Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қарасай—Қази (13-бөлім)

Қарасай-Қази · Айса Байтабынов нұсқасы · 3 мин оқу

Шақырып Қарүлектi алады,
Кемпiрден ақыл сұрады,
Қарүлек сонда сөйледi:
—Iшiңдегi ер екен,
Еңiреген ердiң бiрi екен.
Сырты шойын, сүйегi темiр,
Дүзi жарқын, өзi алтын,
Билер халқын.
Жайшы деген кемпiр бар,
Шақырт та ендi соны ал.
Жайшы кемпiр келмесе,
Жайшы жайын бiлмесе,
Бiле алмадым мен,—дедi.
Қарүлек тағы сөйледi:
—Ай, Қарасай, Қарасай,
Арыстан туған жiгiттiң
Елге тиер пайдасы-ай.
Үмiтiн үзiп жүргенде,
Жеңгең менен ағаңның
Сағынып көрген баласы-ай.
Жайшы кемпiр келмесе,
Туа алмайды-ау шамасы-ай.
Қарасай, атқа мiн,—дедi,
Белiңе қару iл,—дедi,
Қақпақты таудың астында
Жайшы дейтiн кемпiр бар,
Жылдам алып кел, дедi.

Қарасай атқа мiнедi,
Осы іштегі балаға
Тiлектес болып жүредi.
Қақпақты жауға жөнелдi,
Күндiз-түнi шабумен,
Он бес күн кәмiл толғанда,
Қақпақты деген тау екен,
Қақпақты таудың астында
Жайшы кемпiр бар екен,
Күркесiн кемпiр көредi,
Қарасай салып келедi,
Кемпiрге сәлем бередi.

Сонда кемпiр толғады:
—Қабағыңа болайын,
Қайтпайтұғын ерсiң-ау.
Қияпатыңа болайын,
Асылдан туған шерсiң-ау.
Хан Мамайдай қабақты,
Жауырың жалпақ, кеудең кең,
Сенiң өзiң кiмсiң-ау?!
Қарасай сонда сөйледi:
—Мен, мен, мен едiм,
Мен болғанда кiм едiм—
Ноғайлы деген ел едiм.
Атамның атын сұрасаң,
Едiге сұлтан, Нұрадын.
Әкемнiң атын сұрасаң,
Орақ пенен Мамай-ай,
Өзiмнiң атым—Қарасай,
Қарасай деген мен едiм.
Iздегенiм сен,—дедi,
Үлкейген ханым бар едi,
Балаға тым-ақ шөл дедi.
Баласын кемпiр туалмай,
Тууға себеп бола алмай,
Менi саған жiбердi,
Жанынан қорқып шыдамай.
Сонда кемпiр сөйледi:
—Су iшiнде тортамым,
Ақ қайраңдай жортамын,
Бармас едiм, Қарасай,
Негiздi тұқым ер едiң,
Әруақтан қорқамын.
Мына қырдың астында,
Атым бар, атымды алып кел,—дедi,
Қарасай шауып жөнелдi.
Жетiп келсе, Көкшолақ—
Мойынында жалы жоқ,
Борбайында қоңы жоқ,
Тастаған тiптi жүнi жоқ,
Адам көрер сыны жоқ,
Қарны болса қабақтай,
Бұты болса таяқтай,
Жал-құйрығы түсiптi,
Арқадан iрiң тамып тұр,
Арқадан аққан iрiңi
Тұқайынан барып тұр.
Қалың шыбын гуiлдеп,
Арқаның үстiн алып тұр.
Шолақ құйрық, қылы жоқ,
Жеткен жерiн қағып тұр.
Қарасай атты көреді,
Ұстап алды деп едi,
Атты көрiп күледi,
«Өзi арық, өзi кәрi, өзi жауыр,
Несiн мiнед, деп.
Мұнымен қалай жүред, деп
Қара атқа қалай еред, деп».
Кемпiрге алып келедi.
Желқомды ердi салады,
Таңғышпенен таңады.
Жiп қамшыны қолға алып,
Кемпiр мiнiп алады.
Әрi-берi жүрген соң,
Манағы жауыр көк мәстек—
Төрт аяғы қара алтын,
Кесер басы сары алтын,
Үстiндегi түгiнiң
Жары күмiс, жары алтын
Ауыздығын шайнады,
Екi көзi жайнады.
Басын тартса, тұрмады,
Ортекедей ойнады.
Басын тартса құрғырдың,
Бөксесi кеттi қырындап.
Жүре-жүре бұл кемпiр,
Бөдене болып жөнелдi,
Аспанмен ұшып пырылдап.
Мазақ қылған Қарасай,
Қылпын көрмей қалады,
Бай Орақтың баласы-ай.
Кемпiрдiң аты гуледi,
Кемпiр сонда сөйледi:
—Аулыңа барып қайтқанда,
Орта жолда келерсiң,—
Дедi де, кемпiр жөнелдi.
Тамаша қылып Қарасай,
Қарай бердi деп едi,
Кемпiр үйге кiредi,
Ақтолқынды көредi.
Қатындар отқа май салған,
Сонан қалды деп едi.
«Қарасай батыр келсiн деп,
Еңбек еткен ер едi-ау,
Еңбегi тым-ақ көп едi-ау,
Туғанын өзi көрсiн»,—деп,
Ханның алтын телпегiн
Кемпiр киiп жөнелдi,
Орта жолда Қарасайға қайтып келеді.
Қарасай кемпiрдi ұстады,
Ауылға бармай қайттың,—деп.
Жәдiгөй кемпiр екенсiң,
Тiптi, өтiрiк айттың,—деп.
Жiбермеймiн мен,—дедi,
Алдағаның нең?!—дедi
Сонда кемпiр сөйледi:
—Ханның алтын телпегiн,
Нанбасаң, мiне, көр,—дедi.
Туатұғын бұл бала,
Өзiңнен де артық ер,—дедi.
Дүбiрiн көрмей тұлпардың,
Туа алмайды бұл бала.
Аулыңа бар,—дедi,
Әскерiң жинап ал,—дедi,
Жауда келiп қалды,—деп,
«Аллалап» ұран сал, дедi.
Сонда бала туады,
Дауасы сонан болады.

Тағы оқыңыз