Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қарасай—Қази (23-бөлім)

Қарасай-Қази · Айса Байтабынов нұсқасы · 2 мин оқу

Құлдар жаман есiрдi,
Елге салды кесiрдi.
Атқа салды тоқымды,
Елге жүргiзем деп үкiмдi,
Ылиядай сұлуға
Құлдар қолды салады.
Қорғай қойса, шешесiн
Керегеге таңады.
Ылия бiр күн толғады:
«Кел, кетелiк, кетелiк,
Қайырсыз болған дәулеттi,
Бiз қайырлап не етелiк?
Ақтолқын мен Ылия,
Иесiз қалды мал мен мүлiк, дүния,
Ордадан қашып жөнелдi.
Келе жатса екеуi,
Келе жатыр қос қара,
Атасы әйел демесең,
Ылия өзi ер едi,
Ақылға терең неме едi.
Алыстан болжап Iлия,
Сөйлей қоя бередi.
Жаман қар қыз, ант ұрған,
Қайғылы жүрек қан тұрған,
Аман екен Орақтың екi баласы.
Ұрған Құдай бiздi ұрған,
Түс ауған соң кеш екен,
Еңбегiмiз еш екен,
Жалғызға Құдай өш екен.
Қалғаны ғой жұбайым,
Басыма түстi уайым,
Қалайша күндi көремiз?!
Туысқан, тума жоқ едi,
Бiз қасқада ағайын.
Ағайын, тума құрысын,
Жалғызымның жолына
Күйейін де жанайын.
Қарасай салып келедi,
Ылияны көредi.
Ақ көңiл туған ер едi,
Аңырай қоя бередi.
Сонда Ылия сөйледi:
—Қолыма алдым шарайна,
Қылыш, мылтық, бар найза,
Аманат қылған жалғызым,
Қарасай, қасыңдағы хан қайда?
Айта алмайды Қарасай,
Жылай бередi еңкiлдеп,
Тұла бойы селкiлдеп.
Сонда Қази сөйледi:
—Өлген жоқ балаң, тiрi-ау,—деп,
Алып келем мен-ау,—деп,
Келгенше балаң бағамын,
Бабыңды кемпiр табамын,
Дұшпаннан кегiңдi аламын.
Атымды болса аунатып,
Өзiм болсам қунаймын,
Есiмдi әбден жинаймын.
Қайта айналып барамын,
Әдiлдi жаудан аламын.
Әдiлдi таққа мiнгiзiп,
Бақыттың отын жағамын.
Сонда Ылия сөйледi:
—Өтедi бастан сұм жалған,
Ажал келсе кiм қалған?!
Iшiмде бар көп арман,
Тiптi, есiмнен кетпейдi,
Құлдың қолды салғаны,
Әжемдi керегеге таңғаны.
Мiнбесiмдi мiнгенi,
Кимесiмдi кигенi,
Құлдың зәбiр бергенi.
Қарасай өзi ер едi,
Жылқыға қарап жөнелді.
Түсе қалып көк аттан,
Кемпiрдi мiнгiзiп,
Аулына алып келедi.
Құл да түстi көрiптi,
Қарасайдың келетiнiн бiлiптi.
Құйысқан жетпес құлаға,
Айыл жетпес алаға
Мiнiп алып кiлең құл,
Қашқан екен далаға.
Мәстектерi болдырып,
Тас бұлақтың қасында,
Шұбар төбе басында
Отыр екен жиылып.
Қарасай жетiп келедi,
Құлдар еңiрей бередi.
Қол бастығы Құлтай құл,
Сөйледi сонда деп едi,
Сөйлегенде не дедi?
—Айналайын, Қарекем,
Көрмейiм бе деп едiм?
Көретiн күн де бар екен.
Жаныса болат өтедi,
Жалынса, жақсы кешедi.
Бiр бiлместiк iстедiк,
Кешсеңiз нең кетедi?!
Үндемейдi Қарасай,
Аулына айдап жөнелдi.
Ылияға алып келедi,
Келе сөйлей бередi,
Сөйлегенде не дедi:
—Әй, Ылия, Ылия
Бiлмедi ме бұлыңды,
Шашты ма сенiң бұлыңды,
Бермедi ме тынымды?!
Неғылсаң да өзiң бiл,
Алып келдiм тоқсан құлыңды!
Құл өлтiрсе, сән кетед,
Сән кеткенде мал кетед,
О да бiзге қиынды.
Қази шықты қуанып,
Орақ пышақ қолға алып,
Екi бiлек сыбанып,
Құлға салып келедi.
Ылия толғай қоя бередi:
—Айналайын, Қареке,
Халық үшiн туған, ағеке,
Мына құлды өлтiрсек,
Уақытсыз қаза келтiрсек,
Бiзге жұрттар күлмей ме?!
«Әдiлдiң өшiн құлдан алдың»,
Деген сөзі тимей ме?!
Оспадарсыз оданы,
Құлға жана сөз айтсаң,
Жайына қарап жүрмей ме?!

Қарасай-Қази

Барлығы: 180 жыр

Тағы оқыңыз