?!
Шынтемiрдей ханың-ай,
Қарқ-қарқ күледi.
Қуанғаннан бейшара
Сөйлеп қоя бередi:
—Ой, қатын-ай, қатын-ай,
Жоқ пе едi сен де ақыл-ай?!
Табылмас дүние болмайды—
Аман тұрса қамқорым,
Екi бiрдей батыр-ай.
Шақыртып Қарасайды алады,
Қарасай үйге келедi,
Ханға сәлем бередi.
Қол қусырып әдеппен,
«Шақырдың неге» деп едi
Ханың сөйлей бередi:
—Қарағым, қалқам, Қарасай,
Елiмiздiң панасы-ай,
Саған кiмнiң шарасы-ай?!
Қайтпас қара ақ болат—
Орақтың үлкен баласы-ай!
Сауыт кидiм, бойда жоқ,
Қару iлдiм, қолда жоқ,
Бүйтемiн деген ойда жоқ.
Байтаққа хан атанып,
Балалы болам деген ойда жоқ.
Болыпты ендi тiлегiм,
Бердiң өзiң себебiн.
Шешең жерiк болыпты,
Үш айына толыпты,
Өзiң тауып бере гөр,
Жетi басты айдаһар,
Қарағым, соның жүрегiн.

Тағы оқыңыз