Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қарасай—Қази (15-бөлім)

Қарасай-Қази · Айса Байтабынов нұсқасы · 3 мин оқу

Аяғында жазыпты
Ханы ғой деп маған да.
«Мұсылмандыққа көндiң,—деп,
Ноғайға бала бердiң,—деп.
Тесiктегi Қызылбас—
Олар келсе жан қалмас.
Астарында бедеу ат,
Қолдарында ақ алмас.
Ай, солар шабатын болды менiң елiмдi,
Қиятын болды желiмдi,
Көрсететiн болды көрiмдi,
Дос болсаң, Қарасай-Қази,
Сол жауыма барып кел.
Қайырлы болсын асыңыз,
Құшақтасқан досымыз,
Сол жауыма бармасаң,
Осы жауды алмасаң,
Барса туырлығымды тоқым қылады,
Керегемдi отын қылады,
Қызымды қатын қылады,
Қатынымды жесiр қылады,
Баламды жетiм қылады,
Төгедi [қызыл] қанымды,
Шығарады жанымды,
Талап алад малымды,—
Хатында айтып жалынды.
Хатын оқып, хан Әдiл
Қарасайға сөйледi:
—Барамысың, Қарасай,
Бармаймысың, Қарасай,
Елiмiздiң ағасы-ай,
Ноғайлының панасы-ай?!
Қарасай сонда сөйледi:
—Қарағай садақ қырық кез оқ,
Буынып алсам белге тоқ,
Жау десе менде қайғы жоқ.
Достан хабар келгенде,
Досқа зәбiр тигенде,
Бармай батыр тұрар ма,
Бармаған батыр оңар ма?!
Қорыққан соң зарланып,
Хат жазған шығар Темiрхан.
Көп жиналған құралға,
Кел, баралық,—деп едi.
Қу Қази сонда сөйледi:
—Бәйбiше тағар түймесiн,
Көпестер жегер күймесiн,
Сендердiң тентек болғаның—
Кесiрiң елге тимесiн.
Атаңа нәлет ит қалмақ
Алдап жұмсап жүрмесiн.
Бәрiңiз кетiп далаға,
Кесiрiмiз тимесiн
Ауылдағы қатын-балаға.
Атаның жауы дұшпанға,
Дұшпанға кiсi нана ма?!

Сонда Қобылан сөйледi:
—Қареке мiнген Тайқара ат,
Жорға емес жортақ-ау.
Ер Орақтың әруағы,
Бәрiмiзге де ортақ-ау.
Қанша айтсаң да Қарасайды айт,
Қайғышыл Қази қорқақ-ау!
Сонда Қарасай сөйледi:
—Ылди қандай, ор қандай,
Шаңқан қандай, боз қандай,
Сендер қандай, мен қандай?!
Кiл ақылсыз, сор маңдай,
Ал жүремiн десең, жүре ғой!
Ақ түйе сойып, ант еттi,
Көкiрекке ұрды Құранды,
Аузына алды Құдайды.
Қырымнан шыққан қырық батыр,
Бәйгеге атты шаптырмай,
Жарауымен мiнелiк,
Қалмақты шауып келелiк,
Сөйдедi де жөнелдi.
Қази сонда толғады:
—Мен аулыма барамын,
Шешемнiң құлағына саламын,
Бар десе шешем барамын,
Барма десе қаламын.
Кiлең тентек, кесiр-ай,
Қыларсыздар баланы жетiм, қатынды жесiр-ай,
Осы iстерiң оңбайды,
Көңiлiме қонбайды.
Қарасай, Қобылан қосылса,
Елдi шаппай қоймайды.
Шынтемiрдiң Әдiлi
Әскер басы болады.
Он екi айлық жерiне,
Алты айшылық шөлiне,
Қызылбас Барса ханның елiне
Кiлең тентек жөнелдi.
Жөнелгенде кiм кеттi,
Кiлең жайсаң ер кеттi.
Ер кеткенде кiм кеттi,
Қарақыпшақ ер Қобылан,
Тор бестi атпен бұл кеттi.
Мың қаралы қол жүрдi,
Ахмет батыр сол жүрдi.
Телағыс батыр бұл жүрдi,
Құбығұл батыр бұл жүрдi.
Қару-қапшық бойда жоқ,
Тiптi, өлiм деген ойда жоқ,
Әуез тентек бұл жүрдi.
Төрт жерден туын байлады,
Әдiл әскерiн алысқа айдады.
Жүрейiн деп тұрғанда,
Әдiлмен бiрге туысқан,
Маржан тiсi тiзiлiп,
Раушан көзi сүзiлiп,
Ақ маралдай керiлiп,
Аш күзендей бүгiлiп,
Iшi оттай күйiнiп,
Қабырғасы сөгiлiп,
Қарындасы Ылия,
Әдiлге келдi жүгiрiп.
—Тауға бiткен андызым,
Маңдайдағы құндызым,
Аспанда шолпан жұлдызым,
Әпекемдi аңыратып,
Мен сорлыны зарлатып,
Қай жаққа кетiп барасың,
Халық билеген жалғызым?!
Әскерiң жауға бармай ма,
Сенен бөтен батыр көп,
Әскер басы болмай ма?!
Әскерiн жауға жiберiп,
Хан үйiнде қалмай ма?!
Сонда Әдiл сөйледi:
—Сең-сең деме, сең деме,
Едiлден көшкен ел деме.
Қарағым, қалқам, бауырым,
Құр далаға сөйлеме.
Сапар еткен жерiнен,
Қайтама екен ер неме?!
Қайтатын қатын мен деме!
Мен әуелi айтпаймын,
Айтқанымнан қайтпаймын,
Саған неге тоқтаймын?!
«Қош, аман!» деп күлiсiп,
Әзiлдесiп, сөйлесiп,
Хан нөкерi жөнелдi.
Қази үйге келедi,
Кейiгенде Қазидың,
Бетi-аузы қисайып,
Екi көзi қызарып,
Аузынан көбiк бұрқырап,
Аспанға атып зырқырап,
Ажары кетед,—деп едi.
Кейiгенiн Қазидың
Қараүлек тұрып бiледi,
Қараүлек сөйлей бередi:
—Жылқы iшiнде аласың,
Халық үшiн туған баласың.
Шамырқанып, шамданып,
Буырқанып, бусанып,
Қарағым, қайда барасың?!
Сонда Қази сөйледi:
—Айналайын анам-ау,
Тiптi ақылсыз болды ғой
Қарасай деген балаң-ау,
Мен де келдiм саған-ау.
Барса деген қалмаққа,
Әскер жинап барам-ау,
Барайын ба, анам-ай?
Бармайын ба, анам-ай?
Өзiң айтшы маған-ай.
Сонда кемпiр толғады:
—Табанда, табан, табан жол,
Тәңiрi оңдаса аман жол,
Оңдамаса жаман жол.
Талай батыр барған жер,
Ала алмай онан қалған жер.
Әкең Орақ ала алмай,
Тәуекел қылып бара алмай,
Сол Орақтан қалған жер.
Тәуекел бәрiң еткен соң,
Әскердi жинап кеткен соң,
Неғыл дейiн саған-ай,
Барсаң баршы, балам-ай!

Тағы оқыңыз